РАҚЫМШЫЛЫҚ – ЖАҢА ӨМІР БАСТАУҒА БЕРІЛГЕН МҮМКІНДІК Тәуелсіздік алған 30 жыл ішінде елімізде 8 мәрте рақымшылық жа
-
салған. Соның кейінгі төртеуі Тәуелсіздік күніне орай жасалған екен.
Қазіргі таңда елімізде барлығы 64 түрме мен 16 тергеу изоляторы бар.
Онда 34 мың азамат қамауда отыр. Олардың 93% ауыр және аса ауыр
қылмыс жасағандар. Бостандыққа тек ауырлығы орташа заңбұзушылық
жасағандар шығады. Бүгінде 2 мың 236 адам рақымшылыққа ілінуден
үмітті. Енді бір мың сотталған абақтыдан босатылса, қалған мыңнан
астамының жазасын өтеу мерзімі қысқартылады. Сондай-ақ, пробация да
тіркеуде тұрған 11 мыңнан астам қылмыскердің жазасы жеңілдесе, тағы
1 294 адамның жазасын өтеу мерзімі қысқарады. Үстінен тергеу ісі енді
басталған 1 674 азамат қылмыстық жауапкершіліктен мүлде босатылуы
мүмкін.
Редакциямызға рақымшылыққа байланысты жолданған сауал көп. Оқырман сұрағына Түркістан облысы бойынша Қыл - мыстық-атқару жүйесі департаментінің аға инспекторы әділет майоры Сәбит СОПИЕВ жауап берді. * * *
Тәуелсіздіктің 30 жылдығына орай кімдерге рақымшылық жасалады, қай санаттағы сотталушыларға жеңілдік қарасты - рылмаған? Сәуле АҚБЕРГЕНОВА Түркістан облысы
– Ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай қабылданған рақымшылық заңына сай ардагерлерге, кәмелетке толмағандарға, жасы үлкендерге, І және ІІ топтағы мүгедектерге, қоғамға қауіп төндірмейтін адамдарға жеңілдік беріледі. Заңда жеңіл және орташа ауырлықтағы қылмыс жа - сағандарды, залал келтірмеген немесе залалды толық өтеген, мемлекет пен азаматтардың қауіпсіздігіне қауіп төндірмейтін сотталушыларды жазадан босату ұсынылған. Сондай-ақ, кейбір сотталушылар үшін негізгі жазаның мерзімі мен мөлшері қысқарады. Аталған топтағы адамдар тобын қарау кезінде келтірілген залалдың толық өтелгені, сондай-ақ осы заң қолданысқа енгізілген күні жазасын өтеуге бір жылдан көп емес уақыт қалғаны, теріс мінез-құлық танытпағаны ескеріледі. Өз кезегінде, жергілікті атқарушы органдар еңбекке жарамды адамдарды жұмыспен қамтуды қамтамасыз ету, сондай-ақ түрмеден босатылған кезде әлеу - меттік және басқа да көмек көрсету бойынша шаралар қабылдауы тиіс. Бірінші және екінші топтағы мүгедектерді, жүкті әйелдерді, сотталған, ата-ана құқығынан айырылмаған және осы заң қолданысқа енгізілген күні кәмелетке толмаған балалардың жалғыз ата-анасы деп танылған және ата-ана құқығынан айырылмаған әйелдерді де назардан тыс қалдырма - ды. Заңда қылмыстық теріс қылық жасаған және залал келтіруге әкеп соқпаған не оны толық өтеген азаматтар мен мемлекет қауіпсіздігіне қатер төндірмейтін онша ауыр емес, сондай-ақ ауырлығы орташа қыл - мыс жасаған сотталушыларды жазадан босату ұсынылады. Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған рақымшылық кәмелет жасына толмағандарға қатысты жыныстық сипаттағы қылмыс жасағандарға, сонымен қатар, жемқорларға, кісі өлтірушілерге, экстремистер мен қыл - мыстық топтың бұрынғы мүшелеріне қолданылмайды. * * *