Қазақ тілі лексика, фонетика, морфология мен синтаксис


екем.  3) Сол трубаны қоршап  жатыр  ауылдар



Pdf көрінісі
бет325/406
Дата13.06.2022
өлшемі3,22 Mb.
#146458
түріОқулық
1   ...   321   322   323   324   325   326   327   328   ...   406
Байланысты:
Қазақ тілі окулық Абуханов-лексика

екем.
 3) Сол трубаны қоршап 
жатыр 
ауылдар. 
(Ғ. М.)
Бұл сөйлемдердегі 
Мейрам, екем, ауылдар 
деген бас тауыштар 
баяндауыштан кейін айтылып, сөйлемнің аяғында келіп тұр.
ә
) 1) Еріксіз бұрылды қоңыр 
үйге
(Ғ. М. ). Мейрам қатты риза болып 
шықты 
Боқайға
. ( Ғ. М.). Кәкітайды жығып бердіңдер ме 
шынымен?
 (М. Ә.).

Бұл сөйлемдерде 
үйге 
– мекен пысықтауыш, 
Боқайға –
жанама толықта-
уыш, 
бізді 
– тура толықтауыш
шынымен
- сын-қимыл пысықтауыш. Бұлар 
өздерін меңгеріп тұрған етістік баяндауыштардан кейін айтылып, сөйлемнің 
соңында келіп тұр.

 

171-жаттығу.
 
Мәтінді окып шығып, сөйлемдегі сөздердің өзара байланысын 
көрсетіңдер де, олардың сөйлемде орналасу тәртібін айтып беріңдер. 
Әлі шам жағылған жоқ, жұрттың көбі тыста мал жайлап жүр. Шығыс 
жаққа қараған терезенің алдында қос тізерлеп, екі шынтағын тізесінің алдына 
салып, иегін қолдарының үстіне қойып Абай отыр. Бұдан басқа оң жақта, жер 


297 
төсектің үстінде, бала уатқан Зере бар (М.Ә.). Кенет күркенің іші суып 
кеткендей болды. Топ ортасына енгенде, Ақан сытылып шетке шықты (З.Ш.). 
Жұрттың бәрі қос маңына шоғырлана қалған екен. Сенің ешқандай басы 
байлы адамың жоқ, адамдардың бәрі де атаманның қол астында. Мезгіл 
қыстың басы емес, көктем таяп келеді (Ә.С.). Мүкарама бұрыштағы үлкен 
айнаның алдына барып, шашын түзеп жатыр (Х.Е.). Баланы артына міңгестірді 
де, қойды алдына салып, ауылға айдап келді (З.Ш.). 
 
172-жаттығу. 
Мына сөйлемдердің ішіндегі сөйлем мүшелерін сөйлемнің жалпы 
мағынасын және сөйлем мүшелерінің дағдылы орын тәртібін бұзбастай етіп, орын 
алмастырып қайта құрыңдар. Сөйлем мүшелеріне талдаңдар. 
Үлгі: 
Салтанат оқып отырған кітабын столға қойды. Оқып отырған 
кітабын Салтанат столға қойды. Оқып отырған кітабын столға Салтанат 
қойды. Столға Салтанат оқып отырған кітабын қойды.
1) Салтанат оқып отырған кітабын столға қойды. 2) Терезе түбінен әтеш 
шақырды. 3) Ол терезеден көзін тайдырып әкетті. 4) Машина шамын жағып 
көпірге түсті. 5) Салтанат оның не айтқанын естімеді. 6) Салтанат көпір 
аузында бөгелместен үйіне келді. 7) Бегәлі қазір кеңседен қайтып келеді. 8) 
Лаборант қыз оған даралап жауап қайырмады. 
(Р. Ә.)


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   321   322   323   324   325   326   327   328   ...   406




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет