Zanmedia. Kz қоғамдық-саяси, құқықтық газет



Pdf көрінісі
бет15/37
Дата18.06.2022
өлшемі1,02 Mb.
#146738
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   37
Байланысты:
ZG2022-7

Ерлік ЕРЖАНҰЛЫ, 
«Заң газеті»
(Соңы. Басы 1-бетте)
ТАРИХИ ЖЕРЛЕР

ҚАЗАҚТЫҢ 
ТАМЫРЫ
МЕДИАЦИЯ
ТАТУЛЫҚ БАР ЖЕРДЕ
БЕРЕКЕ БАР
Қ
оғамда әділдік сұрап, дауласып жатқан адам көп. Тұрмыстық, отба-
сылық, еңбек даулары бойынша көптеген адамдар сотқа жүгінеді. Бұны 
азайтудың бірден бір жолы – медиация институттарын дамыту. 
Медиацияны көп жағдайда алаш жұртында 
орын алған ежелгі билер сотымен салыстырады. 
Оған себеп – медиация бітімгершілік пен ымы-
раластыққа бағытталған. Медиацияны қолдану 
даулардың тез әрі тиімді, оңтайлы шешілуіне, 
тараптардың материалдық шығынының азаюына, 
адамның моральдық түрде шаршамауына, тарап-
тардың бір-біріне кешірім жасауына, адамгершілік 
қасиетін арттыруға зор ықпалын тигізеді.
Бұл тәсіл сот жүйесіндегі тазалықты, әділ 
төрелікті қамтамасыз етудің бірден-бір жолы бол-
мақ, яғни, тараптарды қанағаттандыру негізінде 
жүргізілген келіссөз рәсімі. Үшінші бейтарап 
көзқарасты ұстанатын тараптың-медиатордың 
қатысуымен дау-жанжалды шешудің баламалы 
әрекеттерінің бірі. Ол еріктілік, құпиялылық, 
тараптардың тең құқылығы, бейтараптылық, про-
цедураға араласуға жол бермеу принциптерімен 
негізделеді. 
Әрине, істердің соттың құзырына жетпей, 
медиациялық жолмен шешілуі судьяларға тиімді 
екені рас. Сот жүктемесінің азаюы судьялардың 
уақытын үнемдеп, назарын неғұрлым күрделі 
істерге аударуына мүмкіндік береді. Сонымен қа-
тар, жүктеменің төмендеуі қазылардың ізденуіне, 
жаңа заңдармен танысуына, қоғамдық мәселелерге 
үн қосуына жағдай туғызады. 
Өркениетті елде заманның алға басуына бай-
ланысты халықтың мүддесі үшін қабылданған 
заңдардың маңыздылығы өте зор. Атап айтсақ, 
Азаматтық процестік кодекске егізілген өзгеріске 
сәйкес, судья талап қою келіп түскен күннен 
бастап бес жұмыс күні ішінде оны соттың іс 
жүргізуіне қабылдау туралы мәселені шешеді. Ал 
татуласу рәсімдері жүргізілген кезде талап қоюды 
қабылдау ол келіп түскен күннен бастап он жұмыс 
күні ішінде жүзеге асырылады.
Сот (судья) тараптарға татуласу рәсіміне қа-
тысуы үшін шақыру жібере отырып, тараптардың 
татуласуына шаралар қабылдайды.
Шақыруда тараптар татуласу рәсімі (бітімгер-
шілік келісім, медиация, партисипативтік рәсім) 
шеңберінде дауды (жанжалды) шешу құқығын 
түсіндіре отырып, сотқа талап қоюдың келіп 
түскені, татуласудың артықшылықтары туралы, 
сондай-ақ, осы кодекстің 73-бабының бірінші 
және екінші бөліктеріне сәйкес дәлелдемелерді 
өзара ашу және ұсыну құқығы туралы хабардар 
етіледі.
Бұл жерде, процессуалдық заңнамаға «сотқа 
дейінгі хаттама» түсінігі енгізілгенін атап өткен 
жөн. Судья дауды бітімгершілікпен аяқтау мақса-
тында тараптарды шақырып, оларға сотқа дейінгі 
хаттаманы толтыруды ұсынады. Бұл хаттамада 
екі тарап өздерінің сотқа ұсынатын дәлелдеме-
лерін көрсете отырып, дауды қандай шарттарда 
бітімгершілікпен аяқтауға болатынын ұсынады. 
Соңынан екі тарап осы хаттамаға қол қояды, 
онда көрсетілген шарттармен келісетін болса іс 
бітімгершілікпен аяқталады.
Тараптар сотқа дейінгі хаттамамен танысу 
үстінде екінші тараптың дәлелдемелерін зерделеп, 
оларды өзінде бар дәлелдемелермен салыстыра 
отырып баға беріп, іс сотта қаралған жағдайда 
даудың кімнің пайдасына шешілуі мүмкін екенін 
болжай алады.
Сондықтан, әр тарап өз мүмкіндіктерін бол-
жай отырып, дауды бітімгершілікпен аяқтаудың 
тиімділігін түсінетін болады. Осы әрекеттерді жүр-
гізу арқылы дау сот өндірісіне қабылданғанға дейін 
судья татуластыру рәсімдерін жүргізетін болады.
Бұл әдістердің өмірге дендеп енуіне соттар 
жұмысының белсенділігі аса қажет екені белгілі. 
Қазіргі таңда тараптар медиация заңын сотта 
біліп, дауға осы заң шеңберінде нүкте қойылуына 
ыңғай танытуда. 
Медиация туралы заң өзінің өміршеңдігі мен 
тиімділігін уақыт өткен сайын дәлелдеп келеді. 
Оны соңғы уақытта медиаторға жүгінушілердің 
артқанынан байқауға болады. Бұл билердің «Дау 
мұраты – бітім» ұстанымын бүгінгінің сотта-
ры жоғары деңгейде жалғастыруының жарқын 
көрінісі. 
Жаңа заманда жүзеге асып жатқан медиация 
заңы біздің болмысымызға сәйкестендіріліп, аза-
маттардың мүдделерін аяққа таптамай, керісінше 
екі жақтың да ақ батасын алатындай дәрежеге 
жеткізді. 
Еліміздің Жоғарғы Соты бабалардың осындай 
бай мұрасын заманға сай жаңғыртуда өлшеусіз 
еңбек етуде. Оған мысал, «Қазақстан Республи-
касының кейбір заңнамалық актілеріне азаматтық 
процестік заңнаманы жетілдіру және дауларды 
соттан тыс және сотқа дейінгі реттеу институтта-
рын дамыту мәселелері бойынша өзгерістер мен 
толықтырулар енгізу туралы» заңымен енгізілген 
толықтырулар «Медиация туралы» заңның аясын 
кеңейтті. Егер бұрын, медиация заңы тек, жеке 
және заңды тұлғалар қатысатын қатынастарда 
қолданылса, жаңа норма арқылы медиация енді 
әкімшілік органдар, лауазымды адамдар қатыса-
тын дауларда да қолданылатын болады.
Сондай-ақ, медиация – азаматтық, еңбек, от-
басылық даулардан, қылмыстық теріс қылықтар, 
онша ауыр емес және ауырлығы орташа қылмыс-
тардан бөлек, алдағы уақытта әкімшілік құқықтық 
қатынастардан, әкімшілік құқық бұзушылықтар 
туралы істер бойынша іс жүргізу барысында, 
және де Қылмыстық кодекстің 68-бабының екінші 
бөлігінде көзделген жағдайларда ауыр қылмыстар 
туралы істер бойынша қылмыстық сот ісін жүргізу 
барысында қаралатын даулар (жанжалдар) және 
атқарушылық іс жүргізуді орындау кезінде туын-
дайтын қатынас тарда да қолданылады. 
Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істер 
бойынша соттарда қаралатын істер санаты ол 
отбасы-тұрмыстық қарым қатынастар саласын-
дағы құқық бұзушылықтар. Олардың орасан зор 
үлесі құқық бұзушы мен жәбірленушінің тату-
ласуы арқылы бітімгершілікпен аяқталатыны 
белгілі. Сондықтан, бұл санаттағы істерге де ме-
диация заңының қолданылуын енгізу заңдылық. 
Енгізілген жаңашылдық бойынша, медиатор 
кәсіби немесе қоғамдық негізде медиация жүргізу 
үшін тараптарды тартатын тәуелсіз жеке тұлға. 
Кәсіпқой медиаторлардың медиацияны жүзеге 
асыру рәсімдері белгілі болса, қоғамдық медиатор-
лар жергілікті атқарушы органдар айқындайтын 
тәртіпке сәйкес өмірлік тәжірибесі мол, абырой-
лы және мінсіз беделі бар тұрғындар арасынан 
жергілікті қоғамдастықтың жиналысы (жиыны) 
арқылы сайланады. 
Ауылдық жерлерде медиацияны көбіне 
кәсіпқой емес медиаторлар жүзеге асыратыны, 
олардың жергілікті атқарушы органдар айқындай-
тын реестрлерге енгізілу тәртібінің мінсіз еместігі 
бұрыннан айтылып жүр.
Ендігі жерде кәсіби емес медиаторлар түсінігі 
жойылып, оның орнына жергілікті қоғамдас-
тықтың жиналысында сайланатын қоғамдық ме-
диатор түсінігі енгізілді. 
Мұның барлығы қоғамдағы қарым-қаты-
настарда медиация заңын кеңінен қолдануға, 
медиаторлардың жұмысын жандандыруға, жүй-
елендіруге бағытталған үлкен жұмыстардың 
нәтижесі.
БАТЫС ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫ


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   37




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет