Бердалы мырзаханов


Темперамент ерекшеліктері



Pdf көрінісі
бет65/128
Дата19.06.2022
өлшемі4,54 Mb.
#146808
1   ...   61   62   63   64   65   66   67   68   ...   128
Байланысты:
f616416553eca5 (2)

Темперамент ерекшеліктері 
Темперамент - индивидтің 
психикалық жүйесінің, психикалық үрдістер мен жағдайы-
ның ырғағы, қарқыны, ритмінің динамикалық ерекшеліктері-
мен сипатталады. Темперамент параметрлеріне сәйкес дертке 
деген науқастың психологиялық реакциясын анықтауда
эмоциональдық ауырсынуды көтеру, дене қимылының шек-
телуі секілді қиындықтарды көтеру маңызды қызмет 
атқарады. 


 
106 
Көбінесе ауырсыну сезімі науқастың эмоционалдық жағ-
дайымен байланысты болады. Темперамент типтеріне байла-
нысты ауырсыну табалдырығы холерик пен меланхолик-
терде, сангвиник пен флегматикпен салыстырғанда төмен 
екені анықталған. 
Мінездің ерекшеліктері 
Сырқатқа деген субъективті 
жауап беру науқастың отбасындағы тәрбиесіне, соның ішінде 
ауыру сезіміне төзімділік, шыдамдылық, жас баланың ден-
саулық 
параметрлеріндегі 
иерархиялық 
қасиеттеріне 
байланысты. 
Ауруға субъективті әсерді отбасында тәрбиелеудің екі жо-
лы бар: «ұстамдылық» және «ипохондриялық». Бірінші түрін-
де бала өзін нашар сезінгенімен күрескені үшін ата-анасының 
тарапынан мадақтау алады, бағаланады. Олар баланы ақтап, 
пайда болған ауырсыну сезіміне аса көп назар аудармайды. 
Бұл баланы шыдамдылыққа баулиды. «Ипохондриялық» 
түрінде отбасында денсаулық аса жоғары бағаланады. Бұл 
кезде ата-аналар сырқаттың бастапқы симптомдарын байқап, 
анықтағаны үшін баласын бағалайды. Отбасында баланың 
денсаулығында қандай да бір өзгерістер туған жағдайда, осы 
пайда болған өзгерістерге қоршаған адамдардың барлығы да 
назар аударуы керек деп бала тәрбиеленеді. Отбасылық 
дәстүр ауруларды ауырлық дәрежесіне қарай жіктейді. 
Мысалы, егер отбасында бір дерттің әсерінен дүниеден 
өткен адам болса, сол ауру ең ауыр дерт деп саналады. 
Ауру тұлғасының ауруға психологиялық реакциясының 
негізінде дерт туралы өз көрінісі, білімі пайда болуын - 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   61   62   63   64   65   66   67   68   ...   128




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет