Қазақ тілі лексика, фонетика, морфология мен синтаксис



Pdf көрінісі
бет253/406
Дата13.06.2022
өлшемі3,22 Mb.
#146458
түріОқулық
1   ...   249   250   251   252   253   254   255   256   ...   406
Байланысты:
Қазақ тілі окулық Абуханов-лексика

сондықтан 
сіздің үкіміңізге енді орын қалмаған да болар. (Ә. Ә.) 2. Ал мына 
оқиға назар аударарлық оқиға болып отыр, 
өйткені 
сәби туғанға дейін 
анасының құрсағының өзінде өсе бастаған. («Окт. т.») 
Бұл сөйлемдердегі 
сондықтан, өйткені 
деген шылаулар екі сөйлемнің арасын байланыстырып, 
олардың бірі себебі, екіншісі соның нәтижесі, салдары екенін көрсетіп тұр. 
136-жаттығу.
 
Мына сөйлемдерді көшіріп, шылаулардың астын сызыңдар. Олардың 
түрлерін айтыңдар. 


237 
1.
Ескі
 
машиналарды тез жөндеңдер, әзір тұрсын деп мына кісіге 
мұнан бес күн бұрын қақсадым, күні бүгінге дейін бір де-біреуі жөнделмепті. 
(Ә. Ә.) 2. 
Бұл қағаз келгенде, Абайдың айналасындағы топ сескеніп қалып еді, 
бірақ Абай қынжылған жоқ. 
(М. Ә.) 
3. Сибирь мен Қазақстанның тың және 
тыңайған жерлерін игеруге Отанның тұс-тұсынан жұрт аттанып жатқан шақ. 4. 
Балалық шақта еңбек те, ермек те болған қозылар мен лақтардың, қой-
ешкілердің арасында асыр сап ойнаулары бізді қызықтырып жіберді. 
(С. М.) 
5.— Қуатым Сәтжан-ау, қайда болдың, аман барсың ба?—деп, ана лебізімен 
қарсы алды. 
(С. Бег.) 
6. Бірде қатты, бірде рақымшыл, бірде ауыр, бірде жеңіл 
сезімді көбінесе ақылға жеңдіретін ойлы қыз екенін істес адам тез-ақ түсінетін. 
(Ғ. М.) 
7. Біресе жаңбыр себелейді, біресе қар ұшқындайды. 
(Ғ. Мұсір.) 
8. Осы 
мақтанышымды жеткізу үшін Раушанның жүзіне жалт етіп бір қарағаным ғана 
есімде, одан әрі не болғанын білмеймін. 
(Ә. 
С.) 
§ 96. Шылаулардың емлесі 
Шылау сөздердің басым көпшілігі өздері байланысты толық мағыналы 
сөздерге тіркесіп бөлек жазылады да, бірқатар шылаулар өзі қатысты сөзбен 
дефис арқылы бөлініп жазылады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   249   250   251   252   253   254   255   256   ...   406




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет