жақсылық дейтін жас бала жігіт.5) Арамдық мінезге қаны қайнағандардың бірі
Әміржан.Өтебай ауылнай. Құдайқұл қажының Кәкіші хатшы. (Б.М.).
157-жаттығу.
Сөйлемдердің бастауышы мен баяндауышын ажыратыңдар.
1.Ісіміздің қарқыны мен көлемін айқындау үшін бір ғана салыстыруды
келтірсек те жеткілікті ( Ғ. М. ). 2. Шеген аға, бақшаға барсам қайтеді ?
( Ғ. М. ). 3. - ... Бұл үйде шолпы тағарлық екі-ақ кісі болуға лайық . ( Ә. Ә. ).
4. Бұланбайды танып, лайықсызданып та қалған сияқты ( Ғ. М. ). 5. Осынша
кең үйге жиналған жүк те жоқ. Бұл-дүниелік үю үшін емес, иесінің рахаты
үшін жасалған үй. Бұхара, Хиуа арқылы келдік, бүгін ғана қолға ұстандық деп
тұр. 6. Күміс жапқан төрт адалбақан екі-екіден бөлініп, екі босағаға жақын
орнапты. Табалдырықтан бастап төрге дейін төселген түкті кілемдер
табаныңнан тартып былық-былық етеді ( М. Ә. ).
Достарыңызбен бөлісу: