8.1 Тарату құрылғыларына қызмет көрсету
Тарату құрылғысы дегеніміз (РУ) электр энергиясын бір кернеуден алып
қабылдауға
және
таратуға
арналған,
түрлендірмейтінжәне
трансформацияламайтын электр құрылғысы. Қазіргі уақытта зауытта жасалған
кернеуі 6-10 кВ жинақталған ТҚ (РУ) кеңінен қолданысқа ие. Тарату
құрылғыларының электр қондырғылары ғимараттың ішінде орналасса ол
жабық ТҚ (РУ) және де сыртта орналастыруға арналған ашық жинақталған ТҚ
(РУ) түрлері бар [2].
Кешенді бір жақты стационарлы қызмет ету түріндегі ұяшықтар, және
деажыратқышы арбашада орналасқан кешенді тарату құрылғысы түріндегі
ұяшықтар қолданылады. Жөндеу кезінде ажыратқышы бар арбаша өз орнынан
шығарылып жөндеу жасайтын бөлімге апарылады, осыныс ыңғайлы және
тиімді.
Бұл шкафтардың конструкциялары әртүрлі: тағайындалуына, беретін
қуатына, аппараттар түріне, кіріс түріне, электр энергиясын жіберу әдісіне,
электрмен жабдықтаудың беріктігіне қойылатын талабына байланысты.
Соңғы жылдары 6-10 кВ электр тораптарында аз габаритті вакуумды,
кейбір жағдайларда элегазды ажыратқыштар көп қолданылуда. Және солармен
ескірген аз майлы ажыратқыштарды ауыстырады. Мұндай ажыратқыштардың
негізгі артықшылықтары, мысалға ВВ/ТЕL-10 типтегі,келесілер [5]:
- жылдам іске қосылу;
- ажырататын қысқа тұйықталу токтарының жоғары мәндері;
- жоғары механикалық ресурс;
- қосу және ажырату тізбектерінде электр энергиясын аз тұтыну;
- аумақты салмағы мен габариті;
- оперативті тұрақты ток пен, оперативті айнымалы тоқ тізбектерін
басқару мүмкіндігі.
Мұндай ажыратқыштардың төмендегі кемшіліктерін пайдалану
барысында ескеру керек:
-
жоғары (аз майы бар ажыартқыштармен салыстырғанда)
коммутациялық асқын кернеу деңгейінде ауыстырып қосу болғанда
бастамшылығы, әсіресе электр торабының оқшауламасы әлсірегенде (жоғары
50
кернеулі электр қозғалтқыштары, кепілдік мерзімі өткен пайдаланудағы
кабельдік желілер, түрлендіргіш құрылғылар);
-коммутациялық асқын кернеуден электр торабын қосымша қорғаудың
қажеттілігі;
- реттеу және пайдалану кезіндегі ажыартқыш жетегінің күрделілігі, олар
күштік контактілерді бір уақытта ажырату мен қосудың жоғары талаптарын
қамтамасыз ету керек.
КРУ және КСО ұяшықтарында бұғатталу қарастырылған:
- ашылып тұрған айрығыш жағдайында ажыратқыштың қосылып кетпеуі
үшін бұғаттауды пайдаланатын сызықтық және шиналық айырғыштар;
- механикалық бұғаттауды пайдаланатын сызықтық және шиналық
айырғыштар;
Ажыратқыштың қортендіру тізбегі негізгі қорек блогыарқылы, және де
қордағы автономды қосылу блогынан жинақаталады. Ауыспалы режимде
ажыратқышты то тізбегінен басқарудың корегі қарастырылған.
Іште орналастыруға арналған кернеуі 6-10 кВ КРУ және КСО шкафтарын
электр жарығы бар, жылуы бар, терезесі жоқ бөлмеде орналастырады. ЖТҚ
есігі егер бөлме ұзындығы 7 метрден асса екі жағынан жасалады.
КРУ-ға электр энергиясы қосалқы стансаның күштік трансформаторынан
немесе қосалқы стансаның 6-10 кВ желісінің шинасынанкеледі.
Қоректендіруші қосалқы стансадағы шинаның санын таңдау кететін желі
ұяшығының санына және тез өзгеретін жүктеменің болуына байланысты.
Сонымен қатар 6-35 кВ электр тораптарында шинаны секцияға бөлу екі фазалы
және үш фазалы қысқа тұйықталу токтарын азайту мақсатында жасалады, және
де жере бір фазалы қысқа тұйықталуда болатын сыйымдылық токтарын азайту
үшін [14].
Тарату құрылғысында әрдайым жұмыс жасайтын тасымалданатын
жерлендіргіштер, бірінші медициналық көмек, сонымен қатар өртке қарсы
және қосымша құралдар (құм, өрт сөндіргіштер, өртке қарсы құралдар және
т.б.) болуы қажет. Кабельдік каналды жауып тұрған плиталар, өрт кезінде
оттың таралуынан сақтану үшін өртенбейтін материалдан жасалады.
Бөлменің шатыры жөнделген болу керек, себебі ылғал бөлменің ішіне
кірсе электр қондырғылардың металл бөліктерінің коррозиясына, сонымен
бірге аппараттардың электрлік кедергісінің қауіпті төменеуіне және
оқшауламаның ылғалдануына алып келеді. Жануарлар мен құстар тарату
құрылғысының ішіне кірмеуі үшін, сыртқы қабырғалардағы тесіктер мен
саңылауларды тормен жабады. Тарату құрылғысына авто көліктің кіретін жолы
әрдайым дұрыс жағдайда және жолында тосқауылсыз болады, өйткені өрт
қауіпсіздігіне қарсы бұзуларды жоямыз.
Тарату құрылғыларын пайдалану кезінде бірінші және жауапты шара ол
тексеріп қарау. Тексеріп қараудың графигі мен мерзімі жергілікті жағдайды
ескере отырып әрбір кәсіпорында құрастырылып бекітіледі. Жоспардағы
қараудан бөлек қауіпті апаттан (бірнеше желінің бір уақытта өшірілуі) кейін,
қолайсыз ауа райында, электр қондырғылардың қатты ластануында кезектен
51
тыс қараулар тағайындалады. Қарау нәтижесі сәйкес журналда жазылады, және
анықталған ақауларды бейнелейді.
Қарау кезінде төмендегілерге назар аударылады: бөлменің жағдайы
(есіктің, желдеткіштің, жапқыштың дұрыстығы, қауіпсіздік құралдарының
болуы, жарықтандыру және жерлендіру торабының дұрыстығы), ажыратқыш
жетегінің жағдайы, айырғыштарды блоктау механизмдері, контактілі
қосылулардың жағдайы, механизмдердің үйкелетін бөліктерінің майлануы,
екіншілік тізбектің өту беріктігіне. Шкафтардың алынатын бөліктерін бұрап
алуға, кернеу бар кезде автоматты пердешелерді көтеруге және ашуға рұқсат
етілмейді.
Жылжымалы арбасы бар тарату құрылғыларында қарау үшін
ажыратқышты өшіреді, кететін желіне жерлендіреді, арбаны жөндеу
жағдайына қойып төмендегі айырғыш контактілерінде кернеудің жоқтығын
тексереді. Ары жерлендіретінайырғыг қосылады да арбаны сынау жағдайына
жояды. Өзіндік трансформатор шкафындағы сақтандырғыштарды ауыстыру
жүктеме алынып тастаған кезде жасалады.
Ажыратқышы бар арбаны шығару және оны жұмыс жасайтын жағдайына
қайта қою ажырату мен қосу операциясы болып табылады. Олар оперативті
ауыстыру жұмыстарын жасайтын адамдар немесе солардың басқаруымен
жасалады. Арбаны жұмыстық жағдайға (енгізу) орнату жерлендіретін айырғыш
ажырап тұрған кезде ғана жасалады.
Тарату құрылғыларында кез келген уақытта алдын ала дайындықсыз
қосылуға дайын қосымша электр қондырғылары болуы қажет. Тарату
құрылғыларының резервтегі элементтерінің де жағдайы арасында бақылауға
алынады (трасформаторлар, кететін желінің ұяшықтары, шиналар, кабельді
муфталар) және профиалктикалық сынақтан өтеді.
кернеуі 1 кВ дейінгі тарату құрылғыары ережеге сай бір жақты қызмет
жасайтын
қалқанмен
Щ070
жинақталады.
Олардың
номенклатурасындасызықтық, ендірме, секциялық, арнайы және аралас
панельдер бар [14].
Щ070 панелінен басқа өзіндік қажеттілік панельдері ПСН,
сақтандырғыштары бар күштік пункттер СП және СПУ, ПР-21 және ПР-
9000сериялы автоматты ажыратқыштары бар тарату құрылғысы, «Электрон»
автоматы бар шкафтар, ЩС күштік шкафтар, ШР релелік шкафтары
пайдаланылады. Жарықтандыру құрылғылары үшін ШВ ендіру шкафы бар,
панельдердің аппаратары мен шкафтары әртүрлі және толтыру сұлбасының
стандарттарында көрсетілген.
Кернеуі 1 кВ дейінгі тарату құрылғысын қарау кем дегенде 3 айда 1 рет
жасалады. Техникалық қызмет барысында тарату құрылғысын шаң тозаңнан
тазалайды. Аппараттарды шаң тозаңнан тазалау қақпақтарды немесе
қаптамаларды алып тастап сығылған ауамен үрлеу арқылы жасалады.
Аппараттардың металл корпустары немесе қаптамаларында жерлендіру
орындарын қарайды және бұрандалардың тартылып тұрғанын тексереді.
Аппараттардағы контактілі қосылудың бектілгенін тексереді. Контактілер
52
қарайған, еріген біркелкі емес болса, ашып металл жылтырағанша тазалап
қайтадан жинайды.
ПУЭ сай құрылғысынан электр қабылдағышқа дейінгі, кернеуі 1 кВ
дейінгі электр сымдары бекітілген мерзімде және ақау болғанда жоспардан тыс
оқшауламаның кедергісін өлшеу арқылы сыналады. Электр сымдарының
оқшауламасының рұқсат етілген ең төменгі кедергісі 0,5 МОм. Өлшеу
мегаомметрмен жасалады, электр қаблдағыштар, аппараттар, аспаптар
ажыратылған болуы керек, ал жарықтандырушы электр сымдарындағы
лампалар алынады, ашалы розеткалар, ажыратқыштар мен топтық қалқандар
қосылған күйде қалады.
Оқшауламаның кедергісін өлшеуден бұрын электр құрылғыны босатады,
ол жұмысшыларды қалдық сыйымдылық зарядынан түсу мүмкіндігінен
сақтайды. Дәл осындай босату өлшеуден кейін жасалады.
Кернеуі 1 кВ төменгі тарату құрылғыларында электр сымдарынан бөлек
релелік қорғанысты, электр автоматиканы, телемеханика мен екіншілік
тізбекке қызмет жасалады. Толықтай жоспарлы тексеру күштік қондырғылар
мен сәйкес екіншілік тізбектің жөндеуімен бірге орындалады. Тексерудің
жиілігі жергілікті нұсқаулықпен жасалады. Осы құрылғылардың дұрыс іске
қосылмауы мен жұмыс жасамауы орын алса қосымша тексеру жасалады.
Релелік қорғаныс, электр автоматикасы, телемеханика мен екіншілік
тізбекэлементтері құрылғыларындағы жұмыстарды арнайы оқудан өткен
қызметкерлер жасайды.
РҚАжТ тізбектері мен паенльдерінде жұмыс жасардан бұрын шаңнан
тазаланады, және де қондырғыны қате ажыратпаудың шаралары жасалады
және ұстағышы оқшауланған қүралдармен жасайды.
Мұндай жұмыстарды атқарушы сұлбасыз жасауға рұқсат етілмейді.
Сонымен қатар релелік аппаратураның шайқалуына алып келетін жұмыстарды
жасауға болмайды, себебі реленің жалған жұмыс жасауына әкелу мүмкін.
Ток трансформаторының екіншілік тізбегін айыруға болмайды егер
екіншілік орамды тұйықтайтын арнайы қысқаштар болмаса [2].
Тарату құрылғыларындағы релелік қорғаныс, электр автоматикасы,
телемеханика мен екіншілік тізбекэлементтері (РҚжА) пайдалануға берілетін
кезде және жоспарлы тексеруде ПУЭ сай сыналады:
- оқшауламаның кедергісін өлшеу;
- өндірісті жиіліктегі жоғары кернеумен сынау;
- автоматты ажыратқыштардың қызметін тексеру;
- автоматты ажыратқыштар мен контакторлардың жұмысы оперативті
токтың номиналды және төмендетілген кернеуінде тексеріледі;
-қорғаныс өшіру құрылғысы (УЗО) мен дифференциалды ток
ажыратқышы (ВДТ) зауыт дайындаушының нұсқауымен тексеріледі;
- релелік қорғаныс аппаратураны тексеру;
- әртүрлі оперативті ток шамаларында барлық жиналған сұлбаның дұрыс
жұмысын тексеру.
|