Бердалы мырзаханов


Фетишизм  - сүйіктісінің киіміне немесе дене бөліктеріне  табыну. Көбінесе ер адамдарға тән .  Педофилия



Pdf көрінісі
бет84/128
Дата19.06.2022
өлшемі4,54 Mb.
#146808
1   ...   80   81   82   83   84   85   86   87   ...   128
Байланысты:
f616416553eca5 (2)

Фетишизм 
- сүйіктісінің киіміне немесе дене бөліктеріне 
табыну. Көбінесе ер адамдарға тән . 
Педофилия 
- балаларға деген патологиялық тұрғыдағы 
сексуалдық ұмтылыс. Әдетте, педофил мазохистікке бейім 
және белсіздікпен ауыратын адам болып келеді. Ол үшін 
бала, еш қауіп төндірмейтін жыныстық нысан деп қабыл-
данады. 
Трансвестизм 
- басқа жыныстың киімін киюден немесе 
жынысын ауыстырып, басқа рөл ойнаудан туатын жыныстық 
қанағаттану. Әдетте, ер адамдар арасында жиі кездеседі. Бұл 
адамдарға бала кезінен-ақ жыныстық идентификациясын 
ажырата алмау тән. 
Эксгибиционизм 
- басқа жыныс адамдарына өзінің жы-
ныстық мүшелерін көрсету арқылы жыныстық қанағаттану, 
ләззат алу. Ол өзінің сексуалдық күшін дәлелдеуге, көрсету 
деген компенсаторлық ұмтылыс, Бұл көбінесе еркектерде 
кездеседі. Өзінің жыныстық мүшесін көрсету үшін таңдап 
алынған адамның қорқуы - жыныстық ляззатану да күшейе 
түседі. 
Вуайеризм 
- эксгибиционизмге қарама-қарсы ауытқу, 
басқа жыныстың адамын сыртынан жалаңаш кезінде бақылап 
қанағаттану. Яғни денені жалаңаш көру, Бұл адамдар үшін 
басты мақсат болып табылады. 
Науқаста осындай ауытқуларды байқаған сәтте, оны 
маманға қаралуына кеңес бергеніңіз жөн (сексопатологқа). 
Адам иммунодефицитіне (АИД) шалдыққан науқастар-
мен қатынасу қиыншылықтары. 
Жасөспірімдер өздерінің 


 
 
133 
сексуалды және наркотиктермен қатынастарына үялуынан 
және өзінің адам иммунодифициты вирусын жүқтырғанын 
болжаса, «күдік туады» - деп, Бұл дерт туралы сөйлесуден 
бас тартады. 
Сонымен қатар, Бұл науқастар жалпы медициналық 
қызметкерлерден консультация алуға да сирек барады. Ал 
оларға барған жағдайда, тек дәрігердің мамандығына байла-
нысты проблемаларын ғана шешуге бейім болады. Мысалы, 
гинекологпен сұхбаттасқанда, ол мамандарға қатысты мәсе-
лені - Бұл дерттің анадан балаға жүғу мүмкіндігі жайында 
ғана сұрайды. Адам иммунодефицитіне шалдыққандардың 
Бұл тәртібі, олардың жасырынды болғысы келетін ойымен 
түсіндіріледі. Олардың ойынша, Бұндай аурулар тек арнайы 
медициналық орталықтарда ғана емделуі керек, сондықтан 
басқа дәрігерлерге қатынасуы қажет емес. 
Пациенттерде АИД туралы «өз білімім де өзіме 
жеткілікті»- деген ой гұрақталған. 
Бұл дертті жұқтырғанын қан анализі бойынша тауып, оны 
айтқанда, науқастар мәліметті тыныш, қызбалықсыз қабыл-
дайтыны анықталған. Бұның себебі - қан тапсырған пациент-
тердің бұндай мәліметке даяр болғандығы, оларда алдын-ала 
күдік туғандығы. Тек Бұлдіршін балалардың ауруды жұқ-
тырғанын айтқанда, ата-анасы мазасыздық білдіреді. 
Медицина қызметкерлерімен науқас арасындағы қарым-
қатынас талай қиыншылықтарға тап болады. Оларға жата-
тындары- медицина қызметкерлерінің АИД инфекциясының 
қорқуы, жанасудан қашуы және аурулардың өздерінің 
дұшпандық білдіруі (жұқтырғысы келуі). Медициналық қыз-
меткер науқастың жеке қасиеттеріне қарап, онымен сұхбат-
тасу барысында, науқасқа деген ерекше психологиялық қадам 
жасай білуі керек. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   80   81   82   83   84   85   86   87   ...   128




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет