113
Аурудың дертке психологиялық реякциясын анықтауда
оның туысқандарының, достары және қызметтестерінің қаты-
насы да өте маңызды болады. Жақындарының назарынан,
қамқорлығынан айырылған адам, тез арада мамандық әреке-
тіне оралып, айырылған жақындарының ынта - ықыласын
қайтаруға тырысады.
Симуляция.
Бұл адамның ауруға жасаған әрекеті емес,
себебі адамда дерт жоқ. Симуляция дегеніміз - ауруға шал-
дықпаған адамның саналы түрде дерттің белгілерін ұсынып,
шағымдануы.
Симуляция адамға ауру пайда әкелетін кезде байқалады,
мысалы, әскери міндеттен қашу, мүгедектік алу, сот жазасы-
нан кұтылу, т.б. білім дәрежесі төмен, медицинадан хабарсыз
және аңқау, әлеуметті жетілмеген адамдарда симуляция жиі
кездеседі. Сонымен қатар, медициналық білімі бар, тәжіри-
белі, денсаулық сақтау саласында қызмет атқаратын адам-
дарда таңдаған дертті жақсы оқып, біліп алып симуляция
әрекетін жасайды.
Адамның ауру туралы көзқарасы, реакциясы
Достарыңызбен бөлісу: