Бердалы мырзаханов



Pdf көрінісі
бет81/128
Дата19.06.2022
өлшемі4,54 Mb.
#146808
1   ...   77   78   79   80   81   82   83   84   ...   128
Байланысты:
f616416553eca5 (2)

«Өш алу» дегеніміз не? 
Ең алдымен, өшпенділік ауытқуы немесе шеттен шыққан 
жағдай еместігін түсінуіміз керек. Әрқайсымыз кейде болса 
да ашуланамыз. Өмірде ашу, ашулы ой мен әрекет көрініс 
бермейтін жағдайлар жоқ. Өмірде орындалатын әрекеттер, аз 
деңгейде болса да ашумен мотивацияланады. Ашудың өзінің 
мәні бар-ол өзін-өзі қорғау құралы, сонымен қатар, қорқы-
нышқа қарағанда ол адамды күшті әрекеттерге итермелейді. 
Яғни, ашу қауіп-қатер жайлы белгі беретін үрей мен 
қорқыныш сияқты өзін-өзі қорғайтын сезім ғана емес, ол 
өшпенділік туғызатын күй. 
Ашудың себебі неде? 
Медициналық қызметкер үшін ашудың пайда болу себебін 
білу өте маңызды. Әр пациенттің ашуының себебі, оның 
өмірлік жағдайларында жатады. Әр ашудың адам өміріне тән 
«тарихы» бар. Өмір сүру барысында, әсіресе, балалық шақта, 
«ашулану стилі» қалыптасады; бірнәрсеге ашулансақ, ашу 
жиналып, сыртқа шығады. 
Кейбір пациенттер медициналық қызметкер бұйырып 
сөйлесе ашуланады; басқалары - не істеу керектігін Дұрыс, 
әрі нақты айтпаса ашуланады, үшіншілері - жеке басқа қа-
тысты көп сұрақтар қойылса, оны артық қызығушылық деп 
есептеп ашуланады т.с.с. Ұқсас жағдайлар, кейбір пациент-
терді ашуланшақтыққа итермелесе, басқалары оған ашулан-
байды. 


 
 
129 
Әлеуметке қарсы болу дегеніміз не?
Әлеуметке қарсылық- Бұл өте күрделі әрі болжамдалуы 
қиын тұлғалық ауытқу, ол түрлі симптомдар ретінде көрініс 
бермей, мінез- құлық бұзылыстары ретінде көрінеді. Бұрын 
Бұл ауытқуды «психопатиялық тұлға» немесе «социопаттық 
тұлға» деп анықтайтын (Бұл терминдер эдебиеттерде әлі де 
кездеседі). Социопаттар әлеуметтік ортаға нашар бейімделіп, 
қоғамның талаптары мен моральдық нормаларға көңіл 
аудармай, қоғамда өмір сүру ережелері мен заңдылықтарын, 
өзінің инстиктивті қажеттіліктеріне қанағаттандыру үшін, 
қоғамда өмір сүру ережелері мен заңдарын жазадан да 
қорықпай бұзуға бейім болып келеді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   77   78   79   80   81   82   83   84   ...   128




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет