Бердалы мырзаханов



Pdf көрінісі
бет64/128
Дата19.06.2022
өлшемі4,54 Mb.
#146808
1   ...   60   61   62   63   64   65   66   67   ...   128
Байланысты:
f616416553eca5 (2)

Жас шамасы 
Сырқатқа субъективті әсердің қалыпта-
суына науқастың жас шамасы да ықпал етеді. Әрбір жас 
шамасында дерттің өз ауырлық дәрежесі болады, сондықтан 
ауырлық дәрежесін әлеуметтік психологиялық және ауырлы-
ғына байланысты топтауға болады. 
Жас балалардың, жасөспірімдердің өздерінің сыртқы бет- 
элпетінің өзгертетін дерттеріне шыдауы, оны көтеруі, оған 
төзімділігі аса қиындықтар тудырады. Себебі, жастар үшін 
түрінің сымбатты болуы қасиеттер жүйесінің негізі болып 
табылады. Сондықтан, медициналық тұрғыда өмірге қауіп 
төндірмейтін, бірақ сыртқы келбетін ұнамсыз көрсететін 
ауруға деген науқастардың психологиялық реакциясы күш-
тірек болады. Жастардың дерттерге көзқарасы бойынша оның 
бет әлпетіне, сымбатына кері әсер тигізетін аллергиядан 


 
 
105 
туындаған тері өзгерістері, күйіктерден пайда болған 
тыртықтар, т.б жатады. 
Ешбір басқа жаста жасөспірімдердегі бетіне сыздауық 
шыққандағыдай психологиялық реакция анықталмайды. Жас 
адамның бет әлпетіне кері әсерін тигізетін дерттердің пайда 
болуында туындайтын психиопатологиялық синдром – дис-
фомания, тек осы жаста ғана байқалады. Дисфоманиялық 
синдром дамығанда әсіресе, қыз балаларда өзін «көріксіз 
есептеу» жайында жалған сезім туындайды. Бұл жасөспі-
рімнің дене бітімінің өзгерістері нәтижесінде дамиды. 
Үлкен жастағы науқастар созылмалы және мүгедектікке 
әкелетін сырқаттарға, ауыр психологиялық жауап қайтарады. 
Егде жастағы науқастарға онкологиялық, созылмалы сомати-
калық аурулар психология тұрғысынан айтарлықтай кері әсер 
жасайды. 
Қарт адамдарға өлімге әкелетін сырқаттар ауыр тиеді. 
Инфаркт, инсульт, онкологиялық аурулар қарт адамдарға 
еңбекке қабілетінің төмендететінен емес, өлімге әкелу мүмкін 
екендігінен қорқыныш әкеледі. 
Мамаыдығы. 
Орта жастағы адамдар сырқаттың ауырлы-
ғын, оның болашақ өміріне, еңбекке қабілеттілігіне кері 
әсерін тигізетін белгілеріне қарай бағалайды. Науқасқа 
қандай да бір мүшенің зақымдануын білу маңызды болады. 
Мысалы, спортшылар немесе спорттың кейбір түрімен 
айналысатын науқастарға остеохондроз секілді дерттер ауыр 
тиеді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   60   61   62   63   64   65   66   67   ...   128




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет