Бердалы мырзаханов


М е д и ц и н а л ы қ қызметкердің коммуникативтік біл-



Pdf көрінісі
бет7/128
Дата19.06.2022
өлшемі4,54 Mb.
#146808
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   128
Байланысты:
f616416553eca5 (2)

 
М е д и ц и н а л ы қ қызметкердің коммуникативтік біл-
герлігі - 
а й н а л а д а ғ ы адамдармен тұлға аралық және 
профессионалды тәжірибесінің әсерінен қалыптасу дәрежесі. 
Бұл оған қарым- қатынаста және профессионалды сферада, 
функционалдық жетістіктерге жету үшін қажет. Коммуника-
тивтік компетенттілік, мсдицииалық қызметкердің өзіне тән 
қасиеті ғана емес, сонымен катар, қоғамда, атап айтқанда, 
денсаулық сақтау жүйесінде болып жатқан өзгерістерге және 
осыған орай маманның өзінің әлеуметтік бейімделу 
қабілеттілігіне байланысты болады. 
Соңғы он жылда, «органикалық» және «функционалды» 
аурулардың әдеттегі жіктелуі, бәсекелес ойларға негізделген. 
Медиңиналық қызметкер аурулардың көбінесе түрлі этио-
логиялық факторлар нәтижесінде пайда болатынынын түсіне 
бастады. Осыған баиланысты психикалық және әлеуметтік 
факторларды зерттеуге қызығушылық пайда болды. Бұл 
бағыт тәжірибелік медицинаның көзқарасын кеңейтті. Науқас 
енді тек бір мүше ауруының тасушысы түрінде емес, оны 
тұтас адам ағзасы ретінде қарастырып емдеу керек скендігі 


 
 
11 
туралы көзқарас қалыптасты, яғни дерт-индивид пен 
әлеуметтік құрылым арасындағы қатынастың гармонияда 
дамуынан туындамайтыны дәлелденіп отыр. 
Медициналық қызметкердің коммуникативтік компетен-
циясының келесі түрлері науқаспен емдік қатынасқа түсуінің 
негізін құрайды: 
-
науқасты жақсы білу, вербальды, вербальды емес бел-
гілеріне дұрыс жауап қайтару және жағдайына байланысты 
мәліметтерді көбірек алу; 
-
науқастарға адекватты медициналық мәліметтер беру 
және оларды салауатты өмір сүруге шақыру, медициналық 
қызметкердің ролінің денсаулықты жақсартуда және аурудың 
алдын-алуда маңызды екенін көрсету; 
-
дәрменсіздікті, көмексіздікті жеңуге, ауруға байла-
нысты түзілген теріс стериотиптерді бұзуға көмектесу, осы-
ған сәйкес қажетті тиісті жауаптардың кескіндерін жасауға 
ықпал ету; 
-
«медициналық қызметкер-науқас» қарым-қатына-
сында медициналық қызметкердің сақ болуы. 
Денсаулық сақтау саласындағы тиімді коммуникацияның 
кілттік негізгі дағдылары, мынандай ережелерден тұрады: 
-
тиесілі хабарламаны науқасқа, медициналық қызмет-
керлерге, әріптестеріне жеткізуде немесе қабылдап алуда 
нақты, әрі анық сөйлеу 
-
қарым-қатынастағы қиындықтарды анықтап, нәтижеге 
тез қол жеткізгенше жұмыс жасау 
-
дене қозғалысы мен тілінің сөздік емес белгілерін 
қабылдау мен түсіну 
-
коммуникацияның ауызша, жазбаша және электронды 
тәсілдерін қолдану 
-
алынған ақпаратты қай кезде басқаға жеткізу керек-
тігін білу (кәсіби маманға) 
-
қарым-қатынас 
дағдыларын 
меңгеруді 
игеруді 
дамытудың қажеттілігін сезіну. 




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   128




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет