Оқулық Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі алматы, 2014 Ә. Ізтаев, К. Б. Байболов


Жарма концентраттарын сақтау және тасымалдау



Pdf көрінісі
бет136/161
Дата14.06.2022
өлшемі16,75 Mb.
#146530
түріОқулық
1   ...   132   133   134   135   136   137   138   139   ...   161
Байланысты:
(K)Ізтаев Ә. Жарма және жарма концентраттары технологиясы

Жарма концентраттарын сақтау және тасымалдау. 
Жарма кон
-
центраттары, басқа да көптеген ылғалдығы төмен өнімдер сияқты, кез 
келген арақашықтыққа оңай тасымалданады. Алыс арақашықтықтарға 
концентраттарды тасымалдау үшін қорап ретінде, фанера немесе ағаш 
жәшіктер, кейде қатпарлы картоннан жасалған қорапшалар қызмет 
атқаруы мүмкін. Қала ішінде тасымалдау кезінде крафт қағаз немесе 
полиэтиленмен қаптау рұқсат етіледі. Кез келген ыдыс қорап тұтастығы 
мен деформациядан бүлінуден қорғауы қажет. Көлік құралдары өнімді 
ылғал түсуден қорғауы керек.
Концентраттарды сақтау шарты дәнді өңдеу өнімдерінің барлық 
түрлеріне жалпы бірдей – бөлме таза, құрғақ, ауаның салыстырма
-
лы ылғалдығы – 70­75%­н артық емес, бөгде иістерсіз, температура
-
сы мүмкіндігінше төмен (шамамен 0
0
С), бірақ 20
0
С­н жоғары емес бо
-
луы қажет.
Жарма концентраттарын сақтау кезінде жүретін үдерістер, термиялық 
өңдеу дәрежесімен негізделген. Көп жағдайда, өнім ферменттері 
белсенді емес
,
олардың сапасы төмендеуі негізінен ауа оттегісімен және 
карбониламидті реакция (меланоид түзу) есебінен жүреді.
Концентраттардың бөтен дәмі мен иісінің пайда болуы және түсінің 
қараюы липидтердің қышқылдану нәтижесінде болады. Концентрат 
майының ащылануы жылдамдығы мен дәрежесі шикізат табиғаты мен 
жаңалығына, қосылған май түріне, қорап өткізгіштігіне және сақтау шар
-
тына байланысты. Бөлменің сақтау температурасы көтерілсе, майдың 
қышқылдану жылдамдығы өседі.
Концентраттардың қараюы және бөгде иіс пен дәмнің пайда болуы ре
-
дуциялы қант пен аминқышқылы қатысуымен меланоидтүзілуі есебінен 
жүруі мүмкін. Карбонильді реакция жылдамдығы температура мен өнім 
ылғалдығына байланысты. Ол температура 25­30% және ылғалдығы – 
10­12%­ға дейін көтерілуімен ұлғаяды. Соңғы жылдары бірқатар мела
-
ноидиндер мутагендік қасиеттері бары туралы деректер анықталды.


315
Концентраттарды сақтаудың кепілдік мерзімдері стандарттармен 
белгіленген және міндетті түрде этикеткаларда (96­кесте) көрсетіледі.
96-кесте
Концентраттарды сақтаудың кепілдік мерзімдері, ай
Концентрат­
тардың аталуы
Пакеттерде бос күйінде 
Брикеттел­
ген
Картон 
қораптарда 
және екі 
қабатты
қағаз
пакеттерінде
Полимер­
мен 
қапталған 
қағазда
Полимер­
мен 
қапталған
фольгада
Құрғақ таңғы 
астар: үлпілдеген 
дәндер 
3


3
Карамельдегі 
үлпілдеген 
дәндер 
2


2
жүгері және 
бидай үлпектері 



6
жүгері түтікше­
лері: тәтті 
20 күн
Тұзды
15 күн
Балалар 
және диеталық 
тағамдарына 
арналған құрғақ 
өнімдер
6

6
6
Өнім салынған жәшіктер мен қораптарды биіктігі 8 қатардан артық 
емес аралықтарға бөлінген стеллаждарға, өту үшін 0,7 м жер қалдырып, 
тауарлы көршілік ережесі сақталып қойылады.


316


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   132   133   134   135   136   137   138   139   ...   161




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет