109
мінез-құлқына,
оның дертіне, психологиялық реакциясына
негізделе отырып, емдеу процесіне адамның өзін тартып
қатыстырып отырса, жоғары нәтижеге жету мүмкіншілігі бар
екені мәлім. Тұлғаның ерекшеліктеріне, өмірдегі және әлеу-
меттік орнына, жағдайына байланысты
әр ауру адам сырқа-
тына түрлі көзқараста болуы мүмкін. Көптеген зерттеулердің
нәтижесінде ауру адамның өз дертіне қатынасы (реакциясы)
келесі түрде болатыны анықталған: гармониялық, эргопатия-
лық, нозофобты, нозофильді, апатиялық, параноялдық, нев-
растениялық, эйфориялық, эгоцентриялық, анозогнозиялық,
сенсетивтік.
Дерт
адамның жанұясына, әлеуметтік жағдайына, көңіл-
күйіне, яғни өміріне де үлкен әсер етеді. Әсіресе, күрделі
және асқынган ауруларда, обыр ауруында, мүшелері алынған
операциялардан кейін адам өмірі күрт өзгеріп, жұмысқа
қабілеті болмай мүгедектікке ұшырайды.
Ауруға деген науқас реакциясының бірнеше негізгі
түрлері
байқалады, олар науқастың бейімдеушілік қабілетін
медициналық
қызметкердің
бағалауымен
сипаттайды.
Науқастың ауруға қатынасының түрлерін келесі үш бағытқа
бөлуге болады:
Хал-жағдайына және шағымдарына қатынасы;
Емдеуге және медициналық қызметкеріне қарым-
қатынасы;
Әлеуметтік ортаға қарым-қатынасы.
Достарыңызбен бөлісу: