дойбы ойнап отырдық. (Б. С.) 2)
Біз жаңа жылға дейін амалдап сабақ жүргізіп келдік. (Мах. М.) 3) Ж
ақып өз бөлмесінде жантайып газет оқып жатыр (Ғ. М.) деген
сөйлемдердегі
дойбы, сабақ, газет сөздері етістік баяндауышқа тіркесе
айтылып тұрғандықтан, бұларға табыс септік жалғауының қосымшасы
жалғанбай, табыс септіктің жасырын түрі қолданылып тұр.
Табыс септік жалғауының ашық түрі мына сияқты жағдайда колданы-лады:
1) табыс септік жалғауында тұруға тиісті тура толықтауыш жалпы есім сөзі
болып, етістіктен болған мүшеге тіркесе айтылып тұрса да, оның алдында
өзіне қатысты анықтауышы болып, дәлелденіп тұрса, табыс септік жалғаудың
ашық түрі қолданылады. Мысалы: 1)
Оның орнына директор бізді мына саманды жинаңдар деп жіберді. (Б. С.) 2) Менің ол өсиетті ұғынар жайым жоқ. (Ғ. Мүсір.) 2) Табыс септік жалғауында тұруға тиісті жалпы есім сөзі мен оны мең-
геретін етістіктен болған мүшенің арасында өзге сөз айтылса, табыс септік
жалғауының ашық түрі қолданылады. Мысалы: 1.
Көзі әлі кетпеген, газетті көзілдіріксіз оқып жатыр. (Ғ. М.) 2. Осы кезде бақташылар малды өрістен айдап келді. 3) Табыс септік жалғауында тұруға тиісті жалпы есім сөзі тәуелдік
жалғаулы болып келсе, әрқашан да табыс септік жалғауының ашық түрі
қолданылады. Мысалы: 1.
Әулиеқыз әңгімесі тербеп басын көтеріп алды. (Ғ. Сл.) 2) Баймақан адамдарының тізімін алып үлгерді. (Ғ. М.) 3)
Жиендігіңді істеп, менің бір