Бердалы мырзаханов



Pdf көрінісі
бет87/128
Дата19.06.2022
өлшемі4,54 Mb.
#146808
1   ...   83   84   85   86   87   88   89   90   ...   128
Байланысты:
f616416553eca5 (2)

1.
 
Медициналық қызметкер жасы егде адамдармен 
құрмет, сыйлы қарым-қатынас жасауы қажет. Оларға ерекше 
назар аударып, жағдайына қамқорлық көрсетеді: жатқан 
төсегі жайлы және ыңғайлы, тамақтануы Дұрыс болуы т.б. 
2.
 
Медициналық қызметкер аурулардың әлеуметтік, 
жанүялық жағдайын да ескере отырып, психологиялық 
проблемаларын шешуге жәрдем беруі қажет. 
3.
 
Медициналық қызметкер аурудың жағдайын, ауру 
белгілерін мәліметтеген кезде, ешқашан оның егде жасымен 
байланыстырмауы керек. Емдеу жүргізген кезде де, ауру 
адамға оның қарт болуына байланысты, ем нәтижесіз бола-
тындығын айтпаған жөн, мысалы, атеросклероз, стенокардия 
және т.б. 
4.
 
Егде адамдардың ұмытшақ, болатындыгын ескере 
отырып, медициналық қызметкер оларға ем шараларын, 
әсіресе дәрі қабылдау ережелерін (дозасы, қабылдау уақыты, 
т.б) асықпай, толық түсіндіреді. Кейбір жағдайлардың туған-
туысқандарын шақыртып, олар арқылы түсініктеме береді 
немесе оны жазбаша түрде ұсынады. 
5.
 
Қарт аурулар өкпешіл, уайымшыл болуына байла-
нысты, медициналық қызметкер олармен қарым-қатынас 
жасағанда ерекше шыдамдылық көрсетіп, төзімді болып
оларды өкпелетіп алмау үшін әр сөзін, іс әрекетін бақылап, 
қадағалап отырады. 


 
 
137 
Балалармен қарым-қатынас 
Балалармен қарым-қатынас жасаған-
да медициналық қызметкер олардың 
спецификалық ерекшеліктерін ескеріп
білуі қажет. Мысалы, организмі, психи-
касы даму үстінде болуы, тұрақтал-
мағаны, әлсіз және нәзік болуы, т.б. 
ерекшеліктері, қарым- қатынас жасаған 
кезде 
медициналық 
қызметкер 
келесі 
принциптерді 
қолданып, арқа тұтады: 
1.
Баланың жасына байланысты медициналық қызметкер 
қатынасу түрін таңдауы қажет болады. Медициналық қызмет-
кер сөз байлығын, артистік қасиетін және мимика мен жест 
әдістерін кең қолданады. 
2.
Психотенді бұзылыстар балаларда жиі дамып, нақ-
тылы және ашық түрде айқындалады. Олардың вегетативтік 
функциялары әлсіз болуына байланысты, жиі жағдайларда 
құсуы, диарея, ентігуі, жөтелуі байқалады. 
3.
Балаларда аурудың ішкі бейнесінің, үлкендерге қара-
ғанда, айырмашылыгы көп. Балаларда үрейлену және қорқу, 
демонстративтік және депрессивті-астениялық қатынастар 
байқалады. 
Балаларда госпитализм құбылыстары да жиі кездеседі. 
Олардың организмі даму үстінде болып, тұрақталмауына бай-
ланысты, аурухана жағдайына түсуі, жекешеленуі оларға 
қатты әсер береді. Балаларда депрессия пайда болып, 
қарсылық білдіреді. Мұнда әке- шешенің тыс болуы да әсерін 
тигізеді. Сондықтан, сәбилер ауруханаға шешесімен бірге 
жатқызылуы керек, үлкен балаларға, әке-шешесінің жиі келіп 
тұруына жағдай жасалады. 
Ауруханада балаларға ойнауға жағдай жасалуы қажет. 
Медициналық қызметкер қарым-қатынас жасағанда сұхбатты 
ойын түрінде жүргізгені тиімді болады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   83   84   85   86   87   88   89   90   ...   128




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет