Ойлау мәдениетінің пайда болуы. Философияның пәні мен әдісі


Спиноза өзінің негізгі еңбегі



Pdf көрінісі
бет24/35
Дата20.06.2022
өлшемі1,19 Mb.
#146837
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   35
Байланысты:
Ойлау м дениетіні пайда болуы. Философияны п ні мен дісі

Спиноза өзінің негізгі еңбегі
– «Этикада» адамның еркіндігін, оның ақылының ойының
еркіндігін жария етеді. Оның ойынша, адам адамгершілікті өз бойында еркін қалыптастыруға 
қабілетті, қорқыту, үрей арқылы адамгершілікке тәрбиелеу мүмкін емес, себебі оның табиғаты 
ізгілікті. Адам өмірінің мәнін Спиноза бақытқа жету деп түсінді, осы бақытқа жету жолында 
оның ақыл-ойы адамгершілік ойын тудырады. Спиноза сезімді парасаттан төмен қойып, 
адамгершілікті ақыл-оймен байланысты қарастырады. 
Спиноза этикасының өзекті мәселелері: 1. детерминизм (табиғаттағының бәрінің 
шарттылығы); 2. Бостандық пен қажеттілік арақатынасы. Оларды зерттей келіп Спиноза 
мынадай қорытындылар түйеді: 
1.субстанция бостандық пен қажеттілік тұтасып, бірігеді; 
2.Құдай (Табиғат) толық бастандыққа ие, бірақ Ол қажеттілік шеңберінде ғана әрекет етеді; 
3.модустарда (жеке заттарда) еркіндік жоқ және олар қажеттілікке бүтіндей тәуелді; 
4.адам – модус басқа модустардан ойлауымен ерекшеленеді, демек, бостандыққа 
ұмтылады. Бірақ ол өзі де модус болғандықтан азат емес және қажеттіліктің құрсауында 
ғана әрекет етеді; 
5.жаны азаттықты қалғаныме, адам қажеттілік талабына көніп, қажеттілік ағынымен жүзеді 
(Спиноза тілінде – «рухани автомат») болып табылады; 
6.сыртқы қажеттіліктерді – ішкі қажеттілікке айналдыру – бостандыққа апаратын жол; 
7.бостандық – бұл танылған қажеттілік. 
Жоғары дәрежедегі бостандыққа жету үшін Спиноза пікірінше мынадай шарттар 
орындалуы қажет: 
1.Табиғат – Құдай субстанциясы түріндегі қажеттілікті барынша (максималды) танып білу; 
2.Аффектілерден (қайғы, қуаныш, әуестену, т.б.) арылу қажет, өйткені олар бостандыққа 
кедергі жасап, адамды қажеттілік бойынша әрекет етуге мәжбүрлейді. 
Спинозаның өмірлік девизі: «Күлмеу, жыламау, қарғамау – түсіну!.» 
Еркіндік- адамның о бастан ешбір сыртқы себептілікпен, жағдайлармен, ешбір сыртқы 
күштермен 
әрі 
өзін 
қоршаған 
ортамен 
алдынала 
анықталмағандығы. 
Еркіндік- адамның кім, не және қандай болатындығы қалыптасу, даму жолында, өз 
өмірінде түбінде тек өзі анықтайтындығы немесе анықтамайтындығы. 
«Еркіндік дегеніміз - адамның арқаланатын жауапкершілік жүгі», 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   35




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет