Бердалы мырзаханов


Кәсіптік деформацияның үлгісі



Pdf көрінісі
бет106/128
Дата19.06.2022
өлшемі4,54 Mb.
#146808
1   ...   102   103   104   105   106   107   108   109   ...   128
Байланысты:
f616416553eca5 (2)

Кәсіптік деформацияның үлгісі. 
Өз міндетін атқарғанда, 
медициналық қызметкерді әкімшілік қорғап, оның жұмысын 
арнайы нұсқаулар бойынша реттеп отырады. Бұл нұсқаулар 
арқылы әкімшілігінің жұмысын бағалап, қадағалап отырады 
және аурумен қатысуын реттейді. Осы себептен кәсіптік 
бұзылыстар (деформациялар) пайда болады. Медицина қыз-
меткерінің сана-сезімі өзгереді, Бұл оның клиникалық 
жағдайына да әсер береді. Медициналық қызметкердің Бұл 
нұсқауларды ашық шынайы қабылдауы немесе қабылдамауы 
оның өз еркінде. 
Егер медициналық қызметкер әкімшілік нұсқауларын 
толық қабылдап, оларды мамандық міндетін атқаруда ең 
сенімді жол деген ұғымға келсе, науқасқа функционалдық 
қөзқараста болады. Яғни, ол ауру адамда біртұтас, жинақты 
тұлға ретінде бағаламай, оны бір симптомда тасымалдаушы 
объект тәрізді қабылдайды. Осы себептен, дәрігердің тұлғасы 
да теріс өзгеріске (деформацияға) ұшырайды. 
Медициналық қызметкер маман ретінде міндетін атқарған 
кезде көптеген фантомдарға (стандартқа) сүйенеді. Кәсіптік 
әрекеттердің стандарты (фантом) дегеніміз - жеке тұлғасыз 
берілген, дайын қоғамда жиналған, білімдер (мамандық 
әрекеттерінің алгоритмі) жиынтығы. 
Қарапайым адамға медициналық қызметкердің әрекеті 
дуагер, сиқыршы тек медициналық қызметкердің қолынан 


 
166 
келетін іс сияқты көрінеді. Науқастанған адамның ойы - «тек 
дәрігер ғана мені дерттен қүтқарады», - деген негізінде ол 
толық дәрігердің билігіне ісулшылық етеді. Осыған байла-
нысты дәрігер дайын стандартқа (фантомға) бейімделіп, 
оларды шындыққа ақиқатқа балайды. Ал аурудың жеке 
меншікті тұлғасын, оның психологиясын, өмір жайын ескер-
мейді, елемейді. Сондықтан, медициналық қызметкердің 
психологиясы осыған қалыптасып, теріс өзгеріске тап 
болады. 
Көптеген жағдайларда фантомдық санасы пациентпен 
қайшылыққа келеді. Науқастың ойында медициналық қыз-
меткердің бейнесі (образы) әрқашан да оңды, үлгілі, себебі 
оны сүйікті ұстазымен, анасымен салыстырып, қамқоршы 
ретінде санайды. Осындай қарым-қатынас үрдісі нәтижесінде 
науқас медициналық қызметкер туралы келесі тұжырымға 
келеді: 

Медициналық қызметкер науқас қайғысын жақын 
тұтады; 

Медициналық қызметкер нейтралды көзқараста; 

Медициналық қызметкер немқұрайлы, әрекетсіз 
Олардың арасындағы қарым-қатынас онды немесе оңды 
болмайды, олардың бір-біріне сенімі тумайды. 
Сондықтан, әр медициналық қызметкер қызметінің бас-
тапқы кезінен, өзінде гуманизм қасиеттерін тәрбиелеп
әрқашанда негізге алып отыруы қажет. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   102   103   104   105   106   107   108   109   ...   128




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет