Аманжан Жамалов парти
-
ялық тізімге қосылған квота иеле рінің
кандидаттардың жалпы санының 30
пайызын қамту керектігі әр түрлі тәпсір
-
леніп, орындалуы мүмкін екендігін ай
-
тып, әр топ бойынша нақты пайыздарды
көрсетіп белгілеудің тәртібін сұрады.
Оның айтуынша, халықаралық тәжіри
-
беде осындай талап бекітілген. Бұл
мәселеге орай квотаны бөлу тек саяси
партияның құзырындағы іс болатыны
белгілі болды. Тұтастай алғанда үш топ
үшін бірыңғай квота белгіленеді. Әрбір
саяси партия бекітілген тізімге сай оны
дербес түрде бөлетін болады. Бұл ретте
олар өздерінің саяси мақсаттарын және
сайлаушылар алдындағы міндеттерін
негізге алады. Десе де, квоталардың
пропорционалдығы сақталу керек.
Осы ретте Жамалов жалпы мүмкіндігі
даттардың тізімін анықтайтын кезең.
Бұған ең алдымен саяси партиялардың
өздері мүдделі. Сондықтан саяси пар
-
тиялар туралы заңға өзгерістер енгізу
ұсынылды. Депутаттыққа кандидат
-
тарды тіркеу бұл сайлау процесінің
бір кезеңі. Бұл кандидаттың ресми
мәртебесін растау болып табылады.
Осы тіркеу кезеңінде партиялық тізім
-
де сандық пропорциялардың сақталуы
тексеріледі. Себебі, кандидаттарды
ұсыну сайлаудан тыс процесс. Заңның
талабы бойынша отыз пайыздық квота
партиялық тізімде болу керек. Онда бұл
көрсеткіш бұдан да көп болуы мүмкін.
Бірақ депутаттыққа кандидаттарды тір
-
кеу кезінде отыз пайыздық квота қатаң
сақталу керек.
Депутаттар партиялардың бұл тиісті
квота деңгейінің сақталмау мүмкінді
-
гін де назардан тыс қалдырмады. Бұл
мәселені олардың арасынан
Қайнар Абасов көтеріп, осындай жағдайда пар
-
тиялардың жауапкершілігінің қаралу
қажеттігін атап көрсетті. Бірақ Мусин
мырзаның айтуынша, тұтастай алғанда
квотаны бөлу партияның өзінің дербес
шешетін шаруасы болмақ. Мемлекет
бұл үрдіске араласпайды. Яғни, мұндай
жауапкершілік заң жобасында жоқ екен.
Ал, депутат