№7 (3435)
25 қаңтар 2022
zangazet@mail.ru
2
ҚҰҚЫҚ
инспекторы кіреді. Дауды қарау рәсімін
еңбек төрелігі айқындайды және ол
ұжымдық еңбек дауы тараптарының
назарына жеткізіледі. Еңбек төрелігінің
шешімі ол құрылған күннен бастап жеті
жұмыс күнінен кешіктірілмей төрелік
мүшелерінің қарапайым көпшілік да
-
уысымен қабылданады. Еңбек төрелігі
мүшелерінің дауыстары тең бөлінген
кезде төрағаның дауысы шешуші болып
табылады. Шешім уәжді болуға, жазба
-
ша нысанда жазылуға және оған төрелік
мүшелерінің барлығы қол қоюға тиіс.
Еңбек төрелігінің шешімі ұжымдық ең
-
бек дауы тараптарының орындауы үшін
міндетті. Ал шешім белгіленген мерзім
-
де орындалмаса, тараптардың дауды сот
тәртібімен шешуге құқығы бар.
Тағы бір байқалатыны, бізде жұмыс
берушінің заңсыздығын көре тұра өз
құқығын қорғауға тырыспайтын аза
-
маттар баршылық. Олар ең алдымен
өзінің құқықтық сауатының кемдігінен
осындай әрекетке барады. Екіншіден,
көпшілігі құзырлы орындар қарапайым
жұмысшы мүддесін қорғайды дегенге
сене бермейді. Осыған орай, Жаңаөзен
қалалық сотының ұйымдастыруымен
үнемі құқықтық түсіндіру жұмыстары
жүргізіліп тұрады. Азаматтардан көп
түсетін сауал, өтініш, ұсыныстарға
арнайы мониторинг жасап, әлеуметтік
желілер мен БАҚ арқылы оған жауап
қайтаруды тұрақты дәстүрге айнал
-
дырдық. Карантин жағдайына қара
-
мастан бүгінде азаматтарды қабылдау
ісі онлайн өтіп келеді. Мұның барлығы
халықтың сауатын көтеріп, сотқа деген
сенімін арттырары анық.
МАҢҒЫСТАУ ОБЛЫСЫ
Достарыңызбен бөлісу: