Тексеріс Түс кезі. Ұзын сары салып ұрып
Әлішердің үйінің маңына келді. Көлігін
тасалау маңға қойып күдіктінің үйін
бақылауға көшті. Жым-жырт. Биік ду-
алдан ештеңе де көрінер емес. Амалы
таусылған ол дуалдың қоңырауын басты.
Бұл кім?– деді арғы жақтан әйел адамның
дауысы.
– Әлішердің үйі ме бұл?
– Иә.
– Сіз кім боласыз?
Ұзын сары өзін таныстырды.
– Қандай жұмыспен келдіңіз?
– Оны тек Әлішердің өзіне ғана айта
аламын.
– Ол үйде жоқ. Қалаға кеткен.
– Түсінікті.
– Үйге қашан келеді?
– Оны білмедім. Бәлкім кешке немесе
ертең келетін шығар.
– Оны не үшін іздеп жүрсіз?
– Жай, әлденеге қажет еді. Жарайды,
алаңдамаңыз, кейін бір соғармын.
Ұзын сары үйден қашығырақ тұсқа
барып Әлішерді күтіп алуға бекінді.
Бұл кезде күн кешкіріп қалған бо-
латын. Әлішер досымен бірге жаңадан
алған көлігімен үйдің алдына келіп тоқта-
ды. Қуанышын әйелімен бөлісуге асығып
тіпті рөлдегі дабыл тетігін екі-үш рет
басып та үлгерді.
Машинадан түсіп жатқан екі жігіт тің
өзара көңілді әңгімесін ұзын сарының:
«Сәлем, жігіттер!» – деген сөзі бөліп жі-
берді.
Екі дос дауыс шыққан жаққа жалт
қарасты.
Ұзын сары төс қалтасынан куәлігін
суырып алды да өз-өзін таныстырған соң:
– Әлішер Жәлелов мырза, амансыз
ба!?– деді.
– Иә. Айтпақшы біз таныс екенбіз ғой.
Сіз не істеп жүрсіз мұнда? Әлде анау екі
нақұрысты ұстадыңыз ба?
– Жоқ. Бірақ дәл қазір сіздің менімен
бөлімшеге баруыңыз керек.
– Не үшін?– деді Әлішер.
– Оны бөлімшеге барған соң түсін-
діремін. Әпкеңізге қатысты сұрақтарым
бар еді.
– Мақұл, барсам барайын. Тек әп-
кем үшін ғана. Әйтпегенде бос әңгімеге
шығындайтын көп уақытым жоқ, – деді
ол.
Бөлімшеге барған соң полиция күдік-
тінің тамырын басып, әр жерден бір сұрақ
қойып көрді.
– Жәлелов мырза! Арсен Епишевтің
үйі тоналған күні қайда болдыңыз?
– Қайда болғаны қалай? Әдеттегідей
үйде болдым.
– Әпкеңіздің соққыға жығылғанын
кімнен естідіңіз?
– Жездем Арсеннен.
– Ал, қолыңызға не болған?
– Үйде, жарақаттап алдым.
– Темекі шегесіз бе?
– Иә.
– Оны неге сұрадыңыз?
– Жай білгім келді.
– Полиция мырза. Түсінесіз бе? Мен
бұл жерге әпкеңе қатысты сұрақтар қоя-
мын деген соң ғана келіп отырмын. Ал сіз
болсаңыз болмайтын бірдеңелерді айтып
менің басымды қатырып отырсыз! Былай
ашуыма тие берер болсаңыз үстіңізден
шағымданамын. Әлішер сұқ саусағын
шошайтып, қоқилана түсті.
– Кешіріңіз, мен де ерігіп отырған
жоқпын. Бұл біздің жұмысымыз.
– Сонда, темекі шегетінімді айту
үшін бөлімшеге келуім керек болды ма?
Уақытымды босқа алып отырсыз. Әлде
сіз анау жанған қораны темекі тартып
мен өртеп жіберді деп отырсыз ба? Мұ-
ныңыз енді еш қисынсыз әңгіме. Қораға
тығылып темекі тартатын мені жас бала
дейсіз бе?
Әлішер бөлімшені басына көтере
қарқылдай күлді.
– Көп сөзді қойып, қалтаңыздағы
шылымды шығарыңыз.
– Ал, шығардым. Не болды?
Әлішер қалтасынан әйелдерге ар-
Үкім Сол түні Нәдия тағы да ұйықтай
алмай шықты. Әлсіз денесі өз ырқына
әрең бағынатын Нәдияның буын-буыны
қақсап, көрер таңды көзбен атырды. Қані-
шерлердің жүзін көруге бір түрлі батылы
бармайтын секілді. Сонда да өзіне қол
жұмсаған қылмыскерлердің көзіне тура
қарап: «Менен сендерге не керек еді?»–
деп сұрағысы келетін тәрізді.
Ертеңгісін сот залына Арсен мен Нә-
дияның ет жақындары тегіс жиналды. Тек
Әлішер ғана ұшты-күйлі жоқ. «Тыныш!
Сот келе жатыр!» – деген дауыстан Нәдия
селк ете түсті. Сол-ақ екен үстіне кәсіби
киімі қона қалған судьяның да төбесі
көрінді. Қоршаудағы орында отырған
қылмыскерлердің бет-жүзі әлі ешкімге
анық көріне қойған жоқ.
Сот барысында жәбірленуші Нәдия
Епишева оқиғаның қалай болғанын
айтып берді: «Күйеуім мен ұлым аяқ
астынан түн ішінде жанған қораны сөн-
діруге кеткен. Сүт ішпек болып ас бөлме-
де піскен сүтті сапырып тұрған сәтімде
тырс еткен дыбысты естігендей болдым.
Бірақ ешкімнің үйге кіргенін байқаған
жоқпын. Тек қайнаған сүтті кесеге құяр
кезде ғана ту сыртымнан біреу қапсыра
құшақтап, кеңірдегімнен шап берді. Бет-
перде киген адамның түрін анық көре ал-
мадым. Бар білетінім қаскүнемнің бойы
ұзын, арықша келген адам болды»,– дейді
Нәдия өткен сәтті өкси есіне алып.
Артынша судья Тынысбеков: «шым-
шытырық оқиғаға нүкте қоятын кез
жет ті. Бұл тұрғыда криминалистер мен
тергеушілердің еңбегі ерен. Осы оқиғаға
кінәлілер жәбірленушінің туысы – Әлі-
шер Жәлелов пен оның сыбайласы Мах-
мут Саттаров, – дей беріп еді сот залы
шулап кетті. Әсіресе, Арсен мен Нәдия-
ның туыстары не болғанын түсінбей
есеңгіреп қалды.
Судья оқиғаның қалай өрбігенін бү-
ге-шігесіне дейін тарқата айтып берді.
Тіпті, Әлішердің үйінен өсіруге тыйым
салынған өсімдіктің тәркіленгенін есті-
генде туған-туыстар не дерін білмей
жағаларын ұстап, кірерге тесік таппай
қысылған.
– Нәдияның жан дүниесі алай-дүлей.
Өз құлағына өзі сенбей екі оттың орта-
сында қалғандай күй кешті. Ана жүрегі
шыдасын ба кенет: «Әлішер, айтшы,
балам! Саған мыналар қылмысты күшпен
мойындатып отырған жоқ па?– деді Нә-
дия жанұшыра айқайлап.
«Балам демеңіз оны. Сот қылмысы
дәлелденген соң айтады. Бұл нағыз екі-
жүзді қылмыскер!» – деді біреулер артқы
жақтан дауыстап.
Әлішерде үн жоқ. Баласынан кем
көрмейтін жанның осыншалықты қаты-
гездікке барғанына қайран қалған ана
етегі жасқа толып жылай берді.
– Есікті бұзбай үйге қалай кірдіңіз-
дер? – деді судья айыпталушы екеуге
қарап.
Әлішер басын төмен салып: «Осыдан
бірнеше күн бұрын Арсен жездемнің
үйіне қонаққа барғанмын. Нәдия әпкем
қолыма үйдің кілтін ұстатты да мені
дүкенге жұмсады. Осы сәтті пайдаланып
дүкен маңындағы шеберханаға кілттің
көшірмесіне тапсырыс бердім,– деді
күмілжіп. Күшік кезінен асыраған иті
өзін қапқан Арсен ызадан жарылып кете
жаздап, өз-өзін әрең ұстап отыр.
Қарақшылықпен айналысып, адам
өміріне қауіп төндіретін сыбайласқан
қылмысты ұйымдастырғандары үшін,
әрі тыйым салынған сора өсімдіктерін
өсіргені үшін және жасаған қылмыста-
рынан жалтармақ болғаны үшін судья
Тынысбековтың үкімімен Әлішер Жәле-
лов 7 жылға, Махмут Саттаров 5 жылға
сотталды.
Іштен шыққан жаудың ісіне қапа-
ланған туған-туыстар Нәдияның аман-
есен жаны қалғаны үшін қуанса, кейбірі
өрімдей жас жігіттің өз тағдырын өз
қолымен талқандағанына іштері удай
ашыды.
Екіжүзді екі жігіт кінәлі екендерін
мойындағанымен, кешірім сұрап жа-
лынған да жоқ. Үнсіз ғана автомат
асынған солдаттардың қолтығында кісен-
дері сылдырлап сот залынан шығып бара
жатты.