363
байланысты), сағ; γ – өнімнің көлемдік массасы, т/м
3
; φ – барлық көлемді
өніммен толтыру коэффициенті.
φ коэффициенті бункердің барлық көлемін өніммен толтыру дейгейін
есепке алады және бункердің биіктігі мен қимасына, өнімнің табиғи
құлау бұрышы мен тағы басқа көрсеткіштерге байланысты. Бұл коэф
-
фициент жарымжартылай толтырылатын бункердің жоғары қабылдау
бөлігінде көлем шығынын және шығару құйғышында құлаудан төменгі
бөліктердегі шығынын есепке алады. Бункер биіктігінің оның үлкен
көлденең қимасына немесе оның диаметріне қатынасы (егер қима
тікбұрышты болса) аз болған сайын көлем аз қолданылады және φ
коэффициенті аз болады.
қатынасында φ=0,85
деп; r=1,5те φ=0,7 деп; r=1де φ=0,6 деп қабылдайды.
Тазаланбаған дәнге арналған бункер сыйымдылығын әдетте қауыздау
бөлімінің 2830 сағаттық жұмыста есептейді.
Дәнді жатқызуға арналған бункер сыйымдылығы өңделетін дақыл
түріне байланысты. Бұл мәліметтер бөлек дақылдарды өңдеу техноло
-
гиясын сипаттайтын тарауларда келтірілген.
Әр булағыштағы бункер сыйымдылығы Неруш булағыштың екі есе
сыйымдылығынан, ал булы кептіргіштерде кептіргіштің 0,51,0 сағаттық
өнімділігіне кем болмау керек.
Дәнді бастапқы қауыздауға арналған
машиналардағы бункер
сыйымдылығы осы машиналардың 30минуттық өнімділігінен кем
болмау керек. Жарманың әр түрі мен нөміріне арналған дайын өнімге
арналған бункердің сыйымдылығын оның шығымын есепке ала оты
-
рып қабылдайды:
мұндағы: Р – жарманың берілген түрі
немесе нөмірінің шығымы, %.
Жарманың үш кезекті шағыруында бункер сыйымдылығын жарманың
екіүш шығымына, екі кезекті шығаруында жарманың 12 сағаттық
шығымына, ал бір кезекті шығаруында жарманың 20 сағаттық шығымына
есептейді.