Бердалы мырзаханов


Тақырып 6.3 Медицина қызметкерінің кәсіби



Pdf көрінісі
бет105/128
Дата19.06.2022
өлшемі4,54 Mb.
#146808
1   ...   101   102   103   104   105   106   107   108   ...   128
Байланысты:
f616416553eca5 (2)

Тақырып 6.3 Медицина қызметкерінің кәсіби 
деформациялануы 
Кәсіптік деформация 
дегеніміз - медициналық қызмет-
керлердің психологиялық болмысына мамандығының жасай-
тын әсері. Көп жылдар бойы бір жұмыс түрін қайталап ат-
қарудың салдарынан қажу, шаршау, мамандығының ішіндегі 
басқа жұмыс түрлерін орындамаудың кезінде оларды ұмыту, 
медициналық қызметкердің тұлға ретінде дамуына, еңбек 
жетістігіне кері әсерін тигізеді. Кәсіптік деформация адаммен 
қарым-қатынас жасайтын қызметтерге тән . 
Адам адаммен қарым-қатынасқа түсетін мамандықтарға, 
өзара психологиялық әрекетке ұшырайды. Бұндай ситуация
оның билігін бақылау мен шектеу мүмкін емес немесе қиынға 
соғатын жағдайларда байқалады. Әрине, медициналық нау-
қасқа билік жасайды, себебі оның денсаулығы медициналық 
қызметкерге байланысты болады. Кәсіптік деформация, кәсі-
би адаптацияға байланысты, яғни дәрігер науқастың қина-
луына үйреніп, бейімделуі негізінде пайда болады. Әрине, 
медициналық қызметкерге эмоционалдық қарсы тұру қабілеті 
де керек, бірақ ол мамандықтың оңды қасиеттерін, этика 
нормалары негіздерін тиісті сақтауы қажет. 
Кәсіптік деформациясының белгілері:
1.
Науқас тұлғасына медициналық қызметкер біртұтас 
көзқараста болмауы, яғни оны бөлшектеп, жеке симптом мен 
синдромдар тасымалдаушы объект ретінде қарастырғаны. 


 
 
165 
Мысалы, «Мені (медициналық қызметкерді) тек науқастың 
жүрек бұзылыстары ғана қызықтырады». 
2.
Мамандыққа тән сөйлемшелерді (жаргон) қолдануы, 
медициналық қызметкердің науқасқа дерт тасымалдаушы 
ретінде көзқарасын білдіреді. Мысалы бауыры ауырған 
адамға «циротик» деп айтуы, бронх ауруылар науқасқа 
«астматик» деуі. 
3.
Науқасқа және оның туыстарына немқұрайлы, кейігіш 
және асығыс түрде қарым-қатынас жасау. Мысалы, егде 
адамға «алжыған шал қарапайым адамға «бейшара» деуі, 
адамның намысына тиіп, оныңренішін тудырады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   101   102   103   104   105   106   107   108   ...   128




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет