104
ІІ Индивидуальді психологиялық факторлар:
темперамент қасиеттері;
мінезінің ерекшеліктері;
Жынысы
Науқастың жынысы сырқатқа деген субъективті
қатынасқа және оған деген көзқарастың қалыптасуына әсер
етеді. Науқастың жынысына байланысты әйел адамдар ер
кісілерге қарағанда ауырсыну сезімін, дене қозғалысының
шектелуін төзімділікпен көтереді. Батыс елдердегі көзқарас
бойынша босану кезіндегі ауырсыну сезімі, адам баласына
берілетін ең бір қатты ауырсыну сезімі болып табылады.
Осының нәтижесінде әйел адамдарда ауырсыну сезіміне төзу
қабілеті табиғи қалыптасқан.
Медицинада психологиялық қарым-қатынастың иммоби-
лизацияға (сүйек сынықтарында), яғни дене қозғалысы шек-
телуіне әсері бұрыннан белгілі. Ер адамдар әйел адамдарға
қарағанда эмоциональдық ауырлықты нашар көтереді. Әсіре-
се, Бұл бірнеше айлар бойы қимылы шектеліп жататын
науқастары бар, травматология бөлімшесінде айқын аңғары-
лады. Физикалық қозғалмау - адам денесінің бөліктерінің
субъективті қасиеттерін өзгертеді. Адамның өз-өзін бағалауы
психологиялық тұрғыда дене бөліктерінің дәстүрлі және
отбасылық қасиеттері уақытша өзгереді.
Достарыңызбен бөлісу: