Бердалы мырзаханов



Pdf көрінісі
бет111/128
Дата19.06.2022
өлшемі4,54 Mb.
#146808
1   ...   107   108   109   110   111   112   113   114   ...   128
Байланысты:
f616416553eca5 (2)

 
 
173 
жағдай жиі байқалады. Бұл адамдарға психологиялық 
сипаттама бергенде, олардың эмоциялық тұрақсыздығын, 
көңіл-күйінің қобалжуын, интроверттілігін айту керек. 
Тақырып 6.4. Кәсіби маңызды қасиеттер және 
менеджерлерді дайындау 
Ірі медициналық мекемелерде басқару мамандарының, 
яғни менеджерлердің болуы, бүтінгі күннің талабына, әрі 
шындығына айналып отыр. Медициналық қызметкер әлемі 
мен менеджерлер арасында маңызды айырмашылық барын 
айта кеткен жөн. Тарихи жағынан алғанда медицина менедж-
ментке қарағанда күшті интеллектуалдық негізге ие
,
Бұл екі 
саланың академиялық дәлдігінде бар айырмашылықты, олар-
ға қатысты әдебиеттерден де көруге болады. Медициналық 
қызметкер мен менеджер арасындағы маңызды айырмашы-
лықтар келесі сызбада берілген. 


 
174 
1. Менеджер мен медициналық қызметкерлер 
арасында ұқсастық бар ма?
Айырмашылықтарына қарамай медициналық қызметкер 
мен менеджерлердің ұқсастықтары да бар. Екі мамандық та 
өзіне тиянақты, адал қызмет адамдарды талап етеді. Медици-
налық қызметкер мен менеджерлер қаржылық стимулдарға 
көңіл бөлетіндіктен, қауіп-қатерді бағалап, жауапкершілікті 
өз мойындарына алады. Екі мамандық үшін де кәсіби термин-
дерді көп қолданғаннан гөрі, тиімді қарым-қатынасқа түсу 
өте маңызды. Тиімді басқару үшін менеджерге медициналық 
қызметкердің қолдауы керек, ал медициналық қызметкер 
тиімді жұмыс істеу үшін менеджерлердің көмегі керек деп 
сирек жағдайда ғана айтады. Соған қарамастан, бөлімше не-
месе клиникалық бөлімді басқаратын медициналық қызмет-
керге менеджметтік дағдылар керек-ақ. 
 
Медициналық қызметкер және менеджерлер: кім кімге 
керек? 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   107   108   109   110   111   112   113   114   ...   128




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет