Бердалы мырзаханов



Pdf көрінісі
бет77/128
Дата19.06.2022
өлшемі4,54 Mb.
#146808
1   ...   73   74   75   76   77   78   79   80   ...   128
Байланысты:
f616416553eca5 (2)

 
 
121 
ция кезінде маңызды болып есептелінеді. Егер, әңгіме бары-
сында адам өзінің сұхбаттасушысына қарамаса, онда оны 
шынайы емес, сенім білдіруге болмайтын адам деп қабыл-
дайды. АҚШ-та визуалды контакт адамдар арасындағы сенім-
ділікті арттыруға көмектеседі. Дегенмен, сөздік емес тәсіл-
дердің аймақтық ерекшеліктері де бар. Ағылшындар сөйлеу-
шіге бір нүктені белгілеп алып қарайды. Солтүстік американ-
дықтар сөйлеушінің бір көзінен ауысып, тіпті басқа жаққа 
қарап кетуі де мүмкін. Кейбір Азия мәдениетінде әйелдердің 
ер адам көзіне, әсіресе бөтен таныс емес еркектерге қарауына 
тыйым салынады. Арабтар тіке көзге қарауды жөн көрсе, 
жапондықтар адамның көзіне емес тамағына (мойынына) 
қарайды екен. Түрік халқы қүрмет көрсету кезінде көзін тө-
мен салады. Ал камбоджиялықтар басқа адамның көзқарасын 
оның ішкі әлеміне, жан дүниесіне қол суғу, намысқа тию деп 
қабылдайды. 
Мәдениет аралық қарым-қатынас үшін жанасудың қандай 
маңызы бар? 
Жанасуға: қол алысу, сипау, сүю, күшақтасу, арқадан қағу 
және т.б жатады. Мүны салыстырмалы зерттеу жанасу кеңі-
нен тараған контактілігі мәдениеттің және жанасу, көп құп-
тала бермейтін дистантты мәдениеттің бар екенін көрсетті. 
Жанасу кеңінен тараған елдерге латын америка және оңтүс-
тік-европа мәдениеті кіреді. Және Бұл ортаға қазақ мәдениеті 
мен аздап орыс мәдениетін кіргізуге болады. Себебі, қазақ 
ұлты жанасу арқылы түрлі сезімдерін білдіріп жатады. Бүған 
мәдениеті қайшы келетін елдерге солтүстік Америка, 
солтүстік Европа, Қытай және Жапон елдері жатады. Әсіресе, 
азия халқы біршама қашықтық ұстанып, жанасуды 
кұптамайды. 
Мәдениет аралық қарым-қатынаста қол алысудың 
рөлі қандай? 
Қол алысу, сәлемдесу мен қоштасудың белгісі ретінде, 
өзіндік мәдени ерекшеліктерге ие. Қол алысудың бірнеше 
түрлері бар және оның әрқайсысының өзіндік мағынасы бар. 


 
122 

алақанды сәлемдесушінің алақанына тосып жоғары 
қарату- Бұл бағынудың, басқаның өзінен басым екенін іштей 
мойындаудың белгісі; 

алақаннан сәлемдесушінің алақаны төмен қарауы, 
керісінше үстемділік танытуға, жағдайды өз қолына алуға 
деген ұмтылысты білдіреді; 

қолдың тігінен орналасуы, қолдап амандасу, теңдіктің 
белгісі; 

«қолғап» деп аталатын қол алысу (қолдап амандасу) 
ашықтықтың, достықтың, сенім білдіруге деген ниеттің 
белгісі. 
Жоғарыда аталған сәлемдесу түрлерін пайдаланудың түрлі 
мәдени ерекшеліктері бар. Мәселен, қытайлықтар қол алыс-
пауға тырысады. Керісінше, батыс европалықтар мен амери-
кандықтар қаттырақ, ашық қол алысқанды қалайды. Сонымен 
қатар, сәлемдесу кезінде олар бір-бірінің қолын бірнеше 
қайта сілкілеп алады. 
Егер медициналық қызметкер науқаспен 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   73   74   75   76   77   78   79   80   ...   128




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет