Бердалы мырзаханов


Коммуникативті білгерлік (компетенттілік)



Pdf көрінісі
бет5/128
Дата19.06.2022
өлшемі4,54 Mb.
#146808
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   128
Байланысты:
f616416553eca5 (2)

Коммуникативті білгерлік (компетенттілік) 
дегеніміз- 
медицина қызметкерлерінің басқа адамдармен (науқас және 
оның жақындары мен туыстары, дәрігер, әріптестері, кіші 
мейірбикелер т.б) коммуникация тәсілдерін нәтижелі қолдана 
білу арқылы қарым- қатынас жасау қабілеті. Медицина қыз-
меткерінің емдеу шараларының дәлдігі мен дұрыстығына 
күдікті болмаған және медициналық қызметкерге толық сенім 
білдірген жағдайда ғана науқас қажетті процедураларды се-
німмен өтеді. Алайда, медицина қызметкері мен науқас ара-
сында мұндай психологиялық жанасу тұрақтанбаса, ол нұс-
қаулықтарды немқұрайлы орындап, басқа медициналық қыз-
меткерге бас бұрып немесе өзін-өзі емдеуге мәжбүр болады. 
Қазіргі заманға сай ақылы медицина жағдайында пациент 
тапсырыс беруші ретінде, яғни медициналық қызметкердің 
көрсеткен қызметі үшін ақы төлеуіне байланысты, олардың 


 

арасында психологиялық қатынас өте күрделі және маңызды. 
Бұндай жағдайда пациент маманның кәсіптік білгерлігімен 
қатар, оның адамгершілік және жеке тұлғалық қасиеттерінен 
хабардар болады: қадірлігі мен сенім білдіруі, назар аударуы-
мен ілтипаттылығы, өзіне қарай адамды бейімдеуі, қатына-
суға ынталануы, ұқыптылығы мен қайырымдылығы. Кейбір 
ауру адамдар, медициналық қызметкердің психологиялық 
қасиеттерін, оның кәсіптік біліктілігі мен біліміне де жоғары 
мән береді. 
Сонымен, медициналық қызметкердің коммуникативтік 
маңызды қасиеттеріне келесілер жатады: адамгершілігі, адам-
ға назар аударуы, мамандығын сүю, қайырымдылығы, кіші-
пейілдігі, әдептілігі. Жақсы көңіл-күй жағдайында жанасу 
құрастыратын медициналық қызметкердің тұлғалық қасиет-
теріне науқастар өте жоғары баға береді. 
Медициналық қызметкерде психологиялық біліммен қатар 
(тұлға түрлері, темперамент, қақтығыстарды шешу қабілеті 
т.б), коммупикативтік тұрғыдан білгерлік жоғары болған 
жағдайда, оның ипуқаепен қатынасы арнайы біліктілікпен 
құрастырылады, мысалы жанасу кұруды білуі, тыңдай білуі
коммуникацияның вербальды емес белгілерін білуі, сауалдар 
құрастыруы. 
Сонымен қатар, медициналық қызметкер өз эмоцияларын, 
яғни көңіл - күйін тұрақты ұстай білуі, құпияны сақтауға 
қабілеттілігі, өз реакцияларын бақылап қадағалауы, әдеп 
сақтай білуі де мағыналы. 
Медициналық қызметкерінің тиімді ара қатынасы деге-
німіз - ол ауру адамды Дұрыс түсінуі және науқастың ойы 
мен көңіл-күйіне, сөзіне сәйкес әрекеттесуі. Науқастың көңіл-
күйіне қарамай, оның ашулы, ызалы, қайғылы, қобалжу және 
өкінішті жағдайлы болуында да, медициналық қызметкер 
онымен әрекет жасай білу және қарым- қатынас құруға даяр 
болып, өз мамандық мәселелерін шешеді. Осыған байла-
нысты медициналық қызметкерінің ең маңызды кәсіби 
қасиетіне жататыны - оның коммуникативтік төзімділігі 
(голеранттығы). 




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   128




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет