1
Сол кітап,
206-
б.
2
Ақын Абай «Өгіз бен бақа» деп аударғаннан кейін әдеп сақтап,
амалсыз көніп отырмыз, әйтпесе мұның дұрыс аты «Бұқа мен бақа» ғой.
Орысша Эзоп мысалын 1888 жылы, В. Алексеев «Бык и жаба» деп
аударған екен. Орысша «бык», қазақша «бұқа», ал қазақша «өгіз»,
орысша «вол» болуы дұрыс.
енді кінаялап түйреу қажетсіз болды. Мысалдың моральдық
жауынгер пафосы әлсіреп қалды. V–IV ғасырдағы философиялық
бағыт жаңа идеялық ізденулерді тудырды... Әрине, мысал
жойылып кетпеді, бірақ оның айтылатын орны ауысты. Халық
жиналысында сөйленбей, мектепке көшті, үлкендерге айтылмай,
балаларға айтылатын болды»
1
–
депті.
Бұдан бұрын ауызша айтылған мысалдар енді бері келе жазба
әдебиет шығармаларына кіре бастады. Мысалы осы мысалдарды
Гесиод поэмасынан (VIII ғасыр), Архилог ямбаларынан (VII
ғасыр), Аристофан (V ғасыр) комедияларынан, Геродот,
тарихынан, сопылар мен сократшылдардың философиялық
сөздерінен ұшыратамыз.
Бірден
-
бірге көшудің көкесін көру үшін «Өгіз бен бақа»
мысалын тексерелікші.
Суатқа барған өгіз бақаның баласын тұяғымен жаншып өлтіріп
кетті. Енесі
жоқ еді, сырттан келіп балаларынан «інілерің
қайда?» деп сұрады. Мама
-
ау, ол дүние салды. Жаңа осында бір
епетейсіз зор, төрт аяқты аң келіп тұяғымен жаншып өлтіріп
кетті»,
2
–
деп жауап қайырды балалары. Сонда бақа зорлана ісіп
-
кеуіп: «Қане, қараңдаршы, әлгі аңның зорлығы мына мендей бола
ала ма?» –
деп сұрағанда, балаларының: «қойшы, мама, ашуланып
әуреленбеші, оған теңелгенше сен жарылып өлерсің» деген
сөздерін естіді енесі. «Әлсіздің күштімен бой теңестіруі қатерлі»
–
деп түйеді.
Осы мысалды Федр бірінші ғасырда: «Күштіге еліктеймін деп
әлсіз өзі өледі. Көкорай шалғында жүрген бақа өгізді көреді де
оның
зорлығын
күндейді.
Борпылдақ
қарнын
шертитіп
балаларынан: «мына менің жуандығым
сендер көрген өгізден
артты ма?»
81
деп сұрайды, «жоқ»
–
деп жауап қатады. Бар күшін салып күшене
бүртінеді де әлгі сұрауын
қайталап, «қайсымыз үлкенбіз?» –
дейді.
«Әрине, өгіз үлкен» –
деседі балалары. Сонда ашуланып мүлде ісінеді
бақа. Шертиіп үлкеймек болады, алайда өгізге жете алмай қарны
жарылып өзі өліп кетеді, ал Бабрий (екінші ғасырда): «Бір күні өгіз су
ішкелі суатқа келіп, бақаның баласын
тұяғымен таптап кетеді, артынша
қыдырып кеткен шешесі келіп әлгі інілерің қайда?» –
деп сұрайды.
«Ойбай
-
ау, ол өліп жатыр. Төрт аяқты бір жуан хайуан келіп тарпып
таптап кетті», –
дейді. Сонда бақа қарнын шертитіп ісінеді де: «әлгі
хайуанның жуандығы осындай ма?» –
деп өзін көрсетеді. Балалары:
«әуреленбей
-
ақ қойыңыз, сөзімізге сеніңіз, ол хайуанға ұқсаймын
деп
жүргенде жарылып кетерсіз» –
дейді Бабрий.
Екеуінің де мысалы қысқа, бірақ Федр
турасын тік айтады, ал Бабрий
тұспалдап, алыстан сермейді. Федр әңгімені келте баяндап
тік тартады,
ашық жіліктеп шығады, ал Бабрий жарым
-
жартысын сөйлестіре отырып
ашады, мұның сөзі жұғымды да табиғи заңды суреттеледі.
Федр:
«Осынша зорлығын күндеді» –
дегенде күйзеліс дыбыры естіледі, ал
Бабрий: «төрт аяқты бір жуан, зор хайуан...»
–
деп өзі білмегенсіп,
монтаны сыбыспен сөйлейді. Федрде бақаның қимылы басталғанда
-
ақ
оспадар көрінеді, ал Бабрийдің ойы мысалдың бірінші бөлімінде
дәлелденеді, қайдан келіп, қалай болғаны анық айтылады, оқушыны
ұйытады. Федрдің мысалында бақа өліп тынады, ал Бабрийде сюжеттің
мүмкіндігінше көркемдігін түгел пайдаланады да бақаны өлтірмейді,
бірақ тұспалдап сол өлімге мегзеп қана тоқырайды. Федрдің мысалы
қарапайым –
күйкі, ал Бабрий мысалының мағынасы бай. Әрине, Бабрий
кіргізген толықтаулардың бәрі өзінікі деу де дұрыс болмас, өйткені осы
мысалдың түйінін алғаш шешкен ежелгі Эзоп қой, бұл екі ақынға да сол
Эзоп мысалы өзек
-
үлгі болған, алайда
бұлар өз та
-
82
лантына сәйкестіріп әлгі Эзоп үлгісінен өздеріне қолайлысын алған ғой.
Бері келе осы мысалды XIX ғасырдың аяғында 1898 жылы біздің Абай
Крыловтан аударды.
Аристофан (біздің дәуірден бұрынғы бесінші ғасыр, 446–
385
жылдарда
болған), Федр (бірінші ғасыр), Бабрий (екінші ғасыр), «Кәлилә мен
Димна» (үшінші ғасыр), Сағди (XIII ғасыр) т. т. беріде Ла Фонтен (XVII
ғасыр, 1621–1695 жылдарда болған), Крылов (XIX ғасырдың басы) т. т.
бар, сөйтіп біздің Абайға, мына Көбеев пен Өтетілеуовке жеткенше талай
заман өтіп, талай теперішті көріп келген мысалдар, неше алуан саққа
жүгіріп жонылып
-
жөнделіп, екшеліп талай кералаң дәуірлердің дәмін
татқан тәрізді.
Мысалдардың жөн
-
жосығын зерттеп отырсақ көп нәрсеге куә
болғандаймыз. Айта кетелік –
мына «Емен мен шілікті» Крыловтан Абай
да, Көбеев те аударды. Абай варианты келте, ал Көбеевтікі шұбалаңқы.
Осы мысал Эзопта да, Бабрийде де бар. Бұлардың айырмасы мынау,
«Шілікпен күш таластыру Еменнің ойына қайдан келіп түскенін Эзоп
баяндамайды, бұл ойдың орашолақ тұрғанын ол абайламайды, ал Бабрий
дауыл қиратқан еменнің сынығы өзен бетінде қалқып келе жатқанын
суреттей отырып, осы үш қайнаса сорпасы қосылмайтын екі өсімдіктің
қалай кездескенін дәлелдеп өтеді. Ұшырасуын заңды етіп, оқушыны
мойындатады».
«Майысқаннан шіліктің несі кетті, Батыр, мақтан күйлеме, сен де о
ғұрлы», –
деп қайырады ғой Абай:
«Ит пен оның көлеңкесі» Эзопта да, Федрде де, Бабрийде де, «Кәлилә
мен Димнада» да, Крыловта да бар. Эзоп пен Федрде өзеннің бетінде
жүзіп бара жатқан ит өз көлеңкесін суда көреді, бұл жағдайдың мүмкін
емес екенін байқамайды, ал Бабрий бұған қадағалап зер салады да итті
өзеннің жиегінде жүгіртеді, сонда барып ол өзінің
көлеңкесін суда
көреді, міне бұл заңды шығады. Біздің Крыловта «ит көпірдің үстінен
жүгіреді», мұнысы миға
83
мүлде қонымды шығады. «Кәлилә мен Димнада» бір ауыз мәтел болып
қана ұшырайды. Қортындысы: әлгі ит судағы көлеңкесін бөгде ит деп
ұғады да, оның ауызындағы етін тартып жемекке суға койып кетеді,
сөйтіп өз ауызындағы еттен
де айырылып, судан да түк таппай құрамай
қабады.
«Қасқыр мен қозы» Эзопта да, Федрде, де, Бабрийде де, Қрыловта да
бар.
Мысалды әрқайсысы өзінше дәлелдейді, алайда қорытуы бір,
бәрінде де қасқыр сылтау тауып қозыны жеп тынады.
«Құмырсқа
мен шегіртке» Эзопта да, «Ромулда» да (екеуінде де қара
сөзбен беріледі), Бабрийде де, Крыловта да, Абайда да бар. Бәрінің де
түйіні:
Ала жаздай ән салсаң,
Селкілде де билей бер.
Кейбір мысалдар ауысқанда өте өзгеріп кетеді. Кейіпкерлері сол елдің
өз шындығына сәйкестеледі. Дәлелдеуі де сол елдің өз логикасына
бағынады. «Ауру арыстан, түлкі мен бұғы» атты мысал Эзопта да,
Бабрийде де бар, ал «Кәлилә мен Димнада» арыстан, түлкі мен есек
болып айтылады. Мұнда бұғының орнына «есек» кіреді.
Бұлай болуына әр елдің өзіне таныс жағдайлар әсер етеді. Оқушыны
күдіктендірмеу үшін текстің өзін келтірелік. Ежелгі Эзоптың «Арыстан
және түлкі мен бұғы» атты мысалында «аң патшасы арыстан ауырып
үңгірінде ұзақ жатып қалыпты. Күндерде бір күн жан қияр досы түлкіге
қарап: «Менің құлан таза жазылып, өз аяғымнан жүріп кетуімді қаласаң
бойыңа біткен аярлығыңды аямашы, алдап
-
арбап, орманда жүрген
бұғыны осында ертіп алып келші, бірақ байқа, ең ірісі, ең семізі болсын.
соның ішек
-
қарны мен миын жеуге аңсарым ауып тұр» депті.
Түлкі жүріп кетіпті, орман ішінде ойнақтап жүрген бұғыны көріпті.
Жақындай түсіп, түлкі «Ассалаумағаликум.
84
Мен саған жақсы хабар әкелдім. Бәріміздің әміршіміз, мына менің досым
Арыстан ауырып ана дүниеге аттанғалы жатыр. Аңның ішінен өзімнің
орныма кімді патша етіп қалдырсам
екен» деген ой оның мүлде тиышын
кетіреді. Шошқаны ақымақ, аюды еріншек, барысты рахымсыз безер,
жолбарысты мақтаншақ –
деп топшылайды ол. Бойы болса алпамсадай
биік, өзі ұзақ өмір сүреді, мүйізінен жылан
-
шаян әзірейілдей қорқады,
ендеше бәрінен де патша болуға тек бұғы лайық
-
ау деп шешеді. Несіне
көп әңгімелеп жатайын, ұйғарымы осы, тажтахытқа енді сен иесің. Ести
сала осы хабарды тұңғыш рет жеткізіп тұрған мендей досың, қане,
шүйіншіме не бересің? –
дейді түлкі. Мезгіл болса тығыз
-
таяң,
Арыстанның бар сенері –
оң көзі мен ғой, сарылып күтіп отырған шығар,
маған лұқсат етіп батаңды берсең енді, досым, мен жылдам зытайын.
Мендей көпті көрген кемпірдің сөзін жерге тастама, барғың келсе тіпті
бірге жүр, өлерінің алдында жанында болып, кешу алыс» –
дейді.
Түлкінің тәтті сөзі бұғыны ақылынан адастырады. Қандай қатердің
төніп тұрғанын сезбестен Арыстанның үңгіріне ол кіріп барады. Арыстан
оны бассалады, бірақ қызу үстінде мүлт кетеді де тек оның тырнағы
бұғының құлағын жырып түседі. Аласұрып бұғы орманға бет алып
зымырай қашады, еңбегі еш, тұзы сор түлкі опық жеп алақанын
уқалайды.
Қамыққан арыстан өкіре жылап зар қағады, аштық пен өкініш жанын
жегідей жейді. «Бұғыны алдап
-
арбап тағы да менің алдыма алып келуге
әрекет жасап көрші, мүмкін, екінші ретте жолың болар, түлкім», –
деп
өтінеді ол. «Кетеуі кеткен бір ауыр міндетті жүктеп тұрсың маған» дейді
түлкі, «сөйтсе де амал бар ма, сен үшін қызмет істеп көрейін». Сонымен
тәжірибелі тіміскер түлкі қашқынның ізіне түсіп қуа жөнеледі, келе
жатып оны қалай алдаудың әдісін ойлайды. Жолай ұшырасқан
бақташылардан: «жырық құлақ бұғыны көргендерің бар ма?» деп сұрау
салады.
Олар түлкіге таяу тұрған лапасты (навес) нұсқайды.
85
Жаңа ғана келіп, дем алып жатқан бұғыны көреді де түлкі баса
-
көктеп
жетіп барады. Тітіркене жиырылып, ыза кернеген
бұғы: «Мені алдауың
жетер енді, арамза зұлым! Маған таянушы болма, жақындасаң
-
ақ
жаныңды жәһәннамға жіберем! Жер танымайтын бөгде біреулерді жер
соқтырарсың, бастарын айналдырып соларды
-
ақ патша сайлай бер, тек
менен аулақ жүр...» дейді. Сонда түлкі: «Қорқақтың қорқағы екенсің
-
ау,
өзің! Біздей достарыңа да сенбейсің бе! Рас, Арыстан сенің құлағыңды
жырып жіберді, бірақ ол өлерінің алдында, осынша ұлан
-
байтақ
патшалықты калай басқарудың мән
-
жәйін үйретіп, өсиетін айтуға
оқталып еді, ал сен тіпті қолың былай тұрсын, аяғыңның бір ұшын
ұсынуды көпсіндің
-
ау! Ол саған қатты өкпелеп қалды, енді таққа
қасқырды отырғызбақ ойы бар. Ай, шіркін
-
ай, амал бар ма, енді біз нағыз
оңбаған патшаға душар болдық
-
ау! Онан да қойдан қоңыр мінез көрсетіп
қолыңды қусырып, асықпай
-
үсікпей
-
ақ, тура кіріп барсайшы; дүниедегі
барлық ағаштар мен бұлақтардың атын атап ант ішейін, құдай біледі
-
ау,
сол арыстан саған қастық істемейді, сен үшін мен де жанымды ортаға
салам ғой, –
дейді. Қорқақ бұғыны осылайша алдап аяр түлкі,
арыстамның алдына екінші рет алып келеді.
Сорлы бұғы үңгірге кіріп барғанда арыстан оны жарып тастайды, ішек
-
қарнын түгел жәукемдеп сүйегіне дейін қажалап дымын қоймайды. Түлкі
телміріп қарап тұрады. Бір қалтарыста Арыстанның көзі ауа бергенде
ақтарылып жатқан бұғының миын түлкі аузына қағып салады, істеген
еңбегінің қаруын қайырады. Бәрін жалап
-
жұқтап болып, Арыстан енді
миды іздейді. Сонда анадай алысырақ тұрып түлкі: «Оны іздеп әуреге
түспей
-
ақ қойыңыз, бұғыда ми болмайды. Арыстанның үңгіріне екі
келіп, оның шеңгеліне өзі іліккен жанда қандай ми болушы еді?!» дейді.
«Тойымсыз шенқұмарлық адамды ақылынан адастырады, төніп тұрған
қауып
-
қатерді де елетпейді» деп түйеді
86
Эзоп (қолжазба –
35
–
37-
бетте, біздің заманымыздан бұрынғы
алтыншы ғасырда, қазір бұған 25000 жыл болды).
Екінші ғасырдағы Бабрийдің «Ауру арыстан және түлкі мен бұғы»
деген мысалында былай толғанады.
«Арыстан ауырды да басы кеткен жерге аяғы кетіп, серейіп, таудағы
үңгірінде жатып қалды. «Аштан өлсін демесең маған бұғының етін
жегіз. Ол осы маңайда орман ішіндегі жыныс қарағайдың арасында
жайылып жүр, ал оны ұстайтын менде қуат жоқ. Сен тек бал тіліңді
емізіп, алдап әкеліп менің шеңгеліме бір іліктіріп көрсеңші,
–
деп өзінің
үзеңгілес досы түлкіге тілегін білдіреді арыстан. Түлкі іздеп барады да
тауып алады: ормандағы көкорай шалғында бұғы асыр салып жүр екен.
Түлкі иіліп сәлем береді де: қуанышты хабар әкелдім! Өзің білесің ғой,
біз қатар тұрамыз, менің көршім арыстан қатты ауырып өлім ауызында
жатыр. «Бүгін таңда мен өле кетсем аң патшасы кім болады?» деген
қалың ойда отыр ол. Әрине, қабан болмас, ол ақымақ қой, аю жалқау, ал
барыс қызба әпербақан, өркөкірек жолбарыс орман өмірін менсінбей
қиыс жүреді, сондықтан әкімдікке бұғы ие болсын, өйткені өзі көрнекті
зор, ұзақ жасайды, мүйіздері де әсем, иір қобызданып тұрады, өгіздің
мүйізін оған салыстыруға да келмейді, айбарынан жорғалаған жылан,
шаянның зәре
-
құты қашады» деп ұйғарды. «Көп мылжыңдамай келте
қайырсам, аң патшасы арыстанның мұрагері сен болдың. Жалғыз
-
ақ
өтінішім бар: ертең патша болғанда осы хабарды елден бұрын жеткізген
мен бейбақты есіңе аларсың. Тек сол үшін ғана келдім. Ал енді мен
жөніме кетейін. Өйткені арыстанның жанында ақылшы болып істейтін
қызметім бар ғой. Ағарған шашыма сенер болсаң ең дұрысы қазір
өзіммен бірге жүргенің ғой, ауырған патшаның көңілін сұрай барасың.
Өлер алдында кім көзге көрінсе, сол ыстық деген елеулі жол осы»
–
дейді: Мекер түлкінің алдап
-
арбауынан бұғының басы айналады. Төнер
пәлені ескермей,
арыстан жатқан тауға қарай тұра жүгіреді.
87
Төсегінен атып тұрған арыстан
шыдай алмай қарсы шабады, тырнағымен
бұғының құлағын сыдырып түсіреді. Қорыққан бұғы жан дәрмен далаға
қарай ыршып шығып, қалың орман ішіне кіреді де жоқ болады, барлық
еңбегі еш болып салы суға кеткен түлкі өкініп алақанын уқалайды. Ал,
өкініш пен аштық екі жақтан жанын жегідей жеген арыстан тістерін
қарш
-
қарш шайнап, ыңырана зарлайды. Тағы бір айла тапшы деп арыстан
түлкіні қайыра қолқалайды. Түлкі толғанып тұрады да: «Бұл өте ауыр
жүк, сөйтсе де енді бір рет көмек берейін» –
деп маңыздана сөйлейді.
Иісшіл төбетше тіміскілеп бұғының ізін кеседі. Неше алуан мекерлікті
ойына тоқып түлкі жүріп келеді, «үсті
-
басын қан басқан бұғы бұл арадан
өткен жоқ па?» деп жолай ұшырасқан бақташыларға сұрау салады.
Білгендердің бәрі де тура жолды мегзейді. Түлкі бір алаңға келеді,
жүгіре
-
жүгіре ақ көбікке шомған бұғы орманды көлеңкелеп,
деміге
солықтап тұр екен. Қымсынбастан түлкі тұп
-
тура бұғының алдына жетіп
барады, Тұла бойы шіміркеніп, жүрегі ауызына тығылады да ыза
кернеген бұғы: «Қайда барсам қыр соңымнан қалмайсың, ал енді менің
алдымда тағы оттауға оқталсаң
-
ақ өзіңе де жайлы тимес, сақтан,
қарағым! Бұқпантайыңды білмейтіндердің басын қатыр, айлаңды асырып
соларды патша сайла да орға жық!»
–
дей бергенде сөзін бітіртпей түлкі
кие жөнеліп: «Сен осынша су жүрек екеніңді таныттың
-
ау! Достыққа
сенбейтін осындай сорлы екенсің
-
ау! Арыстанның саған игі өсиетін
айтып, ізгі
ақыл бергісі келді, сені әбілет басқан ұйқыдан оятпақ үшін
әкелік мейірімін көрсетіп, құлағыңа сыбырламақ болды, осындай ұлы
патшалықты, қалай билеп
-
төстеудің мән
-
жайын бажайлап айтқанда сен
оның сөзін зер сала тыңдауың керек еді, болар
-
болмас жақындағанына
төзе алмай оқыс қимылдап тұра қаштың да, сорлы
-
ай, тек өзіңді өзің
жарақаттадың
-
ау! Енді мезгілді өткізіп алдық, осындай жеңілтек оспадар
қылығыңа, қаша жөнелуіңе арыстан қатты қынжылды, өзінің орнына
қасқырды патша қоймаққа ұйғар
-
88
ды. Ой, шіркін
-
ай, ол патша болып кімді оңдырсын! Алайда амал не?!
Осы төнер тауқыметтің бәріне өзің айыптысың! Тезірек барсайшы, ең
құрығанда осы жолы жүрегіңді тоқтатшы, қорқақ қоянша елегізіп
үрікпеші! Ағаштардың сыбдыраған жапырақтары мен сылдырап аққан
бұлақтың суын түгел куәға тартам, мен саған жақсылық ойлаймын,
арыстан дұшпаның емес, аңдардың патшалығын шын жүректен ол өз
қолыңа тапсырмақ"
–
дейді. Құйқылжыта арбап мекер түлкі аңқау
бұғыны тағы ажалға айдайды. Үңгіріне кіріп барған бұғыны арыстан
жарып тастап тойлайды, етін жеп, сүйегін мұжып кеміреді де бұғының
ішек
-
қарнына шеңгелін салады. Өз еңбегінің қаруын қайтарғанша түлкі
де болар
-
болмас қорек алады –
бір қаға берісте ұрланып барып, бұғының
басындағы миын сорып ішіп қояды. Ал, арыстан бұғының бар денесін
түгел аралап шығады да уыстап ұстап қуыс басты иіскелей бастайды.
Миының жоқтығын байыптап түсіне алмайды. Ақиқатты әдемі жасырып
түлкі сөйлейді: «Сен бекер іздеп жүрсің, бұғыда ми болған емес. Бір рет
құтылып кетіп, арыстанның аузына қайта келіп өзі арандаған аңда ми
қайдан болмақ?»
–
дейді Бабрий (126–
129-
б
).
Бабрий Эзоптан тура аударған, бірақ дәлелдеп, өңдеп шығарған,
өйткені Бабрий Эзоптан жеті жүз жыл кейін шыққан адам ғой.
Бұдан бір жүз жыл кейін Индияда шыққан (үшінші ғасырда) «Кәлилә
мен Димнада» былай айтылады:
«Баяғыда бір арыстан жыныс ағаштың ішінде тұрыпты, оның қалдығын
қорек етіп, қасында жүретін бір шүйе бөрі болыпты. Бір
мезгілде арыстан
қатты ауырыпты, арып
-
ашып қалжырағанда аң аулауға мұршасы
келмепті. Сонда оған шүйе бөрі: «Сен мүлде өзгеріп кеттің, өзіңе
-
өзің
ұқсамайсың. Аңдардың сайып қыраны едің ғой, саған не болды?» –
деп
сұрапты. Арыстан: «Мұның бәрі өзің көріп тұрған аурудың салдарынан
емес
пе, бұдан жазылу үшін,
89
есектің құлағы мен жүрегін жеуден басқа ешбір ем жоқ»,
–
депті. Шүйе
бөрі сонда: «Мен білем, бір шұға жасаушы есегіне киім
-
кешек артып кір
жууға келеді, сол жайылым бізден аса қашық емес. Үстіндегі жүгін
түсіріп, көкорай шалғынға жалғыз өзін қоя береді, мен сол есекті дереу
осында алып келейін. Сонан кейін оның жүрегі мен құлағын не істесең
де өзің білесің ғой», –
депті. Арыстан:
–
Кейінге қалдырмай осыны тезірек орындай көр,
–
десе керек.
Шүйе бөрі жүріп кетіпті де есекке барып:
–
Мен көріп тұрмын, сонша жүдеу екенсің, арқаң неге жауыр болған? –
деп сұрағанда, есек оған:
–
Мұның бәрі ана шұға жасаушы залымның салдарынан, сол мені
жұмысқа көп жегеді, тамақ бермей шөміштен қысады,
–
деп жауап
қайырыпты. Шүйе бөрі:
–
Сен бұған қалай шыдап жүрсің? –
дегенде, есек:
–
Ал сонда не амал істемекпін?
–
депті.
–
Адамның аяғы баспаған, шөбі шүйгін, оңаша орынды көрсетейін
мен саған. Онда асыл тұқымнан шыққан әдемі мәші есек тұрады. Ондай
сұлуды сен еш уақытта көрген емессің. Оған айғыр керек, –
депті. Әңгі
есек тебірене толықсып:
–
Екеуміз де сонда барсақ қайтер еді? Оны былай қойып, тек
сенімен достасқым келген күнде де мен бірге кетер едім,
–
депті. Сөйтіп
екеуі арыстанға қарай беттепті. Шүйе бөрі бұрынырақ келіп
хабар
беріпті. Арыстан атып тұрып, есекке қарсы ұмтылыпты, бірақ ұстай
алмай калыпты, ол қашып құтылыпты. Сонда шүйе бөрі арыстанға:
–
Бүлдірдің
-
ау, сен! Есекті әдейі жеке тастап кетіп едім, мені сорлатқың
келді ме, неге тарпа бассалдың? Оны сен ұстай алмасаң, менің
патшамның есекті ұстап
алуға мұршасы келмесе, онда біз құрыдық қой,
–
депті. Арыстан ойланыпты:
–
Егер есекті әдейі қоя бердім десем, онда шүйе бөрі мені ақымаққа
балар еді, ал егер, ұстап алуға әлім кел
-
90
меді десем онда қуатсыз нашар деп білер еді, –
деп толғапты да:
–
Есекті сен екінші рет осында ертіп келе алсаң, мен саған сол есек
жөнінде өзің қолқалап жүрген әңгімеңді айтып берер едім, –
депті. Шүйе
бөрі:
–
Болған істі есек көзімен көрді, мен енді оған қайыра барсам, онда
амал қолданып, алдауым керек болар,
–
депті де есекке қайта барыпты.
Есек мұны көре салып:
–
Менде қандай бұйымтайың бар?
–
деп сұрапты. Сол арада шүйе бөрі:
–
Менің саған жақсылық істегім келеді. Қатенің бәрі шексіз
құмартудан шықты ғой. Саған тұра шапқан, әлгі өзің көрген хайуан мәші
есек еді, ол туралы мен саған айтқан болатынмын, ондай көріктіні сен
өміріңде көрген жоқсың. Құштарлықтың қуаты билеп шыдатпады, саған
тұра ұмтылды, егер сен бір минут кідіргенде сенің мәңгі жарқосағың
болар еді. Қатенің бәрі күшті
елтудің салдарынан туады ғой, –
депті.
Мәші есек туралы екінші қабат естігенде әңгі есектің құмартуы
құйынша көтеріліп, ол шүйе бөріге еріп жүре беріпті, келген мезетте
арыстан бас
салып оны жарып тастапты. Есекті жайғап болыпты да ол
шүйе бөріге қарап:
–
Мен дәріні былай қабылдамаймын, ең әуелі жуынам, сонсоң құлақ
пен жүректі жеймін, ал қалғанын құдайыға тартам. Мен жуынып
болғанша, сен есектің етін қарай тұр, сонсоң өзім қайтып келем, –депті.
Арыстан кетісімен шүйе бөрі есектің құлағы мен жүрегін жеуге кірісіпті,
ол сонда арыстан құлақ пен жүректің жоқтығын көрген соң қалған етін
де жемес, құдайыға да тартпас деп сеніпті.
Арыстан қайыра келіп: «Есектің жүрегі мен құлағы қайда? –
деп
жазғырғанда, шүйе бөрі оған: –
есекте құлақ пен жүректің жоқ екенін
сен білмеуші ме ең, егер ол екеуі бар болса, аман
-
есен бір құтылғаннан
кейін екінші
рет тағы
91
келмес еді ғой, –
депті. Арыстан шүйе бөрінің сөзіне шүбәсіз сеніпті»
–
деп толғайды .
Италия, Греция жерінде бұғы кездессе, Индияда сол бұғының міндетін
есек атқарады. Түлкінің орнына мекерлікті шүйе бөрі (қасқыр) жасайды.
Сөз кестесі де біріне
-
бірі үйлесіңкіремейді, бірақ негізгі ойы бір арнада.
Әр елдің өз жерінде көріп жүрген жәндіктер, өздеріне таныс уақиғалар
көрсетіледі.
Қазақ елінде арыстан, қасқыр, түлкі мен түйе жолдас болады. Түлкінің
мекерлігі түйенің түбіне жетеді. Ойлары бір болса да кейіпкерлері бөлек
-
бөлек.
Мысалдар түрлі жағдайға арналады, пеше алуан кәсіп иелерінің
орашолақтығын әжуалайды. Тілі өткір, ойы келте қайрылады да өмір
бойы ұмытылмай есте қалады.
«Надан дәрігер»
атты мысалында Эзоп былай толғайды:
«Өзінің мамандығын (кәсібін) білмейтін бір дәрігер болыпты. Бұрын
басқа дәрігерлерде емделіп жүрген бір адамды осы дәрігердің емдеуіне
тура келіпті. Бұрынғы дәрігерлері бұған: «Ауруыңыз аса қатерлі емес,
сөйтсе де төсекте ұзағырақ жатып қаларсыз» деседі екен. Әлгі надан
дәрігер келіпті де: «дүниелік шаруаңыздың бәрін реттеп қойыңыз, қалған
өміріңіз осы таңға жетпес»
–
деп кесіп айтыпты да шығып кетіпті. Арада
біраз уақыт өтіпті. Арып
-
шаршаған науқас аяғын тәлтіректей басып, таза
ауаны жұту үшін тысқа шығыпты. Әлгі дәрігер ұшыраса қалыпты:
«Амансың ба, әй!
Ана дүниеде қалай өмір сүріп жатырсың?» деп сұраса
керек. Сонда науқас адам: «Ақыреттегілер кеусер суын ішеді екен, ол
жерде сондай тиыштық, тіпті қой үстіне боз торғай жұмыртқалайды. Тек
осы жуырда Ажал мен Дозақ екеуі бас қосып, ауруларды өлімнің уысына
бермейтін дәрігерлер екен, солардың бәрін жапа
-
тармағай қыру керек
деп үлкен тізім жасапты. Сені де сол тізімге жазып қойыпты. Мен қатты
қорқып, жан ұшырып аяқтарына жығылдым, жалбарына жыладым, оған
дәрігер атағы қатеден таңылған, ол нағыз
дәрігер емес еді»
92
Достарыңызбен бөлісу: |