Бердалы мырзаханов



Pdf көрінісі
бет79/128
Дата19.06.2022
өлшемі4,54 Mb.
#146808
1   ...   75   76   77   78   79   80   81   82   ...   128
Байланысты:
f616416553eca5 (2)

 
 
125 
жолы. Осының барлығын науқаспен қарым-қатынас жасаған 
кезде түсіндіріп өту керек. 
Тақырып 5.5. Есту, кору жәме сөйлеу бузылыстары бар
науқастармен қарьш-қатынас жасау 
 
Тұтығатын науқастар 
Тұтығу - кемістіктің өзгеше бір түрі, оның айтарлықтай 
психологиялық әсері болуы салдарынан тұлғаның мінез-
құлқын өзгертіп, жалпы дамуына бөгет жасайды. Тұтығудың 
пайда болуынан тұлғааралық қарым-қатынас өзгереді. Жиі 
кездесетін клиникалық белгісіне - сөзден (сөйлесуден) қор-
қуы жатады (логофобия). Бүған байланысты адам өмірінің 
коммуникативтік үрдістерінің бұзылуы, тұйық мінезді болуы 
және қоршаған адамдармен қарым-қатынас жасаудан бас 
тартуы байқалады. 
Бұндай науқас адамдармен қарым-қатынас жасағанда
медициналық қызметкерде көптеген қиыншылықтар туады. 
Медициналық қызметкер ерекше шыдамдылық көрсетіп, 
оларға сенімділік арттырып, толық асықпай тыңдауға түсі-
нуге даярлығын білдіруі керек. Медициналық қызметкер 
олардың вербальды емес коммуникацияларына (жесттер, 
мимика, дене қалпы, қол қимылы, т.б) көп назар аударуы 
қажет. 
Соқыр және саңырау науқастармен танырлық әрекеттері 
бұзылуы салдарынан, олар жасқаншақ, үялшақ және жақын 
туысқандарына тәуелді болады. Олар өзін-өзі кемсітіп 
сезінеді және сонымен қатар, әділетті, заңда көнімді келеді
өзіне және басқаларға жоғары өнегелік көрсетеді. Бұл адам-
дардың тұлғасы астениялық, ипохондриялық өзгерістерге 
шалдығады. Олар өкпешіл, үрейшіл болады, сонымен қатар 
үяңдық, күдіктілік те байқалады. 
Бұл науқастармен қарым-қатынас жасау кезінде медици-
налық қызметкер ерекше шыдамдылық, сезімталдық көрсе-
тіп, жәрдем беруге әрқашанда даяр екенін сезіндіріп, сеніміне 


 
126 
кіруі қажет. Вербальды және вербальды емес коммуникация 
әдістеріне көп назар аудару қажет. Көзі көрмейтін науқаспен 
сөйлескенде, медициналық қызметкер оған үлкен ұқыпты-
лықпен қарап, аса назар аударғаны жөн, яғни науқастың не 
мақсатпен келгенін түсінуге тырысқаны Дұрыс болады. Нау-
қастың қолынан ұстап, медициналық қызметкер бар екенін 
білдіруі керек. Егер науқасқа бөлме бөтен болса, медици-
налық қызметкер бөлмені суреттеп, тағы кім бар екенін айтуы 
қажет. Медициналық қызметкер сыртқы факторлар, медици-
налық қызметкердің қалпы, жесті әсер етпейтінін есте ұстауы 
тиіс, сондықтан сұхбаттасу барысында ретсіз дауыс көтерудің 
қажеті жоқ. Егер науқаста көзілдірік болса, оны шешпегені 
жөн болады, себебі ол визуальді түрде медициналық қызмет-
керді түсіну үшін қажетті. Ауызша алынған мәліметтерді 
жазбаша қайта алып тексеруі керек. 
Есту қабілетінің төмендеуімен сырқаттанған науқастармен 
сұхбат жүргізу өзіндік қиындықтар тудырады. Бұл жағдайда 
қағазға жазу арқылы жүргізілген сұхбат өте Құнды. Қағазға 
сұрақ пен жауап жазу, көп уақыт алғанымен, осылай жаса-
масқа басқа амал жоқ. Егер науқаста кинетикалық сөйлеу 
қабілеті болса, тез уақыт аралығында сурдоаудармашы табу 
қажет. Егер науқастың есту қабілеті сәл төмен болып, еріннен 
оқи алса, медициналық қызметкер жарық бөлмеде науқасқа 
бетімен қарап тұрады. Медициналық қызметкер асықпай, 
ақырын сөйлеуі керек. Сөйлесудің соңында, дауыс тембрін 
төмендетпей, ауызды қолмен жаппай, сөздерді тұрақтау үшін 
жесттерді қолданғаны Дұрыс. Егер науқастың бір құлағы 
жақсырак естісе, медициналық қызметкер соған қарай жақын-
дап сөйлейді. Науқастың есту аппараты болса, медициналық 
қызметкер оны ескереді. 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   75   76   77   78   79   80   81   82   ...   128




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет