йінгі мезгілде Лопе де Вега жазған «Шөптің үстінде жатқан ит» дейтін
пьесасы осыдан туған болар.
Ой
-
сананың ауысуы әр түрлі салада жүреді, ауыздан ауызға көшеді,
жазба әдебиет арқылы тарайды. Әр ұлттың
тілінде жүрген жеке
-
жеке
сөздерден талай
-
талай ойлардың ауысқанын табамыз.
Мысалы, қазақта «өзі бір отырған күрез ғой»
–
дейтін сөйлем бар.
Осыны айтушы адам «күрездің» төркінін түсінбейді, тек отырған
адамның паңдығын білдіреді. «Екеуіміздің Крез емес екенімізді, сенің
үйің патша сарайы еместігін Кирсанов өте жақсы біледі»
–
дейді Н. С.
Тургенев («Әкелер мен балалар» –
20 бетінде). «Бұл кісі туралы талай
ертегілер айтылған дала крезі ғой» –
дейді Д. Н. Мамин
-
Сибиряк
(«Астық» 2, 1). «Біз төсекке Крез боп жатамыз да, Ир болып
түрегелеміз» дейді В. Г. Белинский. Н. С. Ашукин мен М. Г. Ашукина
құрастырған «Қанатты сөздер» атты кітаптың 283 бетінде де Крездің
аты, кім екендігі айтылды. Ендеше, ежелгі Лидия патшасы Крезді
немесе Геродот тарихын сахарада көшіп жүрген ел білді деу қате болар
еді. Сондықтан бұл «күрез» біздің елге екі жолмен келуі мүмкін.
Біріншіден XIX ғасырдағы орыс әдебиетінен алынады немесе араб
-
фарсы, тәжік
-
өзбек тілінен келіп ауысуы да
ойға сияды Бірақ біз
көбінесе орыс әдебиетінен келгендігін қолдаймыз, өйткені осы «Күрез»
деген сөзді оңтүстік қазақтары біле бермейді, бұл тек Орталық
Қазақстанда ұшырайды.
«Жалған мен шындық» атты мысал Ромулда кездеседі. Татардың
атақты ақыны Абдулла Тоқай Шекспирден аударады. Осы күні ауызша
анекдот болып тарап кеткен.
Халық арасында дәнекер болып бірден
-
бірге ой
ауысады, бұл түрлі
арнада жүріп жатады. Ұзақ эпос
-
ертегілер сабақтасады, қысқа мысалдар
көшіп
-
қонып жүреді. Жеке мақал
-
мәтелдер, тіпті дара сөздер де бір
елден екінші елге келіп қонақтайды.
Қазақ халқының ең алғаш нәр алғаны шығыс мәдениеті, батыс
жұртына –
орыс халқына кейінірек жақындап, қоян
-
қолтық ара
-
95
ласқан сияқты. Араласудың тіліміздегі ізін кейінгі тарауда сөз етпекпіз.
Онда араб
-
фарсы тілінің әсерін айта өтіп, орыс тіліне көшпекпіз.
Ауыс
-
түйістің күшті
кезеңі XIX ғасырдың орта шені, оның артынша
революциядан кейінгі дәуір қамтылады. Аударма әдебиетінің төл
әдебиетке мол әсерін тигізгені де, мәдениетіміздің шеңбері де осы кезде
күшейгені кеңінен сөз болады.
Достарыңызбен бөлісу: