Қазақ тілі лексика, фонетика, морфология мен синтаксис


Бөлек жазылатын шылаулар мыналар



Pdf көрінісі
бет254/406
Дата13.06.2022
өлшемі3,22 Mb.
#146458
түріОқулық
1   ...   250   251   252   253   254   255   256   257   ...   406
Байланысты:
Қазақ тілі окулық Абуханов-лексика

Бөлек жазылатын шылаулар мыналар: 
дейін, шейін, соң, кейін, ғой, 
ғана, үшін, арқылы, туралы, қарай, таман, шақты, шамалы, жуық, әрі, 
бері, басқа, бұрын, гөрі, сайын, мен, бен, пен, және, да, де, та, те, бірақ, 
дегенмен, алайда, сонда да, өйткені, сондықтан, не, немесе, не болмаса, я, 
яки, бірде, кейде, әлде, құй, мейлі, ше, ма, ме, па, пе, ба, бе.
Дефис (-) арқылы жазылатын шылаулар мыналар: 
ау, ақ

ай, мыс, міс, 
ды, ді, ты, ті.
Сұраулық шылаулар және 
ақ, да 
шылаулары кейде жалғаудан бұрын 
келеді. Ондайда шылау косылып жазылады. 
Ма, ме, ба, бе, па, пе 
шылаулары 
-
мы, -мі, -бы, -бі, -пы, -пі болып 
өзгереді. 
Сен кітап 
оқимысың
. Әңгімені 
келістіріп 
айтады ақсың.
 Мен 
оқушыдамын, қызметкердемін

Тақырып бойынша сұрақтар: 
1)
 
Қандай сөздерді шылау сөздер дейді ? 
2)
 
Шылаулар мағынасы мен сөйлемдегі қызметіне қарай нешеге бөлінеді? 
3)
 
Қандай шылауларды септеулік шылаулар дейді? Септеулік шылауларға 
қандай сөздер жатады? 
4)
 
Қандай шылауларды демеулік шылаулар дейді? Демеулік шылауларға 
қандай сөздер жатады? 
5)
 
Қандай шылауларды жалғаулық септеулік шылаулар дейді? Жалғаулық 
шылауларға қандай сөздер жатады? 
6)
 
Жалғаулық шылаулар өз ішінен нешеге бөлінеді? 


137-жаттығу. 
Мына сөйлемдерді көшіріп, жакша ішінде берілген шылау болса, 
бөлек жазыңдар да, септік жалғауларының косымшасы болса, бірге жазындар. 
1.Шаңғышылар алды (мен) аудан (да) Жорға тау (мен) Шұбар айғыр 
тауларының картасын жасап алды. 2. Осылардың сақтану қамы ескеріліп, 
керекті кұралдар (да) алды.
(С. Б.)
3. Содан соң машинаны токтаттык (та)
жаяу жүрдік.
(С. М.)
4. Қазақ (пен) Қоқан болып кездескен бір үлкен аста 
Ырғызбайдың бас балуанға түсіп, Қоқанның коңыраулы балуанын жығып, 
бесік жамбы алғанын айтады. 
(М. Ә.) 
5. Әбіш (пен) жақсы шырайда 
амандасқан Дәркенбай ісін тоқтатқан жоқ. 
(М. Ә.) 
6. Мирон Павлович оны 
(мен) амандасқан (да), қоштасқан (да) жоқ. 
(Ә. Ә.) 
 
138-жаттығу. 
Шылауларға жалпы талдау жасаңыздар. 
Қарамоланың жәрмеңкесі түгіл, елі мен жерін бірдей билейтін Елемеспен 
құда болу Молдажанға да теріс көрінбейді. Әрі баласы Төлеубек болыс, қала-
даламен бірдей байланыста, ұлық атаулымен бастасып - аяқтасып жатқан соң, 
кісілікті де уысынан шығарғысы келмейтін Молдажанның ойлағаны табылды ( 
К. О.). Өзінен жасы үлкен ағалары да, болыс сайланып, ұлықтыққа қолы 
жеткен оқыған баласы Сіләл да бар. Олардың бәрін былай қойып, сөз кезегін 
берер ретін білмеген-ді.Тәрізі, жолдастары көніп тұр ма, деді-ау деймін ( К. 
О.). Ерінбей еңбек етсең, шындап егер, тікен де гүлге айналып шыға келер ( 
Сағди ). 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   250   251   252   253   254   255   256   257   ...   406




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет