Zanmedia. Kz қоғамдық-саяси, құқықтық газет



Pdf көрінісі
бет4/37
Дата18.06.2022
өлшемі1,02 Mb.
#146738
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   37
Байланысты:
ZG2022-7
Түйіндеме, қылмыс саты, Юриспруденция кафедрасы, century, famous teenagers you admire, пульмо, нефро каз, геронтология ж не гериатрия кітап, Геморрагические заболевания у детей
РАҚЫМШЫЛЫҚ – ЖАҢА ӨМІР 
БАСТАУҒА БЕРІЛГЕН МҮМКІНДІК
Тәуелсіздік алған 30 жыл ішінде елімізде 8 мәрте рақымшылық жа
-
салған. Соның кейінгі төртеуі Тәуелсіздік күніне орай жасалған екен. 
Қазіргі таңда елімізде барлығы 64 түрме мен 16 тергеу изоляторы бар. 
Онда 34 мың азамат қамауда отыр. Олардың 93% ауыр және аса ауыр 
қылмыс жасағандар. Бостандыққа тек ауырлығы орташа заңбұзушылық 
жасағандар шығады. Бүгінде 2 мың 236 адам рақымшылыққа ілінуден 
үмітті. Енді бір мың сотталған абақтыдан босатылса, қалған мыңнан 
астамының жазасын өтеу мерзімі қысқартылады. Сондай-ақ, пробация да 
тіркеуде тұрған 11 мыңнан астам қылмыскердің жазасы жеңілдесе, тағы 
1 294 адамның жазасын өтеу мерзімі қысқарады. Үстінен тергеу ісі енді 
басталған 1 674 азамат қылмыстық жауапкершіліктен мүлде босатылуы 
мүмкін. 
Редакциямызға рақымшылыққа байланысты жолданған 
сауал көп. Оқырман сұрағына Түркістан облысы бойынша Қыл
-
мыстық-атқару жүйесі департаментінің аға инспекторы әділет 
майоры Сәбит СОПИЕВ жауап берді.
* * * 
Тәуелсіздіктің 30 жылдығына орай кімдерге рақымшылық 
жасалады, қай санаттағы сотталушыларға жеңілдік қарасты
-
рылмаған?
Сәуле АҚБЕРГЕНОВА 
Түркістан облысы
– Ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай қабылданған рақымшылық 
заңына сай ардагерлерге, кәмелетке толмағандарға, жасы үлкендерге, І 
және ІІ топтағы мүгедектерге, қоғамға қауіп төндірмейтін адамдарға 
жеңілдік беріледі. Заңда жеңіл және орташа ауырлықтағы қылмыс жа
-
сағандарды, залал келтірмеген немесе залалды толық өтеген, мемлекет 
пен азаматтардың қауіпсіздігіне қауіп төндірмейтін сотталушыларды 
жазадан босату ұсынылған. Сондай-ақ, кейбір сотталушылар үшін негізгі 
жазаның мерзімі мен мөлшері қысқарады. Аталған топтағы адамдар 
тобын қарау кезінде келтірілген залалдың толық өтелгені, сондай-ақ 
осы заң қолданысқа енгізілген күні жазасын өтеуге бір жылдан көп емес 
уақыт қалғаны, теріс мінез-құлық танытпағаны ескеріледі. Өз кезегінде, 
жергілікті атқарушы органдар еңбекке жарамды адамдарды жұмыспен 
қамтуды қамтамасыз ету, сондай-ақ түрмеден босатылған кезде әлеу
-
меттік және басқа да көмек көрсету бойынша шаралар қабылдауы тиіс. 
Бірінші және екінші топтағы мүгедектерді, жүкті әйелдерді, сотталған, 
ата-ана құқығынан айырылмаған және осы заң қолданысқа енгізілген күні 
кәмелетке толмаған балалардың жалғыз ата-анасы деп танылған және 
ата-ана құқығынан айырылмаған әйелдерді де назардан тыс қалдырма
-
ды. Заңда қылмыстық теріс қылық жасаған және залал келтіруге әкеп 
соқпаған не оны толық өтеген азаматтар мен мемлекет қауіпсіздігіне 
қатер төндірмейтін онша ауыр емес, сондай-ақ ауырлығы орташа қыл
-
мыс жасаған сотталушыларды жазадан босату ұсынылады. Қазақстан 
Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған рақымшылық кәмелет жасына 
толмағандарға қатысты жыныстық сипаттағы қылмыс жасағандарға, 
сонымен қатар, жемқорларға, кісі өлтірушілерге, экстремистер мен қыл
-
мыстық топтың бұрынғы мүшелеріне қолданылмайды.
* * * 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   37




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет