Тақырып: Шартты бекітуі, өзгертіуі және тоқтатылуы



Дата22.12.2023
өлшемі30,97 Kb.
#198336
Байланысты:
жауаптары


Тақырып: Шартты бекітуі, өзгертіуі және тоқтатылуы

  1. Шартты бекіту кезендері

Келісім-шарт - сыртқы саудада бір жақ (сатушы, лицензиар) келісімшартта көрсетілген мүлікті (тауарды), ғылыми-техникалық білімді екінші жақтың меншігіне (алушы, лицензиат) беруге міндеттенетінін, ал екінші жақ өз кезегінде бұл мүлікті немесе білімді көрсетілген мерзімде алып, белгіленген бойынша төлеуге міндеттенетінін көрсететін құжат. Халықаралық саудада «шарт» деген термин қолданылады. Тараптар қолданымдағы тармақтардың бәрі бойынша талап етілетін формада келісетіндігін бір-біріне білдірген жағдайда ғана шарт жасалды деп танылады. Сыртқы сауда қатынастарында шарттардың мынадай түрлері таралған: халықаралық, монополиялық, консигнациялық, комиссиялық, т.б. Аралас шарттар, яғни бір өзінде шарттың бірнеше типтерінің элементтері үйлесім табатын түрлері де кездеседі.

Шарт мынадай жағдайларда жасалады:
1. Жылжымайтын мүлік жөніндегі мәмілелер:
а) тұрғын үйді сатып алу — сату туралы;
ә) тұрғын үйді сыйға беру туралы;
б) тұрғын үйді ауыстыру туралы.
2. Жер учаскелері туралы мәмілелер:
а) жер учаскесін сыйға беру туралы келісім-шарт;
ә) жер учаскесін ауыстыру туралы келісім-шарт;
б) жер учаскесін сатып алу - сату туралы келісім-шарт.
3. Көлік құралдары жөніндегі мәмілелер:
а) автокөлікті сатып алу — сату жөніндегі келісім-шарт;
ә) автокөлікті залогқа беру жөніндегі келісім-шарт;
б) автокөлікті сыйға беру жөніндегі келісім-шарт.
4. Ақша қаражатын заемға алу — заемға беру жөніндегі мәмілелер:
а) процент төлеу арқылы ақша алу туралы келісім-шарт;
ә) айып төлеу арқылы ақша алу туралы келісім-шарт
2. Офертаның құқықтық табиғаты
Тауарларды көруге қою, олардың үлгiлерiн көрсету немесе тауарлар сатылатын жерде сатылатын тауарлар туралы мәлiметтер (сипаттамалар, каталогтар, фотосуреттер және т.б.) беру, сатушы тиістi тауарлардың сатуға арналмағандығын айқын көрсеткен жағдайларды қоспағанда, бағаның және сатып алу-сату шартының басқа да елеулі талаптарының көрсетілгенiне қарамастан, көпшiлiкке арналған оферта болып танылады. Тауардың оның жарнамасында, каталогтарында, сондай-ақ тауар сатылмайтын жерлерде тауардың беймәлім адамдар тобына арналған және тауардың сатып алу-сату шартының елеулi талаптары болмаған басқа да сипаттамаларында көрсетiлген ұсынымы көпшiлiкке арналған оферта деп танылмайды.
3. Акцепттің түсінігі
Оферта жолданған жақтың оны қабылдағандығы туралы жауабы. Акцепт келісімшарт жасау туралы контрагенттің ұсынысын қабылдауға келіскендікті білдіреді. Қазақстан Республикасының Азаматтық Кодексінің (Жалпы бөлім, 1994 ж.) 396-бабына сәйкес акцепт толық әрі бұлтарыссыз болуы тиіс. Егер заңнан, іскерлік қызмет аясында қалыптасқан әдеттерден, екі тараптың бұрынғы іскерлік қарым-қатынастарынан өзгеше бір жағдай туындамаса, үнсіз қалушылық акцепт болып саналмайды. Егер заңда, өзге құқықтық актілерде немесе офертаның өзінде басқадай көзделмесе, белгіленген мерзім ішінде офертаны алған адамның онда көрсетілген келісімшарт шарттарын орындау (тауарларды түсіріп алу, қызмет көрсету, жұмыстарды атқару, ақша төлеу тағы басқа) жөніндегі іс-әрекеті акцепт болып саналады. Егер офертаны жолдаған адамға акцептті кері қайтарып алу туралы хабарлама акцептен бұрын не онымен бір мезгілде келсе, онда акцепт алынбаған болып есептеледі. Офертада ұсынылғаннан өзгеше шарттармен келісімшарт жасауға келісім туралы жауап қайтару акцепт болып табылмайды. Мұндай жауап акцепттен бас тарту және сонымен қатар жаңа оферта ретінде танылады. Акцептті жолдау мен қабылдаудың құқықтық реттері мен тәртіптері арнаулы заңдарда егжей-тегжейлі көзделген.
Төлеушінің (дентинніңтрассат) аударым векселі(тратта) бойынша сол вексельді онда көрсетілген мерзімде төлеуге міндеттеме алуы;
Аударым вексельде көрсетілген соманың төленетініне банктің кепілдеме беруге келісімі;
Бұрынғы КСРО-да және басқа бұрынғы социалдық елдерде шаруашылық ұйымдар арасында қолма-қол ақша төлемей есеп айырысудың бір түрі болды.
Төленуге тиіс соманы төлеуге келісім берген заңды немесе жеке тұлғаны акцептант(лат. acceptans, қабылдаушы) деп атайды. Оның келісімі вексельге “акцептелді” деп жазып, қол қоюмен айғақталады. Вексель ұстаушы аударым вексельді төлеушіге акцепттік белгі соқтыру үшін вексельдің төлем мерзімі жетпей-ақ ұсынуы мүмкін.


4. Шартты бекіту орны


5. Шартты өзгерту, тоқтату негіздері
Тегiн пайдалану шарты, егер шартта өзгеше көзделмесе, несие алушы азамат қайтыс болған немесе несие алушы заңды тұлға таратылған жағдайда тоқтатылады.

  1. Шарт қай кезде жасалған болып есептеледі?

Офертада акцептіге арналған мерзім көрсетілген жағдайда, оферта жіберген жақ акцепті онда көрсетілген мерзім ішінде алса, шарт жасалған болып есептелінеді.
2. Елеулі негіздері дегеніміз не?
А. Шарттың елеулі негіздеріне шарттың пәні, заңмен белгіленген елеулі шарттары бойынша және шарттың басқада шарттары, яғни олсыз шарт жасасуға болмайтын негіздер.
Б. Шарттың елеулі негіздеріне шарттың бейнесі, заңмен белгіленген қарапайым шарттары бойынша және шарттың басқада шарттары, яғни олсыз шарт жасасуға болмайтын негіздер.


3. Шартты бекітудін кезендері қандай?
А. Оферта, акцепт
Б. Акцепт, цессия
В. Оферта, цессия


4. Оферта және акцепт дегеніміз не? Берілген сөз тіркестен анықтама құрайық.
Ұсыныс, оферта, бірнеше, шарт, берілген, туралы, бір, жасасу, немесе, тұлғаға, нақты.
Қабылдау, немесе, жасалған, жауап, акцепт, оңы, ұсынысқа.

Оферта – бір немесе бірнеше нақты тұлғаға шарт жасасу туралы берілген ұсыныс.


Акцепт – жасалған ұсынысқа жауап немесе оңы қабылдау

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет