Қазақ тілі лексика, фонетика, морфология мен синтаксис


Қайталауға арналған жаттығулар



Pdf көрінісі
бет399/406
Дата13.06.2022
өлшемі3,22 Mb.
#146458
түріОқулық
1   ...   395   396   397   398   399   400   401   402   ...   406
Байланысты:
Қазақ тілі окулық Абуханов-лексика

Қайталауға арналған жаттығулар 
211-жаттығу.
 
Мәтінді оқып шығып, жай сөйлемдер мен құрмалас сөй-лемдерді 
ажыратыңдар. Құрмалас сөйлем болу үшін керекті белгілерді айтып беріңдер. 
Жазғы түн өлі даланы күзетіп жалғыз қалғандай. Егін маңайында ән де 
жоқ, бақша арасында күлкі де жоқ, иесіз қалған поселкелерде үн де жоқ.
Қалың түскен шықта жосылып жататын із жоқ. Әні мен сәнінен 
айырылып, жас жесірдей мұңайған жазғы түннің өзі ғана қалыпты. 
Алыста қалған жолдармен әлі ағылып жатқан жұрт дыбысынан біз де 
кұлақ үзбей келеміз. Бұл өңірдің тұрғын халқы түгел жол бойында. Дағдылы 
еңбек шарасынан шығып қалған күйінішті жұрт оңай ашуланысып қалып
оңай айқайласып қалып келеді. 
Бұл түнде бізден асығыс келе жатқан адам болмасқа керек. Бірақ тура 
жолмен жүре алмай, қайдағы қалтарыстарды іздеп, бұраң жүріп келеміз. 
Шығысқа қарай ағылған жұртқа қарсы жүру мүмкін емес. Бұл жұрттан 
ығыспай-ақ, қабырғаласып кете берер ең, ол жұрттың ішінде жаудың 
барлаушылары келе жатпағанына кім кепіл? Жауды аңқау көру — өз 
аңқаулығың болады. Осындай қалың жұрт батысқа қарай бара жатса, сол 


көптің бірі боп, біз қандай оп-оңай араласып кете берер едік! Сол сияқты сырт 
киімді өзгертіп киіп, жаудың барлаушылары да қаптап-ақ араласып келе 
жатқан болу керек. Жолға жоламауымыздың себебі де осы. 
(Ғ. Мүсір.) 
212-жаттығу

Мәтінді оқып шығыңдар да, құрмалас сөйлемдерді
тауып, олардың түрлерін ажыратыңдар. 
Әбдірақыман школды бітіргенде, дабысы жер жарды. Өте зирек болғаны 
ғой, учительдері де мақтаса керек. Дуандағы начальник «тілмаш» бол деп 
өтінген екен, болмай елге келді. Нақ сол кезде болыстың писары өліп
писарьсыз тұр еді. Әбдірақыманға писарь бол деп жабысты, оған да болмады. 
Жамантық болысындағы бір байдың школына барып бала оқытты. Содан бері 
қыс сонда бала оқытып, жаз елде болады. Сол жылы июньнің бас кезінде келіп 
еді. Содан бері Әбдірақыманды көргенім осы, ол «Маған көріспейсің бе?» деп, 
қалжыңдады. Әзілдесіп үйге кірдік. Төр алдында Қожабай әңгімені көпіртіп 
отыр екен, бізді көрген соң жым болды. 
Үй ішімен Әбдірақыман тегіс амандасты, Есімбек бай онша жақсы 
көрмеген адамның қалыбын істеді. Бұрынғы сөздерін тастай беріп, «оқығандар
анау, оқығандар мынау болады» деп, шатпа тілге айналды. Мен ғажапқа 
қалдым. Артынан Әбдірақыманнан себебін сұрасам, өткен жылы бұрынғы 
қалыбымен, күзгі астыққа бай киізін сатқанда, Әбдірақыман тілін алар 
адамының біріне де алдырмапты: «Әзір асығып екі бағасына алғанша, 
астықтарыңды жиып алған соң, шалқайып отырып жарты бағасына 
аласыңдар» деп. Әбдірақыманның тілін алғандар бірталай пайда қылыпты. 
«Мені олжамнан қақты» деп, байдың тырысып отырғаны сол екен. 
(Б. М.) 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   395   396   397   398   399   400   401   402   ...   406




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет