Бердалы мырзаханов



Pdf көрінісі
бет68/128
Дата19.06.2022
өлшемі4,54 Mb.
#146808
1   ...   64   65   66   67   68   69   70   71   ...   128
Байланысты:
f616416553eca5 (2)

Гармониялық
- өзінің хал-жағдайын адекватты, қалыпты 
түсінетін және барлық жағдайды жамандық жағынан қара-
май, бірақ қуаныш сезімінсіз бағалайды, емдеуге белсенді 
түрде қатысады. Науқас басқа адамдарға өзінің салмағын 
түсіргісі келмейді. Егер дерттің жағымсыз болжауы (прогно-
зы) болса, мүгедектікке ұшыраса, өз күш-қайратын жақын-
дарына көмектесуге, өз шамасына, денсаулыға қарай, өмірде 
өз орнын табуға тырысады. 
Эргопатиялық
- науқастың аурудан алшақтау үшін жұ-
мысқа берілуімен сипатталады. Тіпті дерттің ауырлық 


 
110 
дәрежесінде де науқас өз жұмысын ары қарай атқарады. Онда 
өте жоғары жауапкершілік, жұмысқа деген құштарлық 
болады. Науқас зерттеулерге және емдеуге енжарлықпен 
қарайды. Науқастың Бұндай көзқарасының себебі - өзінің 
профессионалды статусын сақтаумен және белсенді жұмыс 
қызметін 
ары 
қарай 
жалғастыруға 
құштарлығымен 
сипатталады. 
Нозофильді -
адамда ауруым бар деген жоғары құнды 
идеялар пайда болады, сол себептен ауруды емдеумен және 
өзін-өзі емдеу туралы елестетулер пайда болады. 
Нозофобты
- науқас кемтар болып қалудан, өзіндегі 
ауруынан айығамауынан қорқады. 
Анозогностикалық -
ауру туралы ойлардан, оның 
асқынуынан, теріс жақтарынан белсенді түрде алшақ тұру. 
Ипохондриялық типте
субъективті жағымсыз сезімдерге 
көп көңіл бөлуі және олар туралы айналадағы адамдарға 
әңгіме түрінде жиі айтуы кездеседі. Науқастардың дертіне 
көзқарасының ең жиі кездесетін варианты. 
Мазасыз типте-аурудың
жағымсыз дамуына, ауру ағы-
мына, оның асқынуының пайда болуына, тиімсіз және тіпті 
емдеудің өмірге қауіпті болуына күдікпен қарайды, жаңа 
емдеудің тәсілдерін іздестіреді. Бұндай науқастардың ауруға 
реакциясы қозғыштықпен сипатталады, олар көбінесе ауыру 
сезімі кезінде қатты мазасызданады. Бұл типтегі реакция ауру 
туралы қосымша мәліметтерді және емдеу тәсілдерін қарас-
тыруға құштарлықпен сипатталады, «беделді мамандарды» 
іздестіру байқалады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   64   65   66   67   68   69   70   71   ...   128




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет