Ғайникәмал «орысшаның қарасын
–
азбукасын» таниды. Он
жасымда өлең жазады:
Жолдасым қасымдағы бірге жүргсн,
Ата
-
ана надандықпен дәурен сүрген.
Сабақты, кел, оқылық, тырысалық,
Жарамас батпақ жалдап етек түрген...—
деп жырлайды. «Жаңа шыққан романдарды, Ибраһим Құнанбай
ұлының өлеңдерін де бек көп оқиды»
–
деп, автор қара сөзбен
түсіндіріп өтеді.
Үш жыл оқып көзі ашылған, он үш жасқа толға н
әрі зерек, әрі
ақын Ғайникәмал төңірегіне сынай қарайды:
...Ағашты ат қып мініп кісінейсің,
Адамға ұнаса ма ит боп үрген?
Қыз болса, шиден кісі жасаймын
деп
Өнер ме қуыршаққа көйлек бүрген?
Бой түзеп бос жүргенше, ой түзеңіз,
Атанған бай баласы емес мақтан...—
деп толғайды. Бұл сөзді он үш жасар Ғайнидің аузына салу үшін
автор мынадай даярлық жасайды. «Қызық хикаяларды Ғайни
әке
-
шешесіне оқып беруші еді. Абайдың «Жасымда ғылым бар
деп ескермедім»
–
дейтін өлеңін де жатқа біледі»
–
дейді.
Сондықтан Ғайни: «Әке, мені осы күнімде оқыт!» –
деп
қолқалайды. Әкесі Ғайса қызының айтқанына көніп, Бәкіжан
екеуін әлгі мұғалімге ертіп жібереді.
Ғайникәмал он үш жасында Уфадағы «Дәрілмұғалимат
Достарыңызбен бөлісу: