АИД/ЖҚТБ өмір сүретін науқастармен жұмыс жаса-
ғанда мына жағдайларды білген маңызды:
АҚТҚ жұқтырған клиент міндетте түрде АИД/ЖҚТБ
туралы бірнәрсе біледі- деп алдын-ала ойламаңыз.
134
АҚТҚ жұқтырған науқастар қорыққандықтан, біреу-
мен әңгімелесуді қажет еткендіктен келеді, сондықтан ақпа-
рат бермес бұрын оларға ішіндегісін шығаруға мүмкіндік
беріңіз.
Шын көңіліңізден көмектескіңіз келсе де, өзіңізді
қолыңыздан ештеңе келмейтін адам деп сезінетін кездеріңіз
болатынына дайын болыңыз.
Науқасқа шектен тыс ақпарат бермеу керек.
«Мен білмеймін»-деп айта біліңіз... Егер, сіз бір
сұраққа жауап беруге қиналсаңыз, оны мойындауға ұялма-
ңыз: Бұл сіз бен клиент арасындағы сенімділікті орнатуға
көмектеседі. Келесі жолы,
ол келгенше бұл сұраққа жауап тауып қоятынды-
ғыңызды немесе ақпарат алу үшін кімге бару керектігін
айтыңыз.
Кейбір жағдайларда науқаста ыза болуы мүмкін. Оны
жүрегіңізге жақын қабылдамаңыз.
Науқасқа дауысыңыздың тонымен және қатына-
сыңызбен, оның біздің қоғамымыздың толыққанды мүшесі
болып қала беретінін көрсетіңіз.
Тақырып 5.7 Әртүрлі жастағы науқастармен қарым-
қатынас жасау
Жасы егде ауру адамдармен қарым-
қатынас.
Жастары ұлғайған науқастармен сұх-
баттасудың өзіндік ерекшіліктері бар. Үл-
кен жастағы науқастардың реакциясы,
есту, көру қабілеті төмен болуы мүмкін. Олар көбінесе
қимылдарын шектейтін, қиындықтар туғызатын созылмалы
аурулармен сырқаттанады. Үлкен жастағы науқастар, емдеу
ақысын жоғарылатудан қорыққаннан немесе диагностиалық,
емдеу процедураларымен байланысты туатын қиындықтар-
дан қашу мақсатында өзінің симптомдарын ашық айтудан бас
тартады. Кейбір науқастар көрініс берген симптомдарды
|