Zanmedia. Kz қоғамдық-саяси, құқықтық газет



Pdf көрінісі
бет18/37
Дата18.06.2022
өлшемі1,02 Mb.
#146738
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   37
Байланысты:
ZG2022-7

Экономикалық реформа 
ше?
– Негізгі мақсат эконо­
миканың шикізат моделінен 
кетіп, экономикамызды, өн­
дірісімізді әртараптандырып 
инновациялық жолға түсіп, 
ары қарай қазақ қоғамын 
ізгілендіру болып табылады. 
Барлық байлықты (ресурсты) 
жаңа технология мен әлеу­
меттік инновацияға салсақ 
тез алға басамыз. Бұл жаңа 
қоғамдық және өндірістік 
қатынасқа, экономиканың 
дамуының жаңа моделіне өту 
деген сөз.
Жаңа заман, жаңа талапқа 
байланысты барлық шығын­
ды күрт азайтып, Мемлекетті 
басқарудың жаңа жүйесіне 
(моделіне) көшу керек. Сол 
кезде жаңа кадр саясаты, жаңа саяси 
және әлеуметтік­экономикалық рефор­
ма адамның тыныс­тіршілігіне тікелей 
әсер етері анық, сонда ғана халық билік­
ті қолдайтын болады. Мен «Мемлекетті 
бестік спиральмен (мемлекет, бизнес, 
ғылым, адам қажеттілігі, информа­
тизациялау) жаңаша басқару туралы 
жобамды» ҚР Президенті Қ.Тоқаевқа 
жібергенмін. 
Ең дұрысы, билік осы өзгерістерді 
өзі бастағаны жөн,өзі мұрындық болуы 
тиіс. Сонда ғана, осындай өркениетті ісі 
арқылы билік, шынында да, қоғамның 
саналы әрі салауатты күшіне арқа сүйей 
алады.
Түйінді ой ретінде айтарым, алды­
мыздағы екі онжылдықтағы ең басты 
қиындық – Мемлекетті тиімді басқаруда 
және жаңа технологияларға сай кәсіби 
біліктілікте болмақ.
– Сіз өзіңіз ұсынған мәдени ре
-
волюцияны тез арада іске асыру 
үшін нақты қаражатпен қамта
-
масыз етілуі тиіс 4 ұлттық жоба 
тетігі бар дедіңіз. Олар қандай 
тетіктер?
– Бірінші, Қазақстанда ашық 
нарықтық экономика болуы керек, 
әсіресе ашық саясат және қоғамды 
демократия ландыру, соңғысы жоқтың 
қасы. Ол үшін Конституциядан бастап 
бірқатар заңдардың қабылдануымен 
осы бағыттарды түбегейлі реформалау 
қажет, сот жүйесін халық сайлауымен 
қоса. 
Екінші, қоғамның рухани­тарихи 
жаңаруы – жаңа өркениетке жол. Негізгі 
назар – мәдени, тарихи, денсаулық, мо­
ральдық­адамгершілік құндылықтарға, 
әсіресе жаңа білімге аударылуы керек. 
Нағыз демократияны тек білімді ел, аза­
маттық қоғам құра алады. Осындайда 
ұлы Абайдың толық адам ілімінің жол 
картасын жасап, біздің рухани консти­
туциямыз ретінде халықты оқыту керек. 
Қазақстанға рухани­мәдени ренессанс 
қажет. 
Үшінші, ауылды жаңарту мен ауыл 
шаруашылығын дамытуға аса басым­
дық беру керек. Мұнай мен газдың 
орнына бренд астық пен ет өндірісі 
болуы керек. Қазақстан өзінің азық­
түлік мүмкіндігімен әлемнің бірнеше 
елін тамақтандыра алады. Жасанды 
интеллект, робототехника, адам геномы 
және басқалардың пайда болуымен 
байланысты №1 проблема адамдарды 
экологиялық таза өнімдермен және 
сумен қалай тамақтандыру біздің гено­
фондымызды сақтайды. Сондықтан дәл 
қазір мүмкіндікті жіберіп алмауымыз 
қажет және жақын арада азық­түлік 
державасына айналуымыз керек. Ол 
үшін үлкен инвестиция салу қажет. Егер 
азық­түлік державасы болғымыз келсе 
ауылшаруашылығы өнімдерінің жалпы 
ішкі өнімге шаққандағы үлесі қазіргі 
4,5 пайыздан кем дегенде 20­25 пайызға 
дейін өсуі керек. 
Төртінші, жаңа өндірістік құрылым 
саясатына, индустриалды­инновацияға 
көшу, технологиялық құрылымдарды 
жедел дамытудың тиісті Мемлекеттік 
бағдарламасы мен сыни технология­
ларды тез дамыту қажет. Біз алда инно­
вациялық дамыған экономикасы, гума­
низациялық қоғамы бар ел болуымыз 
керек.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   37




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет