Жасөспірімдермен сұхбаттасу.
Үлкен кісілер жасөспірім-
дер - мен сұхбаттасқанда көптеген қиыншылықтарға тап
138
болады. Бірақ, ол әрқашанда дұрыс бола бермейді. Жасөс-
пірімдер басқа адамдар секілді, айналадағыларға мейірімді,
адам ретінде сыйлап, қызығушылық білдіреді. Жасөспірім-
дер, сұрақтарды ауруына байланысты емес, өздеріне тиісті
қойылғанын қалайды. Сондықтан сұхбаттасуды формальді
емес әңгімелесуден, яғни оның достары, мектеп, отбасы
туралы сұраудан бастау қажет.
Жасөспірімдер медициналық қызметкерге өз еркімен
немесе ата - аналарының ықпалымен, өздері немесе ата-
анасының біреуімен келуі мүмкін. Жасөспіріммен бөлек
сұхбаттасқан жөн (ата-анасымен сұхбаттасқаннан кейін).
Медициналық қызметкердің жасөспірімге тиісті құпияны
сақтауы - негізгі міндеті болып табылады. Егер жасөспірім
үшін конфиденциальді мәліметті басқа біреумен талқылағы-
ңыз келсе, науқастан рұқсат алу керек.
Жасөспірімдермен сұхбаттасқан кезде олардың ойлау
қабілетінің айтарлықтай жетілмеуіне байланысты, медицина-
лық қызметкердің рефлексиядан аулақ болуы қажет.
Конфронтация, жасөспірімдерде қорқыныш сезімін және
сөйлесуге деген құмарлықтың жоғалуына әкеледі. Аталган
мәселелер, жасөспіріммен сұхбаттасудан бас тартуға әкелмеуі
тиіс. Көптеген жағдайда мейірімді, формальді емес орта құру
арқылы, жасөспіріммен тілдесуге болады.
Бақылау сұрақтары:
1.
Науқастың психологиясына сипаттама
2.
Науқастың тұлғасын қүрайтын әлементтердің дерттің
әсерініненөзгеруіне сипаттама беру.
3.
Дерттің ішкі бейнесі деген ұғымға түсініктеме беру.
4.
Дерттің ішкі бейнесінің құрылымы
5.
Дерттің ішкі бейнесінің денгейлері: сенситивті,
эмоционалды және интеллектуалды.
6.
Психологиялық қорғану механизмдеріне сипаттама
беру
7.
Соматонозогнозия түсінігі.
8.
Нормосоматонозогнозияға түсініктеме беру
9.
Гипосоматонозогнозияға түсініктеме беру
|