112
орындай береді, жанүяда және қоғамда қалыпты жағдайын
сақтайды. Аурудың дамып үдеген кезінде оның белгілерін
жасыру қиын, не мүмкін болмаған жағдайда да ол өзі
таңдаған тәртіп бағытын сақтай береді.
Аггравация
- ауру белгілерін, жағдайының ауырлығын
арттырып асыра айту. Бұл жағдайда адам өзін аурудан
шектен тыс, өте ауыр және қауіпті деп көрсетеді. Аггравация
истерияға шалдыққан адамдарда кездеседі. Өзіне басқалар-
дың назарын аудару және ниетін қоса білдіру, басқалардың
көңіл-күйіне әсер ету үшін немесе жеке басының пайдасын
табу мақсатында іске асырылады.
Көбінесе бұл егде адамдарда кездеседі (жалғыздықтан
қорқуы, дәрігерлердің назарын тарту үшін, т.б). Аггравация-
ны толық санасыз психологиялық реакция деуге болмайды,
себебі науқас Мұнда арнайы мақсат қойып, себебін анық
біледі.
Достарыңызбен бөлісу: