Бейтаныс Ұзын сарының алқымынан алуға шақ
тұрған бейтаныс жігітті Арсен сүйре-
лей жетелеп сыртқа алып шықты. Ұзын
сары бейтаныс адамның бұл қылығынан
әлдеқандай бір жасандылықты аңғарған-
дай болды да бір түрлі сезіктеніп қалды.
«Мынаның қимыл-қозғалысы бір түрлі
екен, бір гәп бар-ау, әлде өзінің табиғаты
осындай ма екен? Жас та болса қыл-
мыскердің талайын көрген із кесушіге
мына қортықтың жүріс-тұрысы аса ұнай
қойған жоқ.
Іле-шала ұзын сары да сыртқа бет
алды. Есік алдына шыққан тапал жігіт те-
мекі тартатын орынға барып қалтасынан
шылымын алып шықты да бір талын
аузына қыстырды. Оны іштегі терезеден
ұзын сары қас қақпай бақылап тұрған
еді. Темекі қорабы тура қоқыстағы қанға
бөккен қораптан аумайды. Бұл қалай?
Кездейсоқтық па? Әлде шынымен де
«қой терісін жамылған қасқыр» бұлар-
дың танауының астында жүр ме? Ұзын
сарының басы қатты. Десе де, күдігі арта
түскендей болды. Ол дереу ішке еніп
жансақтау бөлімі жаққа беттеді. Ильдар-
ды шақырып алып жөн сұрауға асыққан.
– Жаңағы жігіт кім?
– Біздің туысқанымыз. Есімі – Әлі-
шер. Менен екі жас үлкен. Жиен ағам ғой.
– Оны неге сұрадыңыз?
– Жай білгім келді.
– Неге сонша ашулы жүр?
– Әпкесін қатты жақсы көреді ғой.
– Қолына не болған?
– Үй шаруасында кесіп алғанға ұқсай-
ды. Қазір уайымнан жүйкесі сыр беріп
тұрғаны болмаса, өзі сондай ақкөңіл жан.
Айналыспайтын ісі жоқ. Біз осыдан екі ай
бұрын машинамызды сатпақ болғанбыз.
Ескі көлікті табан астында кім ала қояр
дейсіз? Әкем екеуміз өткізе алмай қинал-
дық. Сол кезде жиен ағамның көмегі тиді.
Әлішер клиент тауып көлігімізді жақсы
бағаға өткізіп берген, – деді Ильдар
ризашылық кейіп танытып. Содан соң:
«Ол ақша енді жоқ», – деді сейфті меңзеп
дауысын нығарлай күрсініп.
– Ал ақшаның қайда тұрғанын Әлі-
шер білетін бе еді? Ильдар иығын қиқаң
еткізді де: «жоқ»,– деді. Сосын тағы да
мұны неге сұрадыңыз?– деді сұраулы
жүзбен.
– Жәй. Әлденеге қатысы бар ма де-
генім ғой...
– О, не дегеніңіз? Сіз сонда?..
– Қазір нақты ештеңе айта алмаймын,
– деді де ұзын сары жөніне кетті. Ильдар
аң-таң. Осы полицейлердің қылмыскерді
жоқ жерден іздейтіндері несі? – деп ой-
лады ол.
Ертесінде ұзын сары Ильдарға теле-
фон соқты да жиен ағасының мекенжа-
йын сұрады.
– Мақұл, мекенжайын берсем берейін.
Бірақ сіз бекер күдіктенесіз. Ертең кінәсіз
болып шықса жақынымыздың бетіне қа-
лай қараймыз?
Ильдар тұтқаны әкесіне берді. Ұзын
сары Арсенге де мән-жайды түсіндірмек
болып еді, ол ертоқымын астына алып
тулай жөнелді.
– Ойбай-ау, мен оған Ильдардан да
артық сенемін ғой. Полицей мырза, сіз
не деп тұрсыз? Өтінемін, олай жасай көр-
меңіз. Ұят болады. Мен оған үзілді-кесіл-
ді қарсымын! – деген Арсен әңгімені
шорт кесті.
– Арсен мырза, Сіз барлығын дұрыс
түсініңіз! Әлішерге қоятын бірнеше сауа-
лым бар. Егер мендегі күдік сейілсе, оған
тиісіп нем бар! Мені де түсініңіз. Бұл
менің міндетім. Адам өміріне қатысты іс
қаралған кезде біз барлық деректер мен
дәйектерді мұқият қарауымыз керек, –
деді із кесуші.