171
тен тыс, өмірдің барлық сфераларында байқалады және Бұл
адамдарды таңдап қана, әрі шектеулі ғана уақьітта қарым-
қанынас жасауға әкеледі.
Үшінші
- «қажу фазасы» деп аталады. Бұл фазада адам-
ның күш-қуаты төмендеп, психовегетативті бұзылыстар бай-
қалады. Көңіл-күй төмендеп, үмітсіздік, мазасыздық пен
болашаққа сенбеу бой алады. Мұның бәрі психикалық іс-
әрекеттің бұзылысына әкеледі, яғни есте сақтау төмендейді,
зейінділік бұзылады және соматикалық симптомдар: түрлі
ауру сезімдері, жүрек-қан тамырларының, басқа да физиоло-
гиялық ауытқулар туындай бастайды.
Эмоционалды әсер ету, науқаспен қарым-қатынас жасау-
дың басында өте маңызды. Әрі қарай қарым-қатынастың
эмоционалды қарқындылығы емдеу кезеңдерінің кейбір
маңызды тұстарында артуы мүмкін, мысалы ота жасату
жөнінде қабылданған шешімнен бас тарту, ұзаққа созылатын
және ауыр өтетін емдеу шарасына көндіру қажеттілігі
туындаған жағдайда. Науқастың өміріне қауіп төніп тұрған
жағдайда, депрессиялы науқаспен, суицидке бейім немесе
психикалық ауыр стресс алған адамдармен (жақыны қайтыс
болған, ажырасып кеткен т.б.) қарым-қатынас жасауда
эмоционалды әсер етудің рөлі өте маңызды.
Достарыңызбен бөлісу: