15
Әсіресе түрлі ауру адамдармен қатынасу жасағанда, меди-
циналық қызметкердің білгерлік тәжірибесі өсе түседі: пси-
хологиялық қасиеті әртүрлі,
әр жастағы, әр білімді, әр ма-
мандықтағы және әлеуметтік жағдайы әрқандай адамдармен
араласу медициналық қызметкердің
тәжірибесін толықтыра
түседі.
Кәсіптік бейімделу (кәсіби адаптация).
Жас маманға кәсіптік әрекетке үйренуі біршама уақыт
алады. Бұл уақыт бойы ол өзін жаңа әлеуметтік ролінде
сенімді сезініп, жекеше мамандық имиджін қүрастырып және
жұмыс жағдайында әрекеттенуге алгоритм дағдыларын жи-
настырады. Өзіндік жұмыс
атқарудың бастапқы кезінде, жас
маман өзіне сенімсіз болуына байланысты, күрделі және
жауапты жағдайларда, ол тәжірибелі маманға бет ұстайды.
Ол ақпарат жинастыра, мамандық
дағдыларын машықтан-
дырумен қатар, жас әріптестермен араласып, өзіне эмоциялық
қолдау алады. Үйренудің нәтижесінде ол өз білімін,
білік-
тілігін және дағдыларын жетілдіреді.
Мамандық қарым-қатынас құру жағдайында науқастың
эмоциялық «қосылуының» дәрежесін анықтау дағдылары
медициналық қызметкердің мамандық бейімделуінің эмоция-
лық күрастырушысы болып саналады. Бейімделудің Бұл түрі
эмпатиямен, дәрігердің науқаспен тұлға аралық араласуының
эмпатиялық түрін мөлшерлеуімен байланысты. Жас медици-
налық қызметкер өзінің мамандық
әрекетінің алғашқы жыл-
дарында науқасқа жақсы жәрдем берем деген ойымен, өз
әрекетіне сенімі жеткіліксіз болуы салдарынан, уайымға кі-
ріп, өзіне өте жоғары эмоциялық салмақ түсіреді. Науқастың
проблемасына
артық эмоциялық араласуы, белгісіз жағдайға
байланысты теріс нәтижелерге қатты үрейленуі, қауіптеніп,
сақ болуы, созылмалы эмоциялық салмақ түсуіне әкеп
соғады. Медициналық қызметкердің бейімділігі мен
компенсаторлық мүмкіншіліктері төмендейді.
Достарыңызбен бөлісу: