Ойлау мәдениетінің пайда болуы. Философияның пәні мен әдісі



Pdf көрінісі
бет27/35
Дата20.06.2022
өлшемі1,19 Mb.
#146837
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   35
Байланысты:
Ойлау м дениетіні пайда болуы. Философияны п ні мен дісі

 
 
ӨНЕР ФИЛОСОФИЯСЫ 
1. Эстетика пәні философиялық білім саласы ретінде.
2. Адам өмірінің эстетикалық өлшемі.
3. Негізгі эстетикалық категориялар: сұлулық – ұсқынсыздық, трагикалық-
комедиялық, асқақ-төмен.
4. Сұлулықтың құндылығы.
5. Философия және өнер.
6. Өнер – мәдениет феномені, оның тұлғалық және әлеуметтік қызметтері. 
 
Эстетика
(грек. aіsthetіkos – сезіну, сезімдік) – адамның дүниені эстетикалық 
тұрғыдан ұғынып-түсіну заңдылықтары туралы, әсемдік заңдарын арқау еткен 
шығармашылықтың мәнісі мен формалары туралы ғылым. 
Эстетика - сұлулық, өнер, талғам мәселелерін зерттейтін философияның алкен бөлімінің 
бірі. Гректің "эстетикос" сөзі "сезімдік, әдемілікті қабылдау" мағынасын береді. Сондықтан 
эстетика адамның сұлулықты қабылдауын және сұлулыққа қарым-қатынасын зерттейді. 
"Эстетикалық" сын есімі "сұлулыққа қатысты" мағынасын білдірсе, эстет - сұлулықты бағалай 
білетін адам.
Адам тек өз өмірінің мағынасын тауып қана қоймай, оны ары қарай жүзеге асыруы 
керек. Адам өз өмірінің мағынасының алдында жауапты, мағынаның орындалуы 
қарапайым процесс емес. Өз өмірінің мағынасын ұйымдастыруда тұлғаның мағынасы 
қайталанбас болады. Тұлғаның мағынасы әрқашан қоғаммен тығыз байланыста болып 
келеді, индивид өзінің бағдарында қоғамға байланысты икемделеді және керісінше, қоғам 
мағынасы өз кезегінде индивидтің тіршілік етуіне негізделеді. 
Адам – белсенді әрекет иесі. Ол әлеуметтік дамуды жеделдетіп немесе тежеп, оған 
тура ықпал ете алады. Тарихтың түрлі кезеңдерінде өзгеріп отыратын адам өмірінің мәнін, 
құндылығын айқындаушы – сол адамның өзі. Және ол жеке адамнан, қоғамнан тыс ұғым 
емес, адамның мақсаттары мен қоғамды диалектикалық тұрғыдан біріктіретін ұғым. 
Бізге белгісіз, бұлыңғыр ондаған мың жыл бұрын да өнердің бастапқы белгілері 
байқала бастаған. Атап айтсақ, тас дәуірінің алғашқы кезендерінің өзінде-ақ адамдар 
өнердің алғашқы нышандарын тудырып, оны өрі қарай дамытып отырған. Адамның 
дүниені эстет. тұрғыдан ұғынып-түсінуі бір-бірімен тығыз байланысты үш нәрседен 
тұрады: 
1.
объективті шындықтағы эстет. ұғым 
2.
субъективті эстет. үғым (эстет. сана) 
3.
өнер (субъективті және объективті эстет. ұғымдардың бірлігі ретінде). 
Эстетика дүниені эстет. тұрғыдан ұғынып-түсінудің объективті негізін адамдардың 
қоғамдық мәнісін және табиғат пен қоғамды өзгертуге бағытталған жасампаздық күштері 
ашылатын олардың шығарм. қызметінің іс жүзіндегі көрінісі ретінде анықтайды. 
Негізгі эстет. категориялар – сұлулық пен сұрықсыздық, асқақтық пен пасықтық, 
трагед. және комед. болса, олар қоғамдық байланыста, адам өмірінің әрбір саласында – 
өндірістік-еңбек пен қоғамдық саяси қызметте, табиғатқа көзқараста, мәдениет, тұрмыста, 
т.б. жағдайларда дүниені эстет. тұрғыдан ұғынып түсінудің көрінісі ретінде байқалады. 


Эстет. тұрғыдан ұғынып-түсінудің субъективті жағы – ішкі сезімдерді, талғамдарды, 
бағалауды, күйзелісті, идеяларды, мұраттарды Эстетиканы объективті өмірлік процестер 
мен қатынастарды көрсете бейнелеудің өзіндік формасы ретінде қарастырады. 
Өнер, көркем шығарм. оның маңызды жағы ретінде қарастырылады. Эстетика өнердің 
мәнісі мен оның заңдылықтарын зерттей отырып, арнаулы, теор. және тарихи ғылымдармен 
және өнер туралы ғылымдармен тығыз байланыста дамыды. Бірақ Эстетика– негізінен 
философияның бір саласы. Ол адамның ақиқатқа эстет. қатынастарының (оның ішінде 
өнердің) жалпы заңдылықтарын зерттейді, ал өнер зерттеу ғылымдары өнердің қаз-
қалпындағы ерекшелігіне назар аударады. 
Философия сияқты дүниетану ғылымы бола отырып, Эстетика эстет. сана мен өнердің 
қоғамдық болмысқа, адам өміріне көзқарасы туралы мәселені шешуді өз
Эстетика — философиялық ғылым. Ендеше, ол да этика сияқты нақты ғылымдар 
өлшеміне сай келмейді. "Эстетика" ұғымын ғылыми қолданысқа XVIII ғасырдың орта 
шенінде неміс философы Александр Баумгартен енгізді. Ол эстетиканы грек тіліндегі 
"айстетикос" сөзінен құрас- тырып шықты. Этимологиялық тұрғыдан алғанда "айстетикос" 
— сезім, сезіммен қабылданатын деген мағынаға ие. Этимологиялық түбір өлі күнге дейін 
"анестезия" сезінде кездеседі. 
А.Баумгартен сезім арқылы қабылдауға мүмкін кемелділікті әсемдік деп білген, 
әсемдіктің бірден-бір керініс табатын саласы өнер деп қарастырған. 
Сөйтіп, неміс философы эстетикаға әсемдікті және оның өнерде көрініс табуын 
зерттейтін ілім деген анықтама берген. 
Сұлулық заңы бойынша адамның дүниені игеруге деген талпынысы А.Баумгартен 
эстетика ұғымын енгізбей тұрып-ақ белгілі болған. Эстетиканың тікелей өнермен 
байланыстығын есте ұстасақ, өнер тарихы — адамзат тарихы екендігін де мойындаймыз. 
Адамзат есін білгелі өнермен бірге жасасып келеді. 
Өнер
 — мәдениеттің маңызды саласының бірі. Сондықтан болар, "өнер — мәдениет 
айнасы" деген қанатты сөздің қалыптасқандығы... Өнердің шынайы мәнінің діңгегі — 
сұлулық, әсемдік. Сұлулык, әсемдік — адамды ерекше бір жан ләззатына бөлейтін сезім 
тудырар қасиет. Соның нәтижесінде, өнер көңіл күйді, сезімді білдіреді, соларға тікелей 
байланысты. Өнер адамды имандануға, жан дүниесімен біртұтас нұрлануға бастайды. 
Өнердің басты мақсаты — қандай да бір жетілу, кемелдену үлгісін, мұратын (идеалын) беру 
әрі соған адамды талпындыру, құштар ету. 
Өнер философиясы, өнер ілімі болып табылатын эстетика үшін де жоғарыда аталған 
мақсаттар бірінші маңызды болмақ. Ендеше, эстетиканы оқытудың, яғни эстетикалық 
тәрбиенің басты мақсаты — адамдарда өзінің айналасындағы сұлулықты көре, сезіне білу, 
бағалай және қабылдай білу қабілетін арттырып, сұлулық заңдарына сәйкес өмірді 
жаңартып, өзгертіп отыру. Эстетика этикамен өнер мен өнегелілік қалай байланысты болса, 
солай тығыз байланысты. Өйткені өнер адам сезіміне әсер ете отырып, оны адамгершілік, 
ізгілікке тәрбиелейді. Көркемдікке сүйсіну, соны тамашалаған сәтте сезімге бөлену 
барысында жанымыз тазарады. Жан тазалығы—ар тазалығы. Олай болса, эстетикалык 
тәрбие — имандылық, ғибраттылық тәрбиесінің бір тарауы. 
Эстетикалық категориялардың қалыптасу тарихы философия тарихымен тығыз 
байланысты. Эстетиканың негізгі категорияларының бірі 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   35




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет