Zanmedia. Kz қоғамдық-саяси, құқықтық газет


Сыбайлас жемқорлық бойынша сотты болған адамдарға



Pdf көрінісі
бет5/37
Дата18.06.2022
өлшемі1,02 Mb.
#146738
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   37
Байланысты:
ZG2022-7

Сыбайлас жемқорлық бойынша сотты болған адамдарға 
рақымшылық жасала ма?
Самат АБДУЖАППАРОВ
Шымкент қаласы
– Жемқорлықтың жеңіл, орташа немесе ауыр қылмыс ретінде жік
-
телуіне тоқталсақ: пара соммасы 30 айлық есептік көрсеткіш немесе 9 
млн теңге шамасында болса, айыпты 5 жылға дейін бас бостандығынан 
айырылады. Бұл орташа дәрежедегі қылмыс саналады. Демек, мерзімі 
мен пара соммасы бұдан төмен жандарға қолданылатын жаза жеңілдеуі 
бек мүмкін. Жемқорлыққа қатысты сотқа дейінгі тергеу ісі басталған 
жағдайда күдікті амнистияға ілінуі ықтимал. Тергеу ісі сотқа дейін жет
-
пей жатып, жемқорлық дерегі бойынша қылмыс дәрежесі орташа деп 
танылған жағдайда, онда тергеуші істі сотқа дейін жеткізбей күдіктіден 
алдымен рақымшылық жасалғанын қалай ма, жоқ па, соны сұрап алады. 
Егер күдікті бұған келіссе, онда қылмыстық іс тоқтатылады да, күдікті 
амнистияға ілігеді. Бірақ ол адам өзін-өзі ақтау құқығынан айырылады. 
Демек амнистияға іліккен айыпталушы өзінің бұрынғы жұмыс орнына, 
яғни, мемлекеттік қызмет не құқық қорғау органдарына қайта жұмысқа 
тұра алмайды. 
* * * 
Жұмыс берушілердің үміткерлерден соттылықтың бар-
жоғын анықтайтын құжат талап ететіні белгілі. Осыған байла
-
нысты рақымшылықпен бостандыққа шыққан адамның жұмысқа 
тұруына кедергі жоқ па? 
Кәмшат САЙДУАЛИЕВА
Созақ ауданы 
– Сотталған азаматтарға жұмыс берілуі керек. Заңға сәйкес, жер
-
гілікті органдар әр облыста арнайы квота береді. Сотталған азаматтар 
бостандыққа шығардың алдында пробациялық бақылаудағы қызметкерлер 
жергілікті органға хаттама жібереді. Сол хаттама бойынша бостан
-
дыққа шыққандар жұмысқа орналаса алады.
* * * 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   37




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет