"жазушы" баспасы а л м а т ы — 1979 Каз 2



Pdf көрінісі
бет27/76
Дата02.07.2022
өлшемі2,49 Mb.
#147249
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   76
Байланысты:
files dj46sg45

Ш АҒЫН К ІТАП Ж АЙ ЫН ДА
 
«Сөзіне қарап, кісіні ал,
Кісіге қарап сөз алма!..»
Абай.
Әрбір кітап көлемімен бағалы емес, өзекті ойымен бағалы. Баяғыда 
ақын
-
драматург Александр Сергеевич Грибоедов «Ақыл азабы» («Горе 
от ума») атты жалғыз
-
ақ пьеса жазды, сол пьеса өзі шағын болса да 
тарихтың ұзын бабында үздіксіз әлі келе жатыр. Иван Сергеевич 
Тургеневтің романдары да шап
-
шағын үріп ауызға салғандай, оның 
қысқа
-
қысқа әңгімелері қандай! Соның бірі де алғыр ақынның әруағын 
кеміткен жоқ

Бір кезде «Современник» журналы И. С. Тургеневті баспай, П. Д. 
Боборыкинді басатын болған. Боборыкиннен көп жазған және көлемді
-
көлемді романдары бар адам жер бетінде кемде
-
кем
-
ақ шығар, алайда 
оны осы күнге дейін елдің көбі білмейді.
Өткен ғасырдың аяқ шенінде, 1882
-
жылы И. С. Тургенев М. 
Е.Салтыковқа былай деп хат жазған екен. «Әлем астан
-
кестен болып 
қирап
жатқанда, су түбіне кетіп, құруға бет алған сорлы қара жердің 
ақтық «сырын» сөйлеп, роман жазып отырған Боборыкинді көріп 
тұрғандай сезінем. Осынша емініп,
ащы шекше шұбалта беретін 
жазғырық жан дүние жүзінің әдебиет тарихында болған емес. Әлі 
көрерсіздер, ол өмір фактыларын, олардың
жаратылуынан әлдеқайда 
бұрын өзі айтып шығады да,
106 


сонымен тынады» –
депті.
Ендеше, әңгіме шығарманың көлемінде емес, 
қажеттілігінде, көркінде болса керек.
Мырзабек Дүйсеновтің алдымызда жатқан «Гүлжан сүйеді» атты 
кішкене повесін оқып шыққанда, осы күні өзіміз көріп жүрген бірталай 
адам қарсы алдымызға келіп тұра қалды. Күнделік тіршілігіміздің өн
-
бойында орын тепкен жігерлі де еңбекқор адал жандар, сонымен қатар 
неше
-
алуан пасық бойкүйездер де өзінің таз
-
қалпында бойларын 
көрсетеді. Бұл автордың сонау жер
-
өмірден бастап, ұзақ
-
сонар әңгіме 
айтып, ойына алған өсиеттерін жеткізгісі келмейтін тәрізді. Аспандағы 
бұлдырықты қуалаудан көрі, уысында тұрған сарышымшықты місе 
тұтқысы келеді
-
ау, сірә!
Осы повестің толық мазмұнын Фазыл Мұртазин «Қазақ әдебиетінің» 
1969 
жылғы 21 июльдегі нөмірінде жарияланған мақаласында келтірген 
болатын, сондықтан оны қайталамай
-
ақ, біз тек қана үш
-
төрт кейіпкеріне 
тоқтап өтуді мақұл көрдік.
Бас кейіпкері –
Гүлжан осы әңгіменің арқауы. Ол ғылым жолына белін
бекем буып мейлінше берілген, қайтпас қара болаттай жас қыз. 
Коммунизм құрылысында алған бетінен таймайтын, түбі кесек туындыға 
кейіпкер бола алатын қаһарман.
Гүлжанның жолы шытырман, шимай
-
шатақ, ол туғаннан
-
ақ мол 
кедергіге душарласады.
Жесір шешесі Айшаның қолында көзге түрткі 
жетім тіршіліктің тепкісіне түседі. Әкесі Кемел жазаға тартылғанда, көп 
«еңбегі сіңген» Бейсен, қазіргі колхоздың бастығы, бастық Кемелді 
ұстап беріп, орнына өзі ие болған жәндік. «Жаманнан жақсы туар –
адам 
айтса нанғысыз
...» 
демекші, Бейсеннен туған Бақытжан –
жаңадан 
қаулап өсіп келе жатқан, ғылым жолында көріне бастаған зерделі жас 
түлек. Ол мәнсапқор әкесінің жауы Кемелдің қызын –
Гүлжанды сүйеді. 
Алайда Бақытжанға кедергі жасайтын –
Гүлжанның шешесі Айша:
107
 


«Күйдіргі емес пе тұрған бойы! Әкең қайда?.. Неге ойламайсың 
соны!.. Былтыр оқуға түсерде... Сені оқуға алмаймыз деп бетіңе салық 
етіп баспап па еді?.. Кім еді соңыңа түскен? Осы Бақытжанның әкесі 
емес пе еді? Енді келіп оның баласымен қатар отырып жыртаң
-
жыртаң 
күлуге ұялсаң етті!..» дейді.
Осы сөз жер жебіріне жеткен Бақытжан әкесімен беттеседі.
«

Кемелдің не істегенін сіз білесіз бе? –
деп сұрайды Бақытжан.

Білем, білген соң айтамын,

дейді Бейсен.

Сіз дейді ғой оған кінәлі...
Бейсен не дерін білмей, есінен танып қалды...
Гүлжан мен Бақытжанның махаббатын осындай
кесепатты кедергі де 
қожырата алмайды.
Артынан Ұлы Отан соғысы басталады да Бақытжан өзі тіленіп әскерге 
кетеді.
Осы мерзімде колхоздан шығып, Айша
туған інісі Құлмырзаға барып 
паналайды. Аз уақыттан кейін сүйеніші Құлмырза да абақтыға түседі, 
оның шиеттей балалары мен әйелі Күлтай, Айша, Гүлжандар тағы 
жетім
-
жесір калады. «Бір айналдырғанды шыр айналдырады»

Гүлжан 
амалсыз дүкенге тұрып, сатушы болады.
Қақап тұрған қыстың күні, үй аңырап бос қалған, Құлмырзаның 
балаларында киерге киімі, ішерге тамағы жоқ, үй суық, оны жағып 
жылытатын отын тағы жоқ. Осындай көп кесел түйдек келгенде қайғы
-
қасірет жан
-
жағынан қамалаған Айша төсек тартып жатыр. «Аш адам 
ұрысқақ келеді...» ғой, ол бүгін күндіз келінімен сөзге келіп қалды, енді 
кешке жақын туған қызы Гүлжанмен айқасты: «Ақша әкелдің бе?.. –
деп 
күңқ ете қалды Айша.

Жоқ, апа, айлық берген жоқ.

Өздеріңнің қарындарың тоқ болған соң, басқаны не қылайын деп 
едіңдер... Бір жұма
болды, соры қайнаған

108
 


ға (абақтыда жаткан інісі Құлмырзаны айтып отыр) бір ыстық тамақ 
апарайықшы дейтін адам жоқ... Келініне батып айта алмаған сөзін Айша 
әдейі қызына айтып жатыр...» деп толғайды автор. Алуан қырсық тұс
-
тұсынан толайлағанда, барар жер
-
басар тауы қалмаған Гүлжан өзінің 
бұрын жақтырмаған адамы Сәлімді енді өзі іздеп барады. Бұл Сәлім 
егде тартқан кісі, Алматыдан келген уәкіл, алдында
дүкенде жолығып, 
Гүлжанға жәрдем беруге дайын екенін білдірген
-
ді. Сұм тағдыр, қаралы 
тұрмыс еріксіз қаумалап әкеліп, Гүлжанды осы тығырыққа айдайды.
Сәлімнің көмегі тиіп, нағашысы Құлмырза абақтыдан босайды, үйіне 
арба
-
арба сексеуіл де үйіліп жатыр. Бір аштың бір тоқтығы бар...
Осындай игілі еңбегін ақтап, Құлмырза мен Айша екеуі екі жақтап 
апарып, Гүлжанды Сәлімге қосты. «Борыштың әдемілігі төленуінде» 
ғой. Шешесі мен нағашысының жолына «қоңыр тоқты болып 
құрбандыққа шалынды» Гүлжан, өмірде осындай уақиғаның болғаны да 
рас, болатыны да рас, күдіктенуге жол жоқ.
Гүлжанның Сәлімге тиіп, адал жар болуы тіршілік заңына сай.
Сөйтіп, Сәлім мен Гүлжан бақытты өмір сүруге енді кірісе бергенде, 
кенеттен әскерге Сәлім аттанады. Гүлжан
екі қабат қалады. Алдында 
институтқа түскен Гүлжан Сақып тәрізді алаяқ
әйелге кездеседі. 
Сақыптың аңдыған
-
күткені еркек, ол оқуды да елдің көзі үшін оқыды.
«Сенің білейін деген ниетің жоқ, Сақыш, тырыспайсың. Зейін 
қоймаған соң
далаға атылған оқ сияқты, лекция да есте сақталмайды» 
деп, Гүлжан ескерткенде, Сақыш: қойшы, мен ғалым болайын деп жүр 
дейсің бе? Диплом алсам болды... Одан артықты мен тілемеймін!» деп 
жауап қайтаратын. Міне Сақыштың бар мақсаты осы. Кездесе қалса, 
жап
-
жас Айдосты да жар ете алады, арақты судай сіміреді, ретін тапса, 
Асыл Еділевтей кәрі
шалдан да 
109
 


тайынбайды. Оны тіпті түсінде көріп те әуреге түседі. Өстіп, сандалақтап 
жүргенде, доцент Кеңбай Каримовичке тап болады Сақыш.
«Кеңбай –
сұңғыла да сұрқия мұғалім, алаяқ қу», жиналыстарда 
сынаған адамын таптап тастайтын кесірлі кескін. Жақпаған күйесі, 
таппаған кемшілігі қалмайтын. Біраз кісілерге куәлік жасап,
қаралапты 
дегенді де жұрт оңашада сыбырлайды... Ішкен
-
жегенді, ойнаған
-
күлгенді
жақсы көреді. Сол себепті өндіріп еңбек те жаза алмайды».
«Осы Қеңбай сұлу келіншекке көзі тоймай қадала қарайды. Кездесе 
қалса, бір қалжың айтпаса, намазы қаза болатын сияқты. Оны сезген 
әйелдер кейде Гүлжанға: «Байқа, дұшпан прожекторы саған қадалды, 
байқаусызда атып түсірмесін»

деп қалжыңдайды... Оңаша кездесе 
қалса: –
Ой, айналайындар
-
ай, көздерің жаудырап сендерге де обал 
болып жүр
-
ау!.. Мына жаман ағаларыңа...»
Кеңбайдың Гүлжанға деген құмарлығында шек жоқ. Ана жылы 
біреулерден «Сәлім
сұлу келіншек
алып келіпті»,

дегенді естіп, Кеңбай 
«Сұлу келіншектің өзінде болмай, өзгеде болғаны қандай жақсы»... деген 
екен, сол сұмырай сөзі де елге тарап кетеді.
«Ондайға аузының салуы бар, тәжірибесі мол, епті жігіт Кеңбай бір 
күні институттың коридорында тоқтатып алып:

Шырақ, айналайын, фамилияң кім? –
деп сұрады...

Ә, Сәлім үйіндегі келінсің бе? –
Өте жақсы, айналайын, кешір, –
деп 
көзі орында тұрмай, ойнақтап қоя берді...»
«Осыдан кейін Кеңбайдың көңлінде үлкен алаң пайда болады... Кей 
кезде Гүлжан
оның түсіне кіреді, тіпті сүйсініп те жүреді... Ояна келсе, 
қасындағы өз әйелі болып шығады...»
Бір күні Гүлжан емтиханға келіп, мұғалімнің сұрағына жауап беріп 
отырғанда:
110
 



Гүлжан, айналайын, бөпең өсіп жатыр ма? –
деп оқыс сұрады 
Кеңбай.

Білесің ғой сабағыңды. Мен саған сұрамай
-
ақ қойып беремін...

Бағаны біліміме қойыңыз, –
деп сұлу келіншек Гүлжанның 
шытынап, өзіне жолатпай берген жауабын естігенде, Кеңбайды ыза 
кернеді, әрі қарай тыңдаған жоқ. Анда
-
санда «ы
-
ы» деп қойғаны 
болмаса, ойы ала құйындап әбігері кетіп отыр. Не істеу керек? Ендігі 
айла
-
шырақ қандай болмақ? Ол жаралы жолбарыстай ыңыранып қойды... 
Гүлжан шошынып, жауабынан бөгеліп қалған сәтте орнынан тұрды да 
күректей жалпақ алақанымен столды тарс еткізді


Жарайды. Осы сұрақтарды дұрыстап тағы ойланыңыз. Түстен 
кейін сағат бесте мен үйде боламын. Тағы да үш
-
төрт студент келеді, 
солармен бірге тапсырыңыз. Ұмытып кетіппін. Академияда тығыз 
шаруам бар екен,

деді де Кеңбай кетіп қалды. Я, Кеңбай институттың 
доценті және Академияның қызметкері екен ғой.
Кешке Гүлжан келді, есікті Кеңбай ашты.

О, о, кел, кел! Төрлет, былай кәбинетке кіре ғой... Ана жерге отыра 
ғой...
Гүлжан билетіндегі сұрақтарға жауап бере бастап еді. Кеңбай отырып:

Бірінші сұрағыңа бағана жауап бердің ғой, енді екінші 
сұрағыңды айт!..

Ал үшінші сұрағыңды айт. Зачеткаңды әкел!..» Кеңбай бұл жолы 
да оның сөзін дұрыс тыңдаған жоқ, қолындағы книжканың бірінші бетін 
ашып, Гүлжанның суретіне тесіле қарап біраз отырды. «Шіркін
-
ай, күрек 
тісін күлімдетіп бетіне ертелі
-
кеш қарасаң да отырсаң, көзің тоймас еді
-
ау! Жо
-
жоқ, баурыңа басып, құшақтап қана жатсаң! О, онда дүниеде 
армандамын деген жанның тілін кесіп алса да аз! Шіркін, Гүлжан, сенің 
бұл келісіңді мен өмір бойы ұмытпаспын. Егер де мендік болсаң, 
мойныма дорба салып
тентіреп кетуге даярмын, барымды бір сенің 
111
 


жолыңа құрбандыққа шалар едім. Тек сен мендік болшы! Қелдің ғой... 
Жақын ғой рахат, ләззәт минуты...» деп толғанады Кеңбай.

«Бес» –
деп Кеңбай Гүлжанға тағы да көзін сата, қылымси 
қарады. –
Бес кояйын ба? Ризасың ба?

Жауабың төрттен жоғары... Мен сені жақсы көремін.
Оны сен, әрине, 
білмейсің. Сондықтан да... Саған мен «бес» қоямын».
Осыдан соң Кеңбай Гүлжанды еркіне қоймай арақпен сыйлауға 
кіріседі, әйелінің елге кеткенін хабарлайды. Гүлжан арақты ішпейді. 
Сонда Кеңбай: «Гүлжан! Сені мен алғашқы көргеннен
-
ақ сүйгенмін. Сен 
менің атар жарық таңымсың, шығар күнімсің... Сен...» деп үздігеді.
Гүлжан әрең құтылып, үйден шығып кетті. «Кеңбай сәлден кейін есін 
жиып, орнынан тұрды... Алтай қызыл түлкіге түспек болып, қырандай 
сонау биіктен шүйілгенде, түлкі емес, тасқа түскендей, қанаты 
қайрылып, тұяғы сынғанына күйінді. «Қап, бәлем, ендігі ісім сенімен 
болсын!» –
деп кіжінді.
Әрине, Кеңбай мұнымен тоқтамайды, енді оңайлау жерге ұмтылады. 
Сақышты дұзаққа түсірмек.
Кеңбайдан көрген қорлығын бірін
-
бірі ашып айтпаса да, ішінен ұғысып 
жүрген екі келіншек –
Сақыш пен Гүлжан әңгімесін де келтіре кетелік. 
Екеуінің де күйеулері соғыста
жүр, «бойдақ әйелдер».
«

Неге екенін білмеймін, Кеңбай ағай мені ең соңынан шақырды, –
деді Сақыш. –
Сұрағымды оқып көрсем, біріншісін шала білем, екіншісі, 
тіпті есімде жоқ. Үшіншісі оңай екен. Жұрт тапсырып кетіп жатыр, мен 
жалғыз қалдым. Кеңбай ағай көзімен тінтіп басымнан аяғыма, аяғымнан 
басыма дейін қарап өтті... Бірінші сұрағыма жауап бере бастап едім, ағай 
сөзімді бөліп, қайдағы естімеген бірдемені сұрады. Мен әрі
-
бері 
отырдым да «ағай есімде жоқ» дедім. «Екінші сұрағыңа көш!» деді. Мен: 
«Ағай оны
білмеймін. Үшінші сұрағымды айтсам қайте
-
112
 


ді
» 

деп ем, ашулана бастады: «Бұл мемлекеттік жұмыс. Сендер оған 
мән бермейсіңдер. Қазір соғыс кезі. Мылтығыңды ата білмесең, қалай 
соғысар едің? Бұл болмайды.», –
деп, біраз
кейіді де ақырында: –
осы 
сұрақтарға үйіңде дайындал! Қешкі сағат жетіде үйде болам, тағы да екі
-
үш бала келеді, солармен қосылып тапсыр!» –
деді.
«Тұп
-
тура маған құрған қақпаны, мына сорлыға да құрған екен ғой», –
деп ойлады Гүлжан.
Ақыры, Кеңбай қармағына Сақышты ілді де Гүлжанды қудалауға 
кірісті. Сақыш дұрыс істеген сияқты, жолы болды, көтеріле бастады...
Кеңбай неше
-
алуан сұрқиялық жасап, шын ғалым Асыл Еділевті алдап
-
сулап, жарамсақтанып жүріп, өзі директор болды. Еділевтің үстінен арыз 
түсіріп,
оны қаралауға да барды.
«Айтпақшы, сіздің үстіңізден. арыз түсті, бір
-
бірінің етегінен тартып, 
ілгері басқанның аяғынан шалу қашан тиылар екен осы? Бұл өсер елдің 
қылығы емес» –
деп президент қатты күйінішпен айтты. «Жақсының 
артынан бұрын сөз ереді деуші
еді, осы күні арыз еретін болды
» 

деп 
түйеді автор.
Кеңбай өзінің тәрбие беретін оқытушылық қызметінде мемлекеттік 
маңыз бар екенін жақсы біледі, бірақ, біле тұра, оны ұрлық
-
қарлыққа –
арамзалықка жұмсайды. Совет елі жапа
-
тармағай Отанын қорғау үшін 
майданға аттанғанда, олардың үйінде қалған сүйген жарларын ториды. 
Қоралы қойдың
ішіндегі қошқардай болып, уылжыған жастарды 
арамдыққа баулиды...
Кеңбайдың қырсықты қылықтары қырқыншы жылдардың бас кезінде 
басталған екен. Берірек келе ол Академияның институтына директор 
болды, мемлекеттік ісінің алғашқы сатысында
-
ақ Гүлжанды жұмыстан 
қуып шықты. Гүлжан ғалым Еділевтің жәрдемі тиіп, Москвадағы 
аспирантураға кетті.
Кешегі күні орыс халқында А. С. Грибоедов, В. И.
113
 


Гогольдер тәрізді ардагерлер болды, солармен қатар Фамусов, Скалозуб,
Чичиков, Собакеевичтердей жексұрындар да өмір сүрген болатын. Бірақ 
бұл сұмырайлар мұғалім болып жоғарғы
мектептерде, ғалым атанып 
Академияда орнығып, жас буынды тәрбиелеген жоқ еді, тек қана 
кездейсоқ, бұралқы жандар болатын. Әбден пісіп жайқалып тұрған егін 
жайдың арасына біткен қодыраңы аралас арам шөптер тәрізді еді. Орыс 
халқына олармен күресу қиынға түспеді,
сондықтан олар кезінде 
тамырынан қырқылды да, жаңа заманға ілесе алмай қалып қойды.
Ал біздің
Кеңбай жылына мыңдаған жастар білім
-
тәрбие алып 
алдынан өтетін ғалым оқытушы. Сонда мұның арты не болмақ? «Ұяда 
не көрсе, ұшқанда соны ала ма?..»
«Арамызда Кеңбай Кәрімов әлі тірі жүр. «Айналайын» деп
жүріп 
алдайтын, «Сәулетайым» деп жүріп, саныңды соқтыратын Кеңбайлар 
бірен
-
саран болса да ұшырасады» деген Фазыл Мұртазиннің сөзіне 
сенсек, ол әлі тірі жүрсе талай атаққа да ие болған шығар
-
ау! Ендеше, ол 
қазір директордан да жоғары мәнсапқа, доктордан да
зор атаққа жеткен 
болар
-
ау!
Кеңбайлардың ғылым жолында өспеуі, әрине, заңды, өйткені ол ішкен
-
жегенді, ойнаған
-
күлгенді ғана тәуір көретін сергелдеңнің серігі.
Баяғыда Александр Сергеевич Пушкиннің соңына шам алып түскен, 
«Полтавадай» поэманы жамандап іске алғысыз еткен Михаил 
Трофимович Каченовский деген профессор болған. Ол
26 жыл бойы 
ординарный профессор, статский советник және кавалер, ол аздай
-
ақ

«Европа жаршысы» («Вестник Европы») атты журналдың бас редакторы 
еді. Сол кісіге қарсы тарихшы Николай Полевойдың мақаласы шыққан, 
сонда: «Сіз, Михаил Трофимович Каченовский, ұялмайсыз ба, 26 жыл 
профессор болғанда жөні түзу бір кітап жазбадыңыз, ең болмаса, ауызға 
ілінерлік кішігірім мақалаңыз да жоқ қой, мына жастар сіз

114 


ден қазір озып барады», –
депті. Полевойдың
осы мақаласынан кейін А. 
С. Пушкин айтқан екен: «Полевой
-
ау, сен дұрыс айтасың, 
Каченовскийдің жазған кітабы да, мақаласы да жоқ екені даусыз, бірақ 
ондай еңбектерді істемей
-
ақ осынша мәнсапқа ие болды ғой, ал егерде
бүгіннен бастап, Каченовский шын құлшынып еңбекке кіріссе, біздің 
халіміз мүшкіл болмас па еді? Мен түсінбеймін, сенің айтуыңша, 
Каченовскийден жастар озып кеткен сияқты. Ойланшы өзің жүріп бара 
жатқан кісіден озса, ол жастардың талпынуын білдіреді, ал жатқан 
кісіден кім озбайды? Каченовский жатқан адам, сонда одан озу жастарға 
бедел әпере ме?» –
депті.
Ол ғылым жолында өспесе –
өспей
-
ақ қойсын, бірақ атағы зорайған 
Кеңбайдың бүгінгі күні артынан ерген шәлдірік шәкірттері қанша 
десеңші! Жиырма
-
отыз жыл бойы осындай керітартпа тәрбие берген 
оның қырсықты кесірі «бірен
-
саран» болмай, қоздай түсуі де кәдік емес 
пе?
Әрине, кітаптың ішінде Асыл Еділев, президент, Бақытжан,
Гүлжан 
тәрізді адал жандар, шын ғалымдардың бар екені даусыз, бірақ солардың 
арасында «іші
-
баурыңа кіріп жылмаңдап, іштен
шалып», қылаң ұрып, 
өтірік 
пен өсекті судай сабап жүрген кеңбайлар кімді оңдырмақ? 
Қашанда болса жақсы мінезден гөрі жаман қылық, шен кұмарлық 
күйедей жұғады, сарылып кітап оқып, білім алудан көрі, қыдырып арақ 
ішіп, «көгалды қуып көләйттау» әлдеқайда оңай!
Авторға айтарымыз: сапарың оң болсын, өз дәуірінде көрген 
білгеніңді жасырмай айтыпсың. «Дос жылатып айтады» –
тайсалма, түбі 
шындық жеңеді –
дер едік!
«Ер қосы жүре түзеледі», «көп түкірсе –
көл болады» дегендей, әлі 
ұзын жолға шығып төселмеген жас авторға өзіміздің көзіміз шалған 
кейбір кем
-
кетіктерді де ескерте кетелікші. Соның бірі:
1)
Бұл кітаптың аяғын жазғанда «Гүлжан сүйеді»
деген ат өз

115
 


геруі керек, өйткені ол үнемі сүйіп жүрген жоқ, күйіп жүр ғой. Кеңбай 
тәрізді ұстазы өліп
-
өшіп ынтыққанда да сүйе алмады Гүлжан,
егер сүйе 
салса, қызметтен қуылып, өмірінің бар тетігіндей тұңғыш перзенті –
Рахатын тастап алысқа шеру тартпас еді ол!
2) 
Балдырған күнінде тұңғыш рет қызыққан жігіті –
Бақытжан. 
Екеуінің арасында сәбилік сүйіспеншіліктен басқа ешнәрсе болған жоқ. 
Соғыста жүріп өлді деген «қара қағазы» да келіп еді, ендеше сол 
Бақытжанды қайта тірілту уақиғаны сұйылтады, авторды да әуреге 
салады. Оқырман жұртшылықтың да, Гүлжанның да жүрегінде Отан 
үшін құрбан болған көп батырдың бірі Бақытжан деген ыстық сезім 
сақталсын, сондықтан оны қайта әкеліп Гүлжанмен жолықтыру қажет 
емес.
3) 
Осы кітаптың тілі жақсы, алайда ішін
-
ара ұшырайтын кейбір жеке 
сөздерді сылып тастау жөн. Мысалы, шымылдықтың «желбіршегі» 
деудің орнына «желбезегі» делінген, бұл сөз балық жөнінде айтылатын 
еді, мұндайлар, әрине, аз, алайда солардың көздерін мүлде жою дұрыс.
Келесі кітаптың тез бітуін тілеп, «іске сәт!» делікші.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   76




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет