Zanmedia. Kz қоғамдық-саяси, құқықтық газет



Pdf көрінісі
бет14/37
Дата18.06.2022
өлшемі1,02 Mb.
#146738
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   37
Байланысты:
ZG2022-7

Талхизда талай 
шежіре жатыр
Алматы облысындағы БҰҰ-ның 
ЮНЕСКО ұйымының Бүкіләлемдік 
мұралар тізіміне кіретін 4 нысанның 
бірі – Талғар қалашығы. Ол республи-
кадағы ең ірі мегаполистен 25 шақырым 
жерде орналасқан. Талғар ауданының 
орталығындағы бұл қалашық қазір 
«Есік» мемлекеттік қорық-музейінің 
қарамағына берілген. Ә.Марғұлан 
атындағы археология институтының 
ғылыми қызмет-
кері Борис Желез-
никовтың айтуын-
ша, зерттеушілердің 
мәліметтеріне қарағанда 
VIII ғасырда бой көтеріп, 
ХІІ ғасырда қираған Талғар қа-
лашығының ең гүлденген кезі Х-ХІ 
ғасырлар деуге болады, сол уақытта 
мұнда 12 мың халық қоныстанған де-
ген болжам бар. 10 ғасырда жазылған 
ирандық белгісіз автордың «Әлем 
картасы» деген еңбегінде бұл қаланың 
атауы Талхиз деп жазылған. Зерттеу-
шілердің көбі Талғар қалашығының 
байырғы атауы Талхир, Талхиз оның 
арабшаланған атауы болуы мүмкін деп 
болжайды. Өйткені, дыбыстық өзгеріс-
тер болғанымен байырғы Тальхир мен 
бүгінгі Талғардың түпкі мән-мағынасы 
ұқсас. Талғар өзенінің бойындағы бұл 
қалашықтың айналасында байырғы 
үйсін обаларының ең соңғысы қазіргі 
Мәдениет сарайының орнында болды. 
1928 жылдан аудан орталығы, 1959 
жы лы қала мәртебесін алған Талғар ау-
данындағы обалар жүйесі 1917 жылғы 
төңкеріске дейін-ақ жойылып, орнына 
құрылыстар жүргізіліп кеткен. Аумағы 
300х300 метрді құрайтын қалашық 
орнындағы соңғы қазба жұмысы 2020 
жылы жүргізілді. Онда осы уақытқа 
тереңдігі 1,6-2 метрлік алғашқы қабат-
тың 75 пайызы қазылған. Егер төменгі 
қабаттары қазылатын болса оның та-
рихынына қатысты жаңа жәдігерлер 
табылуы күмәнсіз. 
Өкінішке қарай, қалашық тарихы 
тұрмақ, зерттеушілердің өзі әлі күнге 
дейін Талғар қаласы мен оны жарып 
өтетін Талғар өзенінің атауына қатысты 
нақ-
ты бір тұ - 
жырымға келе алмай жүр. Егер мұнда 
өлкетану музейі ашылып, аудан мен 
қаланың тарихына қатысты құнды жәді-
герлер бір жерге жинақталатын болса 
зерттеу жұмысы да жанданып ғана 
қоймай, ол өңірдегі туризм индустри-
ясының дамуына да тың серпін берер 
еді. Өйткені, Алматыдан 22 шақырым 
жерде орналасқанына да, ЮНЕСКО ұй-
ымының Бүкіләлемдік мұралар тізіміне 
кірген нысандардың қатарында тұрға-
нына да қарамастан туристерге кәсіби 
түрде қызмет көрсететін ұйымдар мен 
мекемелер көп жағдайда оны өзінің 
саяхат бағдарламасына енгізуге аса 
ықылас таныта қоймайды. Бұған онда 
туристер қызыға тамашалайтын ешбір 
жәдігерлердің жоқтығы өз ықпалын 
тигізіп отыр. 
Талғар ауданы әкімінің орынбасары 
Оразхан Қаспақбаевтың сөзіне қараған-
да, өлкетану музейін ашу мәселесі мәс-
лихатта бір емес бірнеше рет көтеріл-
генімен, одан еш нәтиже шықпаған. 
ҚР Көркем академиясының президенті 
Амандос Ақанаев елімізде сақ дәуірі 
мен орта ғасырлардан қалған обалардың 
саны мыңдап саналады. Ал сондай он-
шақты обасы бар Норвегия олар туралы 
арнайы кітап шығарып қойған. Біздегі 
оба-
л а р -
дан еш 
айырмасы 
болмаса да 
олар оны тиімді 
пайдаланып отыр. 
Егер бұл елдің туризм-
нен түсетін жылдық табысы 65 
млн долларды құрайтынын ескерсек, 
біздің жағдайымыз қолда бар алтынның 
қадірін білмей отырған адамның кейпі-
не ұқсайды. Ал мәдениеттанушы Мұрат 
Әуезовтың пайымдауынша, өлкетану 
музейін ашу үшін алдымен оның кон-
цепсиясын жазу керек. Сол кезде оның 
негізгі жәдігері анықталады. Ал бізде 
анау бар, бізде мынау бар деп музейге 
қояр жәдігер жеткілікті деп жүре берсек 
оның өзгелерден еш айырмасы болмай 
қалады. Ал Талғар қалашағын өз құра-
мына қосып алған «Есік» мемлекеттік 
қорық-музейінің директоры Гүлмира 
Мұхтарова болса, ЮНЕСКО ұйымы-
ның талабы бойынша қалашық ау-
мағында кез келген құрылыс нысанын 
салу үшін, оның келісімін алу керек. 
Бұл өте ұзақ процесс. Жалпы, Талғар 
ауданының өлкетану музейі ашылса, 
оған қояр жәдігерлер жеткілікті. Қазір 
олар әр жерде шашылып жүргендіктен, 
кейбір археологиялық қазба жұмыста-
рының хаттамасын табудың өзі оңай 
шаруа болмай тұр. Егер бәрі бір жерге 
жинақталатын болса бұл ғылыми-зерт-
теу жұмыстарына да өз септігін тигізері 
анық дейді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   37




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет