Zanmedia. Kz қоғамдық-саяси, құқықтық газет



Pdf көрінісі
бет7/37
Дата18.06.2022
өлшемі1,02 Mb.
#146738
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   37
Байланысты:
ZG2022-7
Түйіндеме, қылмыс саты, Юриспруденция кафедрасы, century, famous teenagers you admire, пульмо, нефро каз, геронтология ж не гериатрия кітап, Геморрагические заболевания у детей
Бауыржан ТОҚБАЕВ
,
Жаңаөзен қалалық сотының 
төрағасы
Сұраңыз, жауап береміз!
ТҮЙТКІЛ
ЖЕКЕ СОТ ОРЫНДАУШЫ
ШЕШІМДІ ОРЫНДАСА – ЛАҒНЕТ, 
ОРЫНДАМАСА – РАҚМЕТ АЛАДЫ
Жеке сот орындаушылардың айлығы борышкерлерден 
өндірілген сома есебінен шығарылады. Кейбір борышкер
-
лерді күндіз шырақ жағып іздесең де таба алмайсың. Қа
-
рызын өз еркімен төлеуге ешкімнің құлық танытпайтыны 
бесенеден белгілі. Сонда олардың қаражаты неден құрала
-
тынын есептеп шығу қиын емес, десек те, имандылықты ту 
етіп ұстаған жеке сот орындаушылар өз қалтасынан ақша 
шығарып, жұмыссыз жүрген А деген азаматтың отбасына 
көмек көрсетіп, қант­шайын, ұнын әпергенін қалай айт
-
пассың. 
Тағы бір айтарым, жеке сот орындаушылар – Берік 
Мырзақұлов пен Олжас Омаров, Мақсат Жеткеров, Сәкен 
Рысбеков, Дидар Ибрагимовтар адамдарға қайсыбір мәсе
-
лені заң жүзінде шешу қажет болған кезде қолынан келген 
жәрдемдерін көрсетуден жалықпайды. 
Орайы келгенде, мына бір оқиғаны айтпай кетуге болмас. 
Жеке сот орындаушылар анасынан баласын алып кеткен 
әкені іздеп, сот шешімін орындау мақсатында шалғайдағы 
ауылдың біріне барады. Іздеген адам жоқ болғанымен, бала 
үйде екен. Сот шешімін көрсеткен жеке сот орындаушы
-
лар апасының қарсылығына қарамастан, баланы анасына 
қайтармақ болады. Мұны естіген баланың әкесі сот орын
-
даушылардың артынан қолына қару алып қуады. Бірақ сот 
орындаушылар оны адастырып, баланы анасының қолына 
аман­есен тапсырады. 
Бұл мақаланы жазуыма Ютуб арнасындағы жеке сот 
орындаушыларды жерден алып­жерге салып жамандаған 
бір мысал түрткі болды. Ал мақаланың тақырыбын жоға
-
рыдағыдай «Сот орындаушыға: берешегін өндірсе – лағнет, 
қарызын қайтарса – рақмет айтады» деп келтіруіміздің 
себебі сол. Сондықтан жеке сот орындаушылардың заң ая
-
сында жұмыс істеп, тек сот шешімін басшылыққа алатынын 
ұмытпаған абзал. 
Түркістан облыстық жеке сот орындаушылар палатасы
-
ның төрағасы Мақсат Зұлпықарұлы әр жиналыста «Аққа 
құдай да жақ, жігіттер! Біздің қызметте ең бастысы сабыр
-
лылық, мәдениеттілік қажет. Сонда ғана көздеген мақсаты
-
мызға жете аламыз», – деп өз қызметкерлерін парасаттылық 
пен сабырлылыққа шақырып отырады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   37




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет