Zanmedia. Kz қоғамдық-саяси, құқықтық газет


Рахман АЛШАНОВ, экономика ғылымдарының докторы, Туран университетінің ректоры



Pdf көрінісі
бет13/37
Дата18.06.2022
өлшемі1,02 Mb.
#146738
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   37
Байланысты:
ZG2022-7

Рахман АЛШАНОВ, экономика ғылымдарының докторы, Туран университетінің ректоры:
– «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қорын құрудағы негізгі мақсат мемлекеттік активті басқарудың 
тиімділігін көтеру болды. Сол себепті Кореядағы жетекші компаниялардың бәсекеге қабілеттілігін әлемдік 
деңгейге көтеру үшін құрылған Кегол деген компанияның үлгісі таңдалған болатын. Біз де қор жинап солай 
істейік дегенбіз. Өкінішке қарай, бұл ойымыз жүзеге аспады. «Самұрық-Қазына» қорындағы компаниялар 
табысының бәрін өз қажеттіліктеріне жұмсап, жалақыларын ұлғайтып, шетелден сарапшылар шақырумен 
әуестеніп кетті. Олардың бюджеті мемлекет бюджетінен асып кетті. Табыс теңдей бөліну керек еді. Олай 
болмады. «Самұрық-Қазына» биліктегілердің туыс-туғаны жиналатын жемқорлық орнына айналды. Біз әр-
дайым өзге елдердің тәжірибесін енгізген кезде сыртқы формасын аламыз да ішіндегі маңызы мен мағынасын 
жеткізе алмаймыз. Өйткені, оны ешкім бақыламайды. Сондықтан әрбір реформалық өзгерістің кейде эконо-
микаға пайдасынан зияны көп болды. 
С
І
З
 
Н
Е
 
Д
Е
Й
С
І
З
?


№7 (3435) 
25 қаңтар 2022
zangazet@mail.ru
4
ТҰҒЫР
АЛТЫН КӨМБЕ
Өлкетану 
музейлерінің 
тарихы тереңде
Ресми статистикаға көз жүгіртер 
болсақ, 1995–2020 жылдары еліміздегі 
музейлердің саны 87-ден 253-ке дейін 
өскенімен, келушілер саны 2,5-тен 2,3 
млн-ға дейін кеміген. Егер музейлердің 
құрамына көз жүгіртер болсақ оның 
100-і өлкетану, 59-ы мемориалдық
46-сы тарихи, 15-і қорық-музей, 10-ы 
өнертану, үшеуі жаратылыстану, ал 
қалған 20-сы өзге бағыттарда екен. Егер 
еліміздегі 14 облыс пен республикалық 
мәртебесі бар 3 қалада 161 ауылдық, 16 
қалалық аудан мен 37 облыстық мәні 
бар қала барын ескерер болсақ өлкетану 
музейлерінің саны әлі де аз екенін аңға-
ру қиын емес. Мәселен, республикада 
музей саны жағынан үздік үштіктің 
қатарында тұрған Алматы облысында 
26 музей бар. Облыстық мәдениет
архив және құжаттама басқармасының 
деректеріне қарағанда, өңірдегі 2363 
тарих және мәдениет ескерткіштерінің 
1 862-сі археологиялық, 501-і қала 
құрылысы және сәулет ескерткіштері 
екен. Оның төртеуі ЮНЕСКО-ның 
Бүкіләлемдік мәдени мұра тізіміне ен-
се, 12-сі республикалық маңызы бар
ескерткіш саналады. Егер өңірде 17 
аудан мен облыстық маңыздағы 3 қа-
ла барын ескерсек, Талдықорғандағы
М. Тынышпаев атындағы облыстық 
тарихи-өлкетану музейінің мүмкіндігі 
шектеулі деуге болады. Өйткені, өзге-
лерінің бағыты басқа. 
Өлкетану музейінсіз туризмді 
көзге елестету қиын деп айтуға бола
-
ды. Себебі бір өлкенің тарихи, мәдени 
нысандарын танып, білуде өлкетану 
музейі маңызды рөл атқарады. Ту
-
ризм саласының дамуына әсер ететін 
басты фактор – туристік нысандар. 
Оларды табиғи, тарихи-мәдени және 
әлеуметтік-экономикалық ресурстар 
деп жіктеуге болады. Сондықтан аты 
айтып тұрғандай өлкетану музейлері 
әрбір облыс, аудандар мен тіпті, елді 
мекендерде де болу керек. Көп адамдар
-
дың өз өлкесінің тарихын, мәдениетін 
жетік білмеуі туристік нысандарының 
инфрақұрылымының дамуына өз әсерін 
тигізуде. Қазақтың алғашқы өлкета
-
нушысы Шоқан Уәлиханов. Қазақстан
-
да 164 аудан мен 3 мыңнан астам елді 
мекеннің өзіне тән ерекшеліктері бар. 
Олар ғылыми түрде зерттелу үшін 
өлкетану музейлері керек
дейді 
«QAZAQ ELI TRAVEL» ЖШС бас ди-
ректоры Еркін Бейсекей. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   37




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет