Ойлау мәдениетінің пайда болуы. Философияның пәні мен әдісі



Pdf көрінісі
бет29/35
Дата20.06.2022
өлшемі1,19 Mb.
#146837
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   35
Байланысты:
Ойлау м дениетіні пайда болуы. Философияны п ні мен дісі

ҚОҒАМ ЖӘНЕ МӘДЕНИЕТ 
1. Әлеуметтік философияның пәні.
2. Қоғам философиялық ұғым ретінде.
3. «Қоғамдық сана» ұғымы. Қоғамдық сананың түрлері. 
4. Қоғамның типтері. Ақпараттық қоғам. Постиндустриалдық қоғам. 
Ашық қоғам. Желілік қоғам.
5. Мәдениет – қоғам болмысының формасы.
6. Материалдық және рухани мәдениет. 
7. Қазақтардың ұлттық мәдениеті – қазақ халқының ұлттық бірегейлігінің негізі және 
оның «Рухани жаңғыру» жобасы аясында дамуы. 
Қоғам дегеніміз - адамдардың алуан түрлі саналы іс-әрекеті мен қызметінің 
нәтижесінде қалыптасқан адамдар бірлігі. Адамдар қоғамда өмір сүріп әрекет етеді, ол 
қоғамның ажырамас бір бөлігі және оған тәуелді. Адамзат қоғамы - табиғаттың ерекше 
бөлігі, ол табиғаттың ұзақ уақыт эволюциялық даму нәтижесінде пайда болады. Адамзат 
қоғамы әлемдегі барлық тірі жүйенің ең жоғарғы сапалы даму дәрежесінің көрсеткіші.
Адамзат тарихындағы қоғамның дамуы мен қалыптасуы туралы осыдан жүз жыл 
бұрын және қазіргі кезде де бірыңғай пікір жоқ. Себебі, қоғамда көптеген жасырын терең 
құпиялар көп, оларды ақыл-оймен танып білу, дұрыс пікір айту өте қиын. Қоғамды 
зерттейтін ғылымдар әлі жас деуге болады. Олар: философия, социология, саяси экономия, 
тарих, демография, т. б., бұлар өздеріне зерттеу объектісі болатын материалдарды әлі толық 
жинап ала алған жоқ. 
Огюст Конт (1798-1857ж. ж «Социология» (лат.socialis –социатас қоғам, гр. Logos- 
ілім сөз) «қоғам туралы ілім» терминін ғылым айналымына енгізді. Ол қоғамды жеке 
адамдардың жай жиынтығы емес, керісінше олардың өндірістегі қабілетіне, рухани, 
өнегелік және саяси қызметтерінің дәрежесіне байланысты қоғам жетіледі, әрі дамиды 
дейді.
Қоғамды идеалистік тұрғыдан танып-білу, әлі күнге дейін басым, оның мәнісі мынада: 
1.
Қоғамды билейтін күш идея (пікір). Әр дәуір идеяға байланысты өзгереді. Бірақ 
сол идеялардың өздері қайдан пайда болатыны қаралмады. 
2.
Қоғамның дамуында объективтік диалектикалық заңдылық және детерминистік 
(себептік) байланыс бар екені ескерілмеді. 
3.
Тарихты жасаушы кім деген сұраққа - ақылы биік жеке адамдар, яғни, 
қаһармандар, патшалар деп, халықтың шешуші рөлін ескермеді. 
Аристотель Платонның мінсіз мемлекет теориясын сынады, ондағы ортақ мүлік 
идеясына қарсы шығып жекемешікті қорғады. Оның пікірінше, ортақ меншік еңбекке 
немқұрайлы қарауға әкеліп, оның жемісін бөлісуде қиындықтар туғызады, әркім аз 
еңбектеніп көп және сапалы үлесін алуға тырысады, ол достық пен келісімділіктің орнына 
айтыс пен алдауға алып келеді.
Гегель «адамдар тарихты өз дегенімен жасай салмайды, ол қажетті заңды процесс 
ретінде дамып отырады. Бұл заңдылық объективті болып табылмайды, олар сырттан 
ендірілген абсолюттік идеяның қозғалысынан туады» деп пайымдады. Сондықтан ол 


тарихи дамудың шын процесін бұрмалады, бірақ алғашқы болып, қоғам дамуының 
заңдылығын айтты.
Неміс ғалымы Макс Вебер (1864-1920 жж.). Тарихты үш шартты кезеңге бөлді. 
Дәстүрлік, феодалдық капиталистік деп бөлудегі орталық мәселе - қоғамдағы біреулердің 
екінші біреулерге үстемдігі, оның пайда болу себептері мен түрлері. Вебердің пікірінше, 
үстемділіктің үш сипаты болады: дәстүрлік, харизматикалық, рационалдық.
1.
Дәстүрлік: қоғамдағы қожайын мен бағынышты адамдар арасындағы 
қатынастарды экономика немесе әкімшілік емес, идеологияның көмегімен ұзақ уақытта 
қалыптасқан дәстүр анықтайды. Және бағынышты кісінің берілгендігіне сүйенеді. 
2.
Харизматикалық үстемділік - билеушінің жеке өзінің ерекшелігі. Оның 
айналасындағы адамдар оны жерге табиғаттан тыс құбылыс ретінде құдайдың өзі жіберді 
деп есептеуі. 
3.
Рационалдық
 
- басқарудың кемелдеген түрі, ол капитализм қоғамында өмірге 
келеді. Бұл үстемдіктің қабылдаған қаулылары ақылға сыйымды, терең ойлы болады. Вебер 
осыған сай капитализмді былай сипаттайды: 
- өндіріс орындарының табысты болуы. Бұл өндіріс пен еңбекті ақыл-ойдың 
арқасында ұйымдастыру нәтижесі; 
- бірыңғай рационализмді жоққа шығарады, еркін ой, іс-әрекет бәсекесін қорғайды; 
- қоғам тарихында діннің де өте үлкен орын алатынын көрсетті. Батыс капитализімнің 
басты мәні – протестантизм деді. Ол қоғам тарихы мен оның, даму процесіне бірыңғай 
ғылыми көзқарастың, дәлелді логикалық жауаптың жоқтығы Вебер ілімін көп танымал 
етпеді. 
Маркске дейінгі материалистер табиғат заңдары мен құбылыстарын материалистік 
тұғыдан түсіндіре отырып, тарихи жағдайлар мен қоғам өмірін тануда өз материализмін 
қолдана алмады. Марксизм – қоғамдық сана, қоғамдық болмыстың бейнесі дейтін дәстүрлі 
материализмді тереңдетіп, көп жаңа ұғымдар енгізді.
Қоғам туралы философияда алуан түрлі ойлар қалыптасқан. Қоғамды материалистік 
тұрғыдан зерттеген Маркс. Адамға ең алдымен күн көру үшін денеге энергия беретін 
материалдық заттар байлығы керек дейді. Ол үшін оларды өндіретін құралдар қажет. Яғни, 
өмір мен қоғамның дамуында материалдық игіліктерді өндіру негізгі мақсат болып 
табылады. Сондықтан мемлекеттік мекемелер, құқықтық көзқарастар, өнер, мораль, 
адамдардың діни ұғымдары да осы негізге сәйкес дамиды. 
Қоғамдағы іс-әрекет пен қызметтің субъектісі - нақты адам. Адам мәнін қоғамнан тыс, 
еңбек құралынсыз, материалдық өндіріссіз танып-білу қиын. Қоғам біртұтас, бөлінбейтін 
әлеуметтік өмір, бір-біріне әсер ететін екі фактордан тұрады. 1. Адамдардың белгілі бір 
қызмет әдісі. 2. Әлеуметтік фактор. Бұлар адамдардың материалдық өндірісті дамытудағы 
тарихи қызметі арқылы пайда болады. 
Өндіруші күштер мен өндірістік қатынастар диалектикасы Маркс ілімінің өзекті бір 
идеясы, әлем тарихының бірлігімен әртүрлі екенін анықтайды. Маркс өндіруші күштер мен 
өндірістік қатынастарды біріктіріп өндіріс тәсілі деп атап, соған негізделген қоғамдық-
экономикалық формацияларды – тарихи нақты қоғамдар типін ажыратады.
ХХ ғ.философиясындағы қоғамның көптеген модельдері мен теориялары. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   35




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет